«Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі»
КММ
Тақырыбы: «Батыр
Баян»
8-сынып

Пән мұғалімі: Сейтқазы
Ж.М.
2016-2017 оқу
жылы
Күні:
Сыныбы:
Сабақтың
тақырыбы:
Мағжан
Жұмабаев
«Батыр Баян»
поэмасы
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға
поэма туралы,оның әдеби, тарихи мәні, ондағы кейіпкерлер әлемі,
поэмадағы автордың әдеби қолданысы туралы мағлұмат
беру.
Дамытушылық:Оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттыру,ізденушілік қабілетін жеке
көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды елін,
жерін сүюге тәрбиелеу
Сабақ түрі: Білімді
жүйелеу, жинақтау.
Сабақ әдісі: Дамыта оқыту
технологиясы , жобалау технологиясы
(Қ.Бітібаев),топпен
жұмыс, жеке
жұмыс, талдау, эссе жзау, кесте
толтыру
Көрнекілігі: слайдтар,
суреттер
Пәнаралық байланыс:
тарих,қазақ тілі
Сабақ
барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта
психологиялық ахуал туғызып, сыныпты екі топқа бөлу.(белгілі
авторлар мен оның шығармаларын
сәйкестендіру)
ІІ.Жаңа сабақ. (5
мин) Жаңа сабақ тақырыбына
шығу. Сандар сөйлейді.
3-1-25-37-23
3-1-42-18
22-20-40-17-1

Арыстанмын, айбатыма кім
шыдар?
Жолбарыспын,
маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт,
жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі -
желдің жөнін кім сұрар?
Мағынаны тану.
ПОЭМА
дегеніміз не?
М.Жұмабаевтың поэмаларын
ата.Мағжанның
поэмалары: Жүсіп хан,
Қорқыт, Батыр баян.
Балалар,
біз XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мағжанның
«Батыр Баян» поэмасымен
танысып
өттік. XVIII ғасыр – қазақ тарихындағы ел тағдыры
сынға түскен түйінді кезең. Бұл атамекенді жат жерлік
басқыншылардан азат ету жолындағы Отан соғысында Абылай хан,
Қабанбай, Бөгенбай сынды қолбасшылардың бастауымен бір жұдырықтай
түйілген батыр бабалармыздың жанқиярлық ерлік өнегесін тарих
беттеріне өшпестей етіп қашаған кезең еді. Иә, тарих – шындық.
Поэма сюжеті XVIII ғ. қазақ-қалмақ арасындағы аласапыран, қиын-
қыстау күрделі заманды бейнелеп, ұлт азаттығы, халық бостандығы
жолында жан аямай күрескен, тарихта болған Баяндай батырдың басына
құрылады. Сондықтан Мағжан қазақ азаматтарына әрі сын тағып, әрі
ауыр міндет жүктеп, олардың алдына Абылай хан мен Батыр Баянды
идеал етіп ұсынады. Олардың ерлік, даналық, адамдық істерін санада,
жүректе жаңғыртады. Мінеки, сондықтан бүгінгі сабағымызда «Батыр
Баян» поэмасы бойынша талдау жұмыстарын
жүргіземіз.
І.
«Батыр Баян» поэмасында қандай
мәселелер қозғалды? деген сауал көлемінде ой
қозғау. Топтық жұмыс.Оқиға
картасы. (10 мин)
1-тапсырма: Шығарманың құрылымы бойынша постер
қорғату арқылы поэма мазмұнын еске түсіру.
І,ІІ
топқа –
оқиғаның басталуы, дамуы, оқиғаның шиеленісуі, шарықтау шегі,
шешімі. Бейнематериал көрсету. (3
мин)(бағдаршам әдісі)
ІІ.Реттік талдау.
(3 мин)
-
Аты:
-
Авторы:
-
Тақырыбы:
-
Идеясы:
-
Кейіпкерлері:
(бағалау бас бармақ
әдісі)
ІІІ. Кесте толтыру. (2
мин)
жағымды Тжағымсыз
(бағдаршам әдісі)
ІІ.
Алгоритмдік саты.
Топтық жұмыс (3
мин)
Кейіпкерлерді
топтастыру.
Абылай
-данагөй
басшы,
айбынды
батыр, халық қамқоры, елінің тәуелсіздігін аңсаған
хан.
Батыр
Баян-
Абылайдың
сенімді серігі,
батыр,
өжет,
ақылды,
опасыз бауырын атып
өлтіреді.
Қалмақ
қызы-
сұлу,
қайсар,кекшіл, өжет, туған жеріне, еліне адал,
айлакер.
Ноян
-батыр,махаббатына адал, еліне, ағасына
опасыз,көрсеқызар.
(бас бармақ әдісі арқылы
бағалау)
ІІІ.
Жеке
жұмыс.
Шығармадан
үзінді беріліп, кімнің айтқан сөзі екенін табу. (5
мин)
1 Қалауы
бар, Ноян
батыр,
Адасқан аққу
құстай мен бір
пақыр.
Арқаның аруы
боп жүрсем
дағы,
Алыста туып
өскен елім жатыр.
(Қалмақ
қызы)
2 Жоқ, әлде
жоқ, жоқ, әлде өлтірдім
бе
Інімді алты
алаштың намысы үшін?
(Батыр
баян)
3 «Жарайды
даярмын» деп айтып салды.
(Ноян
батыр)
4 Құл болса
бір қыз үшін
балдырғаны
Алашқа бұдан
ауыр шер болар ма?
Ноян
батыр
5 Алдияр, ел
ағасы, ханым
дана,
Алашқа ауыр
күнде болған
пана.
Кінәлі
кешігіп келіп енді
алдыңа
Келді ерің,
іші жалын, жаны
жара.(Батыр
Баян)
6. Қарады, қыран сөзі қысқа
болды:
«Таң ата жүреміз!» деп берді
жарлық.(Абылай хан)
(смайликтер арқылы
бағалау)
ІV.Бекіту. Бейнематериал көрсету.
ІІІ.
Рефлексия.(5 мин)
«Ноянның
өліміне кім кінәлі?» тақырыбына эссе
жазу. (смайликтер арқылы
бағалау)
Пікірталас (2
мин)
Проблемалық
сұрақ:
Баян батырдың
іс-әрекеті.
1.Іс-әрекеті
дұрыс.
2.Іс-әрекеті дұрыс
емес.
Кері
байланыс жасау. (1
мин)

Бәрі түсінікті, өзіме көп
мәлімет алып кетемін.
Ә
ліде ой өзегінен
өткізетін жерлері бар
Т
үк керегі жоқ.
V.Үйге тапсырма :Үйге
тапсырма: шығармадан ақын монологын тауып жаттау, қазақ-жоңғар
шапқыншылығы туралы мәлімет жинау.
(2 мин)
VI.Бағалау. (1 мин)