|
Бөлім
|
САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
|
|
Педагогтің аты-жөні
|
Кульмагамбетова Гульжазира
Сериккалиевна
|
|
Күні
|
21.01.2024
|
|
Сынып: 2
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
4-сабақ. Бата – жақсы тілек
|
|
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары
|
2.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөздік,
анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу;
2.2.5.1 мәлімет, кейіпкер, оқиғаларды салыстыру
негізінде қарапайым пікір («мен ... деп ойлаймын», «мен ... деп
санаймын», «маған ... сияқты», «маған ... тәрізді»)
білдіру.
|
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар жасай алады: қажетті ақпаратты
табады, пікірін білдіреді.
Оқушылардың көбі жасай алады: мәтінді тыңдап,
қажетті ақпаратты табады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: өлеңді
толықтырып, өз пікірін білдіреді.
|
|
Сабақтың кезеңі/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың
басы (5 мин)
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Кездесу» ойыны.
|
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама-қарсы
айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап,
сыныптасының қасиетін айтады.
|
ҚБ:
|
музыка
|
|
Сабақтың ортасы (35 мин)
|
Жаңа сөздер: бата, тілек, көгереді,
дана.
1-тапсырма. Тыңдайық.
Бата – жақсы тілек. Батаны жасы үлкен адамдар
береді. «Батамен ер көгереді, жауынмен жер көгереді» дейді дана
халқымыз.
Дәптердегі №1 тапсырма. 2-тапсырма.
Оқиық.
Кім бата берді? Қандай бол деді?
3-тапсырма. Жауап берейік.
Дастарқаның мол болсын!
|
«Тақырыптық теннис» әдісі.
Жаңа сөздердің мағынасын ашады.
Сұрақтарға жауап береді.
Бата деген не?
Батаны кімдер береді?
Дәптермен жұмыс. Мәтінмен жұмыс.
Дескриптор:
жаңа сөздердің мағынасын ашады;
мәтінді мұқият тыңдайды;
сұрақтарға жауап береді;
мәтінді оқып, сурет бойынша сөйлемдер
құрайды.
Жақсы тілектер айтып үйренейік!
«Зуылдақ» әдісі бойынша батаны жатқа
айтады.
|
ҚБ: қолпаштау
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі
ҚБ: «Отшашу» әдісі
|
жаңа сөздер
сюжетті сурет
сұрақтар
интербелсенді тақта
бата сөздер
|
|
|
Абыройың зор болсын!
Абзал досың көп болсын! Берген батам сол
болсын!
|
|

|
|
|
|
|
Сергіту сәті. Үлкенге де сіз, Кішіге де
сіз.
Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз.
|
|
|
|
|
Дәптердегі №2 тапсырма. 4-тапсырма.
Жазайық.
«Өлеңді ұйқастыру» стратегиясы.
Ақылды ата, Береді ... .
Батаны тыңдап, Өседі ... .
|
Дәптермен жұмыс.
Өлеңді толықтырып жаз. Бала, бата сөздерін
қолданып, өлеңді ұйқастырып құрастыра алуға үйрету.
Дескриптор:
жақсы тілектер айтып үйренеді;
өлеңді толықтырып жазады;
өлеңді жаттап алады.
|
ҚБ:
«Комплимент»
|
|
|
Сабақтың соңы (5 мин)
|
Кері байланыс.
«Сұрақтар тармақтары» әдісі.
|
Сұрақ-жауап.
1. Бата деген не?
2. Батаны кімдер береді?
3. Атаң қандай бата береді?
|
|
сұрақтар қорабы
|
|
Үй тапсырмасы
|
|
41 бет 4- тапсырма
|
|
|