Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Бастауыш сынып. Тақырыбы: "Мен жас кемеңгермін"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



«О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебі» КММ









Тақырыбы:

«Мен жас кемеңгермін»













Дайындаған: Сидикова Г.





Тақырыбы: Мен жас кемеңгермін.

Мақсаты: Қазақстан халқының кемеңгерлерімен таныстыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, сыни тұрғыда ой қорыта білуге жетілдіру. Өз ойын еркін айта отырып, тапсырмаларды өз беттерінше орындау.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтық жұмыстар.

Түрі: сайыс сабақ.

Әр тапсырмада жалаушамен бағалап отырамыз.

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


1.

3 мин

1.Кіріспе сөз.

Топқа бөлу. Қазақ халқының бір туар кемеңгері А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллиннің өлең-шумақтары арқылы бөліну.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1-топ. Абай

2-топ. Ахмет.

3-топ. Сәкен.

2.

2 мин

Мен қазақпын, дарынмын кемеңгермін,

Топырағынан нәр алдым, туған жердің.

Тәубасына түсірдім міне бүгін,

Ел болмайды қазақтың дегендердің.


3.

3 мин

Ал, енді балалар бейнебаянға назар аударыңдар.

Қазақ халқының кемеңгерлері туралы мағлұмат.


Танысады.

4.


1-тапсырма. «Кім тез жауап береді?» Сұрақ-жауап.

1-топ.

1.Мектепте тәуелсіздік мерекесі болып жатыр, (өйткені, биыл Тәуелсіздікке 25 жыл)

2. Оқушылар сыныпқа кірді, (өйткені, қоңырау соғылды)

3.Далада қар жауды,(өйткені қыс келді)

4. Қарлығаштың құйрығы неге айыр, (өйткені айдаһар құйрығын жұлып алған)

5.Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би, неге би атанған(өйткені олар ақылгөй, шешен, орақтілді, данышпан)


2-топ.

1. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. (өйткені күн суытты)

2.Қобыланды, Қабанбай, Наурызбай, Алпамыс неге батыр атанған? (өйткені олар елін-жерін қорғаған, намысшыл азаматтар)

3. Бата беріледі. (өйткені батамен ел көгереді).

4.Анаға қарыздармыз(өйткені бізді дүниеге әкелген)

5. Менің Отаным Қазақстан (өйткені мен қазақстанда туылдым).


3-топ.

1.Президентіміз Н.Назарбаев( өйткені ол елбасымыз)

2.А.Құнанбаев кемеңгер (өйткені , ол ақылгөй)

3.Отан отбасынан басталады(өйткені отбасы кіші мемлекет барлығы отбасынан басталады)

4.Сөз сүйектен өтеді.(өйткені сөз арқылы жақсыны да, жаманды да жеткізеді)

5. Тәуелсіздігім – еркіндігім (өйткені еркін өмір сүруге, мектепте тегін оқуға құқылымыз)


4.

5 мин

2-тапсырма.

«Ойшыл болсаң, озып көр» әр топ өз аттарына байланысты постер қорғап, өлең құрастыру.

Постер қорғайды. Өлең шығарады.

5.

5 мин

3-тапсырма.

«Мәнерлеп оқу» сайысы. Әр топ оқушылары қазақ ақындарының өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқу.

Мәнерлеп оқу.

6.

6 мин

4-тапсырма. «Сөз мәйегі - мақал» әр топтан бір оқушы шығып, екі мақалдан алып, топ мүшелеріне сурет салу арқылы түсіндіреді.

Мақалдар.

1.Мектеп кеме – білім теңіз.

2.Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

3.Ас атасы – Нан.

4.Бала тілі – бал.

5.Оқу инемен құдық қазғандай.

6.Қызды қырық үйден тыю.

Топ мүшелері мақалды табады.

7.

6 мин

5-тапсырма.

«Өтірік өрге баспас»

«Адасқан әріптер» ойыны арқылы сөзді тауып, сол сөзді қатыстырып өтірік өлең құрастыру.

1.етмепк (мектеп)

2.іпакт ( кітап)

3.ліміб (білім)

Балалар адасқан әріптерді орнына қойып, сөзді тауып, сол сөзді қатыстырып өтірік өлең құрастырады.



А.Құнанбаевтың өлеңімен аяқтаймыз.

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл, артық білуге,

Артық білім кітапта

Ерінбей оқып көруге.

Әр топ ұпай бағаларын санайды.

8.

2 мин

Кері байланыс.

«БББ» әдісі

Соңында жеңімпаз топ аталады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
571
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12