Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ашық сабақ. Бастауыш сынып. Тақырыбы: "Жас математик"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ математикадан
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: «Жас математик»


Сабақтың мақсаты:Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру,алған

білімдерін пысықтау.Өлең- есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақ-

ты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін

айта білуге қалыптастыру. Ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа,

туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, ізденушілік, ойын,құрастыру.

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, санамақ, викторина, итер/к тақта, тест,ертегі есеп, өлең есеп, слайд.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

-Құрметті ұстаздар,оқушылар 2 сыныптар арасында өтетін «Жас математик» атты танымдық сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.

Сайыс сабағымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек.Дұрыс айтылған жауаптарды күн, ай, бұлт суреттері арқылы бағалап отырамыз. Яғни, күн 5 ұпайды, ай 4 ұпайды, бұлт 3 ұпай-

ды білдіреді.Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик»номинациясына ие

болады.Ал аз жинаған топтарды сайысқа белсене қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.

Алдымен оқушыларымызды топқа бөліп алайық. Балалар қазір мен сендерді 1-4-ке дейін санап шығамын. Ал сендер аталған сандарды естеріңе сақтап алыңдар. Жарайма.(Оқушыларды отырғызып аламын ).

Ал енді қазір мен алдарыңа қырқылған қағаздарды тастаймын. Сол қағаздардан шыққан сурет бойынша тобымыздың атын табамыз.Музыка ойнаған кезде дөңгелене айналып билейміз, тоқтаған кезде қырқылған қағаздарымызды желімдейміз.(Оқушылар жұмыстарын аяқтап, топтарының атын табады).

Міне тобымыздың атын біліп алдық.

1-топ «Үшбұрыш» 2-топ «Шаршы» 3-топ «Төртбұрыш» 4-топ «Дөңгелек»

Уа, халайық, халайық

Бәріне жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып, шалқысып,

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шешу шашайық

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ, есеп бәрі бар




Ал,сайыскер балалар

Білімдеріңді сынайық.


Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды).

«Жасыл дала, құлпырған қып-қызыл гүлдер, сарқырап аққан мөп-мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген күн сәулесі.»

Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық


Арайлап нұрлы таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырап әсем табиғат,

Желекке бөлеп аймақты.


Оқушылар қандай көрініс көріп тұрдық? Әсем табиғаттың.

Ендеше мен сендерге проблемалық ой тастағым келіп тұр.

Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата-анасымен бірге көлдің жағасына демалуға барады. Асқар мен Болат суға шомылып,күнге қыздырынып болған соң, анасы оларды тамақтануға шақырды.Тамақтанған соң ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді. Қарбызға тойған соң, олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады.Анасы тамақ ішкен ыдыстарын салып алды да, тамақтың қалдықтарын көлге лақтырып, қалған қоқыстарын жинамастан балаларына:

-Тез машинаға отырыңдар, үйге қайтамыз-деді.Сөйтіп олар машинаға отырып кете берді.

Табиғатымыз қоқыстанған, ластанған. Соны тазалау үшін,өз үлестеріңді қосула- рыңды сұраймын.Ол үшін 1-ші тапсырма «Сөзжұмбақты» шешуіміз қажет.

Сонда әсем табиғатымыз қоқыстан тазартылады.


Ей, балалар, балалар,

Қане бері қараңдар

Сайысымызды бастайық

Сөзжұмбақты қиналмай

Лезде шешіп тастайық.


1-топ «Үшбұрыш»

а

з

а

й

т

у






ғ

а

с

ы

р






б

і

р



с

а

н

т

и

м

е

т

р



с

а

ғ

а

т






б

а

т

а







т

ү

й

е













1.Кеміту амалы. (Азайту).

2.Уақыт өлшем бірлігі.(Ғасыр).

3.Бір таңбалы сан. (Бір).

4.Өлшем бірлігі.(Сантиметр).

5.Уақыт тілі. (Сағат).

6.Ақсақалдар беретін тілек.(Бата).

7.Үй жануары. (Түйе).


2-топ «Шаршы»


а

с

х

а

н

а




қ

о

я

н







л

и

т

р


к

і

т

а

п






а

й

н

а



ж

а

п

ы

р

а

қ





қ

ы

р

ы

қ


1.Ас ішетін орын. (Асхана).

2.Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады.(Қоян).

3.Массаның өлшем бірлігі. (Литр).

4.Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.(Кітап).

5.Бет-бейнемізді көрсететін зат. (Айна).

6.Ағаштың сәні не? (Жапырақ).

7.Ондықтан құралған сан. (Қырық).


3-топ «Төртбұрыш»






т

ө

р

т




ж

а

с

ы

Л



ж

ү

з








а

л

м

а



ж

а

л

а

у


ж

а

л

ғ

ы

з







қ

ы

з











1.Бір таңбалы сан. (Төрт).

2.Түс түрі. (Жасыл).

3.Ең кіші үш таңбалы сан. (Жүз).

4.Жеміс түрі. (Алма).

5.Ту сөзіне мәндес сөз. (Жалау).

6.Бір сөзіне мәндес сөз. (Жалғыз).

7.Жаңбыр жауса жердің көркі ... өссе елдің көркі. (Қыз).



4-топ «Дөңгелек»





а

д

а

л






ш

е

ң

б

е

р





н

а

н







с

ү

й

і

р





а

у

ы

р



қ

о

с

у









л

а

қ



ш

а

р

ш

ы









қ

ұ

л

а

қ


1.Арам сөзіне қарама-қары сөз. (Адал).

2.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. (Шеңбер).

3.Қасиетті ас. (Нан).

4.Бұрыш түрі. (Сүйір).

5.Жеңіл сөзіне қарама-қарсы сөз. (Ауыр).

6.Амалдың түрі. (Қосу).

7.Ешкінің төлі. (Лақ).

8.Қабырғалары тең тік төртбұрыш. (Шаршы).

9.Есту мүшесі. (Құлақ).


Жарайсыңдар! Әсем табиғатымызды, суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады. Таза ауамен дем алсақ, денсаулығымыз да мықты болады. Табиғатты аялайық!

Міне оқушылар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында: «Қазақстан ауасы таза, суы- мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс», - деген болатын.

-Балалар, біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса аламыз?

-Қоқыстан тазалаймыз, ағаш отырғызамыз, гүл егеміз.

Ендеше балалар, табиғатымызды таза ұстап, қамқорлыққа алу, гүлдер егіп, дала-

мызды жасыл желекке айналдыру – болашақ ұрпақ сендерге байланысты.

Сондықтан өз үлесімізді қосайық.


«Ағаш отырғызамыз»

Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ, ол дұрыс өспей қалады.Ал сендердің ағашты дұрыс отырғызғандарың, тапсырманы дұрыс орындағандарың болып саналады.


2-тапсырмамыз ағаштардың тапсырмасы.

«Баспалдақ ойыны»

1-топ «Үшбұрыш» 2-топ «Шаршы» 3-топ «Төртбұрыш» 4-топ «Дөңгелек»

24+2=36 35+2=37 36+2=38 27+2=29

38- 8=30 67-7=60 38-30=8 67-60=7

72+2=74 25+3=28 24+3=27 64+3=67

80-20=60 90-40=50 70-30=40 50-40=10





-Тағы қандай үлес қосамыз.

-Гүл егеміз.

-Жақсы. Бірақ гүл егу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Оны баптап күту қажет.


«Қызғалдақ гүл» тапсырмасы. Бұл 3-тапсырмамыз.

Бейне сұрақ. Шертанова А.

1-топ «Үшбұрыш»

«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.

Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:- «Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалма-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынандай өлең айтыпты:

Сапырып-сапырып Арманға бер,

Құйып-құйып Алмасқа бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іште, маған бер,-деген екен. Мұны естіген ұрылар:- «Қой мұнымыз болмас үй толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік»,- деп кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығы-мен ұрыларды осылай қорқытыпты.

Менің сұрағым: Сонда үйде неше адам бар? (10 адам бар).


2-топ «Шаршы»

Раушан гүл тапсырмасы.

Бейне сұрақ. Шепетова Мейрамкүл.

«Күлшеқыз» ертегі есеп.

Күлшеқыз(Золушка) сағат 12-де үйіне қайтуға асықты.Сатымен төмен қарай түсіп келе жатып, туфлиының бір сыңарын түсіріп алды.

Сатының 21 баспалдағы бар. Туфлиының бір сыңары жоғарыдан санағанда 10-шы баспалдақта түсіп қалды.

Менің сұрағым: Бұл баспалдаққа Күлшеқыз төменнен санағанда қандай нөмір береді? (12 нөмір береді).


3-топ «Төртбұрыш»

Түймедақ гүлі тапсырмасы.

Бейне сұрақ.Төрежанова А.

«Ертөстік» ертегі есеп.

Ертөстік таңғы сағат 4-те дүниеге келіп, сағат сайын 1 айға толып отырды.Баланың түскі уақытта оның тұсауы кесілді.

Менің сұрағым: Тұсауы кесілген сәтте Ертөстік неше айлық еді?(9 айлық еді).








4-топ «Дөңгелек»

Бақбақ гүл тапсырмасы.

Бейне сұрақ. Исаева Г.

«Тазша бала» ертегі есеп.

Хан уәзірлері мал бағып жүрген Тазша баладан «Падаңда неше бас мал бар?-деп сұрағанда Тазша бала былай деп жауап береді:

Егер падамда 40 сиыр болса, осыдан 10 бас артық қойым бар. Қой мен сиырдың басын қосқанда ешкілер саны шығады.

Менің сұрағым: Падада барлығы неше бас мал бар?(180 бас мал бар).


Сергіту сәті.


Енді әсем табиғатымызға көрік беретін құстарымызды шақырайық.

Құстар біздің досымыз

Біз қамқоршы боламыз

Құстарға ұя саламыз

Жем су беріп жаз бойы

Балапанын бағамыз.


1-құс Аққу тапсырмасы Бұл 4-тапсырма.

Математикалық викторина.


15 шырпыдан метр деген сөзді құрастыру керек.

Барлық топқа ортақ тапсырма.


2-құс Кептер тапсырмасы. Бұл 5-тапсырма.

Математикалық өлең есеп.


1-топ «Үшбұрыш»

Көлден ұшты 50 қаз,

Қайтып қонды 20 қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Қане кім тез шешеді? (30 қаз).



2-топ «Шаршы»

100 асықтың 30-ын,

Досым сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолымда қалады?(70 асық).








3-топ «Төртбұрыш»

Табақта 55 алма

Қолымда 5 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма? (60алма).


4-топ«Дөңгелек»

11 түйе, 5 жылқы,

2 сиыр, 1 ешкі,

2 қоян,3 түлкі,

Неше болды барлығы? (24)


Жарайсыңдар балалар.


3-құс Торғай тапсырмасы. Тест. Бұл 6 тапсырма.

1-топ «Үшбұрыш» 2-топ «Шаршы» 3-топ «Төртбұрыш» 4-топ «»Дөңгелек»

1.Амалды орында: 1.Амалды орында:

27+42 28+32

а) 69 а) 60

ә) 47 ә) 61

б) 29 б) 62


2.1 жылда қанша ай бар? 2. 1 аптада қанша күн бар?

а) 12 а) 7

ә) 18 ә) 14

б) 36 б) 21


3.Сатылғаны-10л 3. Кесе-70 теңге

Қалғаны- 30л Қасық -30 теңге

Болғаны- ? л Барлығы -? теңге

а) 10 а) 40

ә) 33 ә) 90

б) 40 б) 100


4.Салыстыр: 8жүзд. * 6жүзд. 4. Салыстыр: 9жүзд.* 5жүзд.

а) > а) >

ә) < ә) =

б) = б) <


5. Минутпен өрнекте: 5.Сағатпен өрнекте:

2 сағ. 20 мин 1 тәулік 4 сағ.

а) 120 мин. а) 20 сағ.

ә) 140 мин. ә) 28 сағ.

б) 160 мин. б) 24 сағ.



Тестерімізді болсақ тапсырамыз.


Математика

Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,

Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрін де

Математика- Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

Келесі 7-тапсырма.

«Қызықты тапсырмалар»

1-топ «Үшбұрыш»

1.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 бұзау,1 тауық н/е 1бұзау,3 тауық).


2-топ «Шаршы»

2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді.Барлығы неше балық болды? (Балық суда болады).


3-топ «Төртбұрыш»

3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина,мотоцикл,велосипед) дөңгелектерінің саны 10 болды. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл,велосипед тұр? (1 жеңіл машина, 2 мотоцикл, 1 велосипед тұр).


4-топ «Дөңгелек»

4.Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді, 2-еуі түсіп қалды. Қайыңда неше алма қалды?

(Қайыңда алма өспейді).


Бәрекелді!

-Осымен, балалар «Жас математик» атты танымдық сайыс сабағымызды аяқтаймыз. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып, табиғатымызды қорғай білейік, оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді.

Топтардың ұпайларын санап, жеңімпаз топты анықтап «Жас математик» номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топтарға белсенді қатысқандары үші «Алғыс хаттармен» мадақтап, марапаттаймыз.

Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет.

Сау, болыңыздар!











О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебі КММ




Сайыс сабақ


Тақырыбы:

«Жас математик»













Дайындаған: Ерназарова Н.А.

Сидикова Г.М.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
894
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12