жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Бауыржан Момышұлы "Жауынгердің тұлғасы" 6-сынып
Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектеп
Бауыржан Момышұлы
«Жауынгердің тұлғасы» әңгімесі
(Lesson study зерттеу сабағы)
Сыныбы: 6-сынып
Пән мұғалімі: Н.Көбеева
Аққыстау, 2016 жылы
«Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: З.Хиясова
Пән мұғалімі: Н.Көбеева
|
Күні |
21.01.2016 |
|
Сыныбы |
6-сынып |
|
Пәні |
Қазақ әдебиеті |
|
Тақырыбы |
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесі |
|
Мақсаты |
Оқушылардың Ұлы Отан соғысы, туған елі мен жері үшін күрескен жауынгерлердің ерлігі туралы білімдерін тереңдете отырып, автор Бауыржан Момышұлы туралы кеңінен мәлімет беру. |
|
Күтілетін нәтиже |
Мәтіннен Б.Момышұлы туралы мәлімет ала отырып, жауынгерлердің іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқушылардың өзіндік көзқарасы, проблемалық сұрақтарды шешу арқылы жинақтау дағдысы дамиды. |
|
Әдіс-тәсілдер |
«Лездеме сұрақтар», «Шығарма кестесі», «Кібизм» әдісі, деңгейлік тапсырма, топтық жұмыс. |
|
Сілтеме |
6-сынып «Әдебиет» оқулығы, ғаламтор мәліметтері |
Жүру барысы:
|
Уақыты, әдіс-тәсілдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||||||
|
І. Ұйымдастыру кезеңі 3 минут |
1.Оқушылармен амандасу 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру 3.Бейнефильм «Ұлы Отан соғысы» туралы 4.Оқушыларды «Мәншүк», «Әлия», «Бауыржан» есімдері арқылы үш топқа бөлу. І топ «Мәншүк» ІІ топ «Әлия» ІІІ топ «Бауыржан» |
1. Мұғаліммен сәлемдеседі. 2. «Ұлы Отан соғысы» туралы бейнефильм тамашалайды. Мәншүк», «Әлия», «Бауыржан» есімдері арқылы үш топқа бөлініп отырады. |
||||||
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Лездеме сұрақтар»
7 минут |
Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы, «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесін мазмұндау.
«Лездеме
сұрақтар» әдісі арқылы оқушылар 1-18-ге дейінгі
сандарды таңдай отырып,үй тапсырмасы бойынша сұрақтар
беру. 2. Б.Момышұлы қай жылдары өмір сүрді? 3. Б.Момышұлы неше жыл әскер қатарында болды? 4. Штаб бастығы полковник кім? 5. Десятидворкада жатқан қанша немісті бірін қалдырмай қырып тастады? 6. Ыстық орындық 7. «Жауынгер тұлғасы» әңгімесі қандай кітаптан алынған үзінді? 8. Әңгімеде қай жерде болған ұрыс жөнінде айтылады? 9. Б.Момышұлы қай жерде дүниеге келген? 10. Оңай олжа 11. Автобиографиялық әңгіме деген не? 12. Әңгіме не жайында? 13. Полковник Серебряков Б.Момышұлын кімге ертіп апарды? 14. Соғыс кезінде Б.Момышұлы «Красная звезда» газетіне не деп жазды? 15. Жауынгерлерді жеңіске жетелеген қазақтың қандай қанатты сөзі? 16. Б.Момышұлы соғысқа дейін қандай қызмет атқарды? 17. Мұхаметқұл кім? 18. Б.Момышұлына генерал қандай дәреже берді? |
Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы, «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесін мазмұндайды. «Лездеме сұрақтар» әдісі арқылы оқушылар
1-18-ге дейінгі сандарды таңдай отырып,үй тапсырмасы бойынша
сандарда жазылған сұрақтарға жауап береді. Оңай олжаға ие болған
оқушы сұраққа жауа бермей-ақ сыйлық алады. Ал ыстық орындықты
таңдаған оқушыға үш топтан үш сұрақ
қойылады. |
||||||
|
ІІІ. Миға шабуыл 5 минут |
Топтық жұмыс «Шығарма кестесін» толтыру І топ ІІ топ ІІІ топ
Деңгейлік тапсырма Мәтіннен әскери терминдерді тап. |
Үш топ арқайсысы «Шығарма кестесін» мәтін мазмұны бойынша толтырады.
Қызыл маркерге ие болған «С» оқушысы деңгейлік тапсырманы орындайды. |
||||||
|
ІҮ. Сергіту сәті 3 минут
|
«Көк тудың желбірегені» әні
|
Оқушылар бірігіп «Көк тудың желбірегені» әнін орындайды. |
||||||
|
Ү. Мағынаны тану 15 минут
|
«Кубизм» әдісі І топ.
1.Суреттеу.
Оқиға болған жерді
суреттеу.
(«Жауынгер тұлғасы» әңгімесінде
жауынгерлердің ерлік істері. Отанға
деген
3. Зерттеу.
Әңгіменің тақырыбын, автор идеясын
ашу. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бер.
(Полковник, Б.Момышұлы,
Мұхаметқұл) 5.Сәйкестендіру. «Екі жақты түсіндірме күнделігін» толтыру
6.Қолдану. «Бейбіт өмірдегі батырлық» туралы шағын шығарма жазу. |
Әр топ «Кубизм» әдісі бойынша өздеріне берілген тапсырманы бірлесіп орындап, жұмыстарын қорғайды. |
||||||
|
ҮІ. Қорытындылау 7 минут
|
Жұптық жұмыс «Мен – саған, сен - маған» әдісі Жұптар бір-бірлеріне тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап беру.
|
Жұптар бір-бірлеріне тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап береді. |
||||||
|
ІХ. Үйге тапсырма 1 минут |
«Ерлік – елдікке жетелер» тақырыбында эссе жазу |
|
||||||
|
ҮІІ. Рефлексия 1 минут |
Әр түрлі көңіл күйді бейнелейтін смайликтер арқылы кері байланыс орнату. |
Өз ойларын стикерге жазып қалдырады. |
||||||
|
ХІ. Бағалау 3 минут |
Оқушылардың білімдерін «Бағалау парақшасы» арқылы бағалау. |
Топ басшылары өз топтарындағы оқушыларды бағалау парақшасы арқылы бағалайды. |
2016 жылдың 21 қаңтарында Бауыржан Момышұлының «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесіне зерттеу сабағын өткіздік. Жоспарды ақылдаса отырып, өткізетін пән мұғалімдерімен құрдық. Сабақты Ұлы Отан Соғысы туралы бейнефильмнен бастадық. Оқушылар бар ынтасымен тыңдады. Содан соң сол видеоларға байланысты сұрақтар қойдым. Тақырыпты аша келе, Мәншүк, Әлия, Бауыржан топтарына бөлдім. Әр топтан топ басшыларын сайлап, бағалау парақшаларын тараттық. Үй тапсырмасын алдымен 3-4 оқушыдан әңгіменің мазмұнын сұрап, содан соң Лездеме сұрақтар қойдым. Оқушыларды қызықтырғаны «Ыстық орындық» және «Оңай олжа» әдістері болды. Екі сынып та жақсы дайындалған.
Тақырыптың 2-сағаты болғандықтан бірден тапсырмалар бердік. Мәтінмен жұмыс жасау үшін «Шығарма кестесін» толтырды. Бұл тапсырмада «с» сыныбына қарағанда «д» сыныбы төмендеу болды. Сергіту сәтінде «Көк тудың желбірегені» өлеңін бірге караокеде айтты. Екі сынып та жақсы қатысты. Келесі тапсырма «Кубизм» әдісі бойынша 3 топқа тапсырмалар берілді. Бұл тапсырмада да «д» сыныбының оқушылары орташа деңгейде қатысты.
«Мен – саған, сен – маған» әдісі оқушыларға қатты ұнады. Бір-бірлеріне сұрақ қойып, жақсы жауап берді. Сабақты қорытындылау үшін, үй тапсырмасын беріп, оқушылардың көңіл күйлерін смайликтер арқылы білдік. Кейбір оқушылар алған әсерлерімен бөлісті. Сабақ соңында топ басшылары бағалау парақшасы арқылы өз бағаларын фармативті түрде қойды.
Менің ойымша сабақ жақсы өтті. Бірақ «д» сыныбының сабаққа деген дайындықтары орташа деңгейде болған сияқты.






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген