Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бауыржан Момышұлы Ұшқан ұя 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне пайдалы, мұнда сабақ барысында 4 сынып оқушыларының деңгейіне сай тапсырмалар дискрипторларымен құрылған. Сабақтың жүйелі өтуіне көмегі зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2. Құндылықтар


Күні:

Сынып: 4

Мектеп: «Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Бектасова Алтынай Алпамысовна


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

4.2. Құндылықтар.

Ата-баба тәрбиесі. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.4.1 аңыз, шешендік сөз,батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.

2.6 кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау.

4.2.6.1 кеіпкердің, кеіпкерлердің іс-әрекеті, мінезқұлының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығармадағы үзінділерді әр түрлі тапсырмалар орындау барысында орынды қолданады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:өз көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады, дәлелдер келтіреді.

Бағалау критерийлері

Өз көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады, дәлелдер келтіреді.

Шығармадағы үзінділерді әр түрлі тапсырмалар орындау барысында орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: көркем шығарманы түсінеді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:көзқарас,әңгіменің ұсынар идеясы

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Менің ойымша,«Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Әңгіме неліктен «Ұшқан ұя» деп аталған?»

Құндылықтарды дарыту


Ұшқан ұя мәтінінің негізгі ойын аша отыра, отбасына деген құрмет, үлкенге деген құрмет, сонымен қатар өз ата-бабасын білуге, салт-дәстүрімізді құрметтеуге үйретемін.

Пәнаралық байланыстар

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

АКТ қолдану дағдылары

Итербелсенді тақтадан автордың суреті мен өмірі жайлы видео-ролик көре отырып, оның тек жазушы ғана емес, батыр, генерал, қолбасшы болғанын біліп, сабақ барысындағы тапсырмаларды орындай алады.

Бастапқы білім


көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақ барысында:

Ширату. «Миға шабуыл» тәсілі

Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты пысықтай отырып, жаңа тақырыпты ашады.

-Оқушылар, бұл өмірде не қымбат?

-Не қиын?

-Жақсы жігіт қандай болады?


Негіздеме: Бұл тұста оқушылар тірек сөздерді пайдалана \қымбат, қиын, жақсы адам\ отырып өткен сабақ бойынша өз пікірлерін жеткізу барысында сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастырамын. Оқушыларды ынталандыру барысында тиімді тәсіл белсенді оқу тәсілін қолданылады.


Топқа бөлу.

«Бір үй» тәсілі арқылы тотарға бөлінеді.

«Киіз үй» және «Көпқабатты үй» суреті бар карточкаларды таңдау арқылы қалаған тобына отырады. «Біз бір үйдің балаларымыз» атты рөлді сомдайды.


Тақырыпты болжау:

  • Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыз не жайында болады?

  • Неліктен біз «Бір үй» болып топқа бөліндік?

  • Не себепті олай деп ойлайсыңдар?\сұрақтар арқылы сабақ тақырыбын айтуға жетелеймін

Оқу мақсатын хабарлау

  • Иә ендеше біз бүгін Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» мәтінінің негізгі ойын анықтаймыз.
















Үйдің суреті бар карточкалар


Сабақтың ортасы


Б.Момышұлы 1910 жылдың 24-желтоқсанында Жамбыл облысы,Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Анасы Рәзия ерте қайтыс болғандықтан, Бауыржан үш жасынан бастап Қызтумас әжесінің тәрбиесімен өсіп-жетіледі.Әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы,адамзаттың шығуы, өмір жайлы жан баурайтын аңыздар мен ертегілерді, ненің жақсы, ненің жаман екенін де ол ең алғаш әжесінен естіп біледі.Бауыржан өзінің «Ұшқан ұясында»: «Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен ааңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін. Енді ойласам мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой ... » деп құрметпен еске алған.

Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған ұлы тұлға, жаужүрек батыр, даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер.

1970 – 75 жылдары оның « Ұшқан ұя » кітабы жарық көрді. Бұл кітапта ол өзінің балалық шағынан сыр шертеді.

Адамгершілік принциптерге тұнып тұрған «Ұшқан ұяда» қаламгер отбасы, бала тәрбиесі, ұлттық дәстүр сынды асыл қасиеттер адам өміріне әсер ететін негізгі факторлар екендігін атап көрсетеді.

- Бүгінгі сабағымызда – осы Бауыржан Момышұлының « Ұшқан ұя » әңгімесімен танысамыз.

Видео-ролик көрсетіледі.

Негіздеме: Бұл тұста ақпарат жазылған парақшадан тапсырма бере отырып, саралаудың Дереккөз тәсілін қолданамын.


Мәтінді оқуға (іштей) 5 минут уақыт беріледі.

Сөздік жұмыс

Айттыру – құда түсіп, қыз алып беру.

Баба – арғы ата.

Бата жөні өзіңдікі – батаны өзің бергенің жөн.


1-тапсырма: «Теріп жаз» әдісі.

Алдыларына таратылып берілген қағаздан керектісін ғана теріп автор жайлы ақпарат алады. Топта ортаға салып әңгімелейді.

Саралау: Оқушылар қажетті ақпаратты тауып, сыни тұрғысынан ойлау дағдысын жүзеге асырады. \яғни мәтінді талдайды, анализ жасайды, бағалайды \ Бұл тұста саралаудың қорытынды тәсілін жүзеге асырамын. Сұрақ қою арқылы оқушылардан әр түрлі жауаптар талап етемін. Әр топтан бір оқушы әңгімелейді.

(ҚБ) Әр топ «Бас Бармақ» әдісі арқылы келесі топтың жауаптарын өзара бағалайды. Түсіндіреді.

- жоғары – берілген ақпараттың ішінен толық мәліметтерді теріп, жүйелі, толық айта алса;

- орта – берілген ақпараттың ішінен мәліметтерді теріп айта алса;

- төмен – берілген ақпараттың ішінен алынған мәліметтер жүйесіз алынған болса;

2-тапсырма: Мәтінді «Интервью» әдісі арқылы мазмұндау

1- топтың тапсырмасы:

- Мәтіннен қазақ халқының қандай салт дәстүрін байқадың? Сол туралы айт.

- Мәтіндегі «бата беру жөні» туралы қариялар сөзінен не байқадың?

- Имаш бабасының бата бергенін сахналап беріңдер.

2 -топтың тапсырмасы: Топтастыру

Бауыржан кім?

Бауыржан

Халық Қаһарманы батыр

Қолбасшы генерал

Әжесі Қызтумас атасы Имаш

Анасы Рәзия әкесі Момыш

Жазушы


Топтардың қорғауы. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» тәсілі. Екі жақсы жағын, бір ұсынысын білдіреді.

3-тапсырма. «Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір. Шығармадағы кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізеді.

2. Дәлел.Мәтіннен үзінді келтіре отырып өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал.Пікірін тарихпен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды.Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Дескриптор:

  • Өз пікірін дәлелдеуде үзіндіні орынды қолданады.

  • Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Топтардың қорғауы. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» тәсілі. Екі жақсы жағын, бір ұсынысын білдіреді.

(ҚБ): «Бағдаршам» әдісімен әр топ көрші топты бағалайды. Түстерді жоғары көтеру арқылы.

Қызыл түс: жоғары деңгей

Сары түс: орта деңгей

Жасыл түс: төмен деңгей


4-тапсырма: «Жұппен орында» әдісі

Сабақты Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерімен аяқтау.
1.Тексізден тезек артық.
2. Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз.

Саралау: топтағы үлгермей отырған оқушыға диалог және қолдау көрсету тәсілі аясында, кейбір қабілетті оқушыға үлгермеген оқушыларға көмек беруі тапсырылады. Ұйқас жазу кезінде қабілетті оқушылар жағдаяттар қосып, өрбітіп, көлемді ұйқас құрастыруға болады.

+ , - таңбасымен белгілейді



Интебелсенді тақтада автор

дың суретін және өмірі жайлы видео-ролик көре алады













Интербелсенді тақтадан сөздік көре алады


Автордың өмірі жайлы таратпа материалдар






























А4 формат, маркер











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
947
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12