400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бауыржан Момышұлы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүктелген презентация "Дара тұлға - Бауыржан Момышұлы" атты ашық сабақ. Жаңа әдіс -тәсілдер арқылы оқушылармен сабақты барынша қызықты өтуге мүмкіндік береді.Өзімнің педегогикалық практикада жүрген кезде жасаған материалым, іс тәжірибеден өтіп жүрген студенттер үшін пайдалы болады деп сенемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жұмабек Ташенов »университетінің

«Филология және гуманитарлық білім» факультеті

6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 2-курс студенті

Қуаныш  Аяжанның  педагогикалық

23.01.2023- 12.01.2023  аралығында

Өткізген педагогикалық практиканың

 

Есебі

Мен Қуаныш Аяжан Нұрланқызы,  23.01. - 12.01.2023 ж.ж аралығында 2-курстағы педагогикалық іс-тәжірибемді Шымкент қаласы «Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясында» өткіздім.

Менің педагогикалық практика кезіндегі алға қойған мақсатым – жалпы ғылыми мәдениеттілік, психологиялық – педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімімді тереңдету, теориялық білім негізінде педагогикалық дағды мен құзіреттілікті қалыптастыру. 

Іс-тәжірибе кезінде мен 5«А» сынып оқушыларына жетекшісі болып бекітілдім. Тулендиева Батес мектептегі іс – тәжірибе жетекшім болып бекітілді. 5 «А» сынып оқушылармен тиянақты түрде жұмыс істеуге, өз қабілетімді барынша пайдалануға, өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.

5«А» сынып оқушыларының оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. 5 «А» сыныбында 25 оқушы білім алуда. Сыныпта 10 ұл, 15 қыз бар. Жас ерекшеліктері 11 – 12жас. Олардың 7 – оқушысы өте жақсы, 13 – оқушысы жақсы, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сыныптың оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік құрамы – орташа. Сынып гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиесі жақсы. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық – техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Сабақта өтетін тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын өткіздім. 31 – қаңтар күні «Жолда жүру ережесі», 6 – ақпанда «Зиянды әдеттерден сақтан» сабақ өткіздім.

Ал қазақ тілі пәнінен «Уақытты қадірлеу – жасөспірім үшін заңдылық», қаза әдебиеті пәнінен Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» повесі тақырыбындағы «Шығарманың идеялық құндылығын бағалау» тақырыбында ашық сабақтар өткіздім.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді. Мен сабақ өту барысында  соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келе жатқан  отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған жеті модуль технологиясы «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова), «Деңгейлеп оқыту технологиясы» (Ж.Қараев), «Оқыту үшінбағалау және оқуды бағалау» модулі , қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова),  «Сын тұрғысынан ойлау» т.б. технологияларды пайдаландым.  Сабақта оқушыларды топқа бөлу үшін «Қағаз қиындылар» , «Пазл», «Атомдар мен малекулалар», «Картамен топқа бөлу» т.б. әдістерді қолдандым. Сабақта оқушының қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру, өзіндік ой-пікір қалыптастыру мақсатында  «Сұраққа жетіп ал» , «Галереяны шарлау» , «Кинометафора», «Ақылдың алты ойлау қалпағы», «Миға шабуыл», «Биопоэма», «Джигсо», «Өрмекші» әдісі (постерде), «Эссе» немесе «Еркін әнгіме» т.б. әдістерді қолдандым. Оқушылар ұйымшыл, бір – бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырды. Сергіту сәтінде «Бұзық телефон» ойыны, «Заряд алу»,  «Гүлмен тілек», «Ханшайым, айдаһар, Ханзада», «Жалғасын тап», «Тормоз» ойыны т.б. әдістер пайдаландым. Кері байланыста, «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі, «Интервью» тәсілі, «Кері әсер парағы», «Оқушының пікірталасқа қатысуын бақылау парағы», «Кемшілік +  Жетістік кестесі», «Бағалау парағы. Рефлексия» әдісі т.б. Практика кезінде құрбыларымның, басқа білікті мұғалімдердің сабағына еніп тәжірибе жинадым, енген сабақтарыма талдау жасадым. Маған осы іс-тәжірибе барысында бұл сыныпппен жұмыс жасаған қатты ұнады және де осы уақыт арасында 5 «А» сыныбында сынып жетекшінің қызметін атқарған атқардым.

Сынып жетекшінің қызметін атқару барысында сыныппен жоспар бойынша және жоспардан тыс тәрбие жоспар өткізе отырып, оқушылармен жақсы тіл табысып, сыныппен тығыз қарым – қатынаста бола білдім. 

Қорыта келе, теориялық әдіс – тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған жаңартылған білімді педагогикалық практика барысында кеңінен қолдандым. Тулендиева Батес мектептегі іс-тәжірибе жетекшім ретінде маған көп көмегі тиді. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен күзеттім. Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудардым. Ұстаз – өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырыстым және осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым.

 

Студент – практикант:                    Қуаныш А.Н.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.03.2023
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі