жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Батыр туса- ел ырысы 3 сынып
Алматы облысы Талғар
қаласы
А.Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта
мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Асылжанқызы Венера
Сабақ жоспары
|
Күні: |
Сыныбы: 3 « » Пәні: Әдебиеттік оқу №20 |
||
|
Бөлім: |
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Батыр туса – ел ырысы |
||
|
Оқу бағдарламасына сілтеме |
1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру. |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып,жеткізу. |
||
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар: өз ойын жеткізеді. Көптеген оқушылар: негізгі ойды анықтайды. Кейбір оқушылар: сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді. |
||
|
Құндылық |
Батырлық, ерлік, өжеттік – нағыз ерге тән қасиет |
||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану . Өзін-өзі тану |
||
|
АКТ-ны қолдану дағдылары |
Аудио, интербелсенді тақта |
||
|
Алдыңғы білім |
Абайдың қарасөзі |
||
|
Уақыт |
Жоспар |
Ресустар |
|
|
Сабақтың басы |
Қызығушылықты ояту. Сыныпты қалыпқа келтіру . Топтық жұмыс. Топқа бөлу. Ойсергек: – Кел, жаныма тұр, сыныптас, Өз алақаныңды маған аш. Міне, менің қолым бос, Жылуыма жылу қос. |
|
|
|
Сабақтың ортасы |
«Гүлді таңдау» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау «Абайдың 38 қарасөзі» Білімдерін бекіту: Надандық-қызғаншақтық, өзімшілдік, қатыгездік Ыстық қайрат, жылы жүрек, жомарттық Еріншектік- Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық Еңбексүйгіш, шыншылдық, адалдық Залымдық-арамдық, қаскөйлік, рақымсыздық Мейірімділік, жанашырлық, кеңпейілділік Білімсіздік-өтірікші, өсекші, бекер мал шашпақ Сауаттылық, терең ой, қанағатшыл. Осы қасиеттердің қайсысы біздің бойымызда болу керек? Біз не істеуіміз керек? Сабақтың тақырыбын айту. Мақсатын айқындау. Ендеше Абай атамыздың 14 қарасөзін тыңдайықшы? Ол не туралы екен? Ендеше біз қандай тақырыппен таныс болуымыз мүмкін? Біз нені үйренуіміз мүмкін? Батыр деген қандай адам? Қандай батырларды білесіңдер? Олардың қарулары қандай болған? «Батыр туса ел ырысы» атты тақырыппен таныс боламыз. Бұл тақырыпта бүгін біз сендермен батырлар жыры дегенміз не, «Қобыланды батыр» жырын көркем сөзбен айтуды үйренеді екенбіз. Оқылым. 1-тапсырма. Түсініп оқы. «Батырлар жыры» Мәтін не туралы? Батырлар жыры деген не? Жырды өзі шығарып, өзі айтқан адамды кім дейміз? Ал жырды жаттап алып айтушы адамды ше? Өлеңнен айырмашылығы неде? 2-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңді кестеге қысқаша түсір.
Оқылым. 3-тапсырма. Жырға сай дауыс ырғағын таңдап, түсініп оқы. Қобыланды батыр (жырдан үзінді) бөліп беру Қыпшақ – қазақ руларының бірі. Қар (қары) – қолдың білектен жоғары тұсы. Құрысты – б ұ л ж е р д е: саусақтың иілмей, қозғалмай қалуы. Сүңгі – найза түрі. Тақым – адам санының тізеден жоғары ішкі жағы. Шәрі – қала. Жұптық жұмыс. 4-тапсырма. Жырға сүйеніп, суреттегі батырларды сипатта. • Суреттегі батырлар кімдер? Қобыланды мен Алшағыр • Олардың тұлпарларының аты. Тайбурыл мен қара қасқа • Киімдері. Дулыға, • Қару-жарақтары. 6-тапсырма. Мақал-мәтелдің жалғасын табу. Жырдағы көркемсөздерді қолданып, батырлардың жекпе-жегі туралы әңгімелеу. Батыр туса-ел ырысы, Жаңбыр жауса – жер ырысы. Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады. Батырды жауда сына, Шешенді дауда сына. Көз – қорқақ, қол-батыр. |
|
|
|
Сабақтың соңы |
Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Елін, жерін қорғаған тағы қандай батырларды білесің? Батырлық, ерлік туралы 5 мақал ойластыр және батырға тән 5 қасиетті ата. Кері байланыс. Ауызша. Рефлексия «+» Мен ... үйрендім. «–» Маған ... қиын. Менің көңіл күйім қазір қандай? Бүгінгі мақсатымызға жеттік пе? Жетсек, қалай жеттік, не істедік? Елін, жерін қорғаған тағы қандай батырларды білесің? |
|
|
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген