Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп: №70 ЖББОМ

Сынып: 4

Мұғалімнің аты-жөні: Кубаева Бекзат Бакытжановна

Сабақ тақырыбы

«Ұшқан ұя» Б.Момышұлы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Шығарманың тақырыбын және негізгі ойды анықтайды, тақырыбы бойынша шығарманы әрі қарай жалғастырады.

Көптеген оқушылар: Автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді, шығарманың қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды.

Кейбір оқушылар: Шығармадағы сюжетті дамытудың себебін түсіндіреді, шығармада айтылған әдет-ғұрыптарды өз тәжірибесінен мысал келтіріп айтады.

Бағалау критерийлері

  1. Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтап, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді

  2. Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды, оның себебін түсіндіреді

Құндылықтарды дарыту

«Динамика. Статистика» әдісі кезінде әдептілік құндылығын, «Біліміңді қолдан» әдісі кезінде баба өсиетінің мән-мағынасын ұғыну арқылы адамгершілік құндылық жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

«Төрт сөйлем» әдісінде қазақ тілі пәнімен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

«Бірге ойлаймыз» әдісі кезінде сөздерінің мағынасын ашуда планшет қолданады


Бастапқы білім

Салт-дәстүрлер және әдет-ғұрыптар туралы біледі. «Аквариум» әдісінде еске түсіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут







1 минут


Ширату тапсырмасы:

ҰЖ. «Аквариум» әдісі

Салт-дәстүр, әдет- ғұрыпқа байланысты сұрақтар қою.

Дескриптор:

-Бір оқушы салт- дәстүр туралы сұрақ қояды.

- Екінші оқушы жауап береді.

- Әдет ғұрыптың мән мағынасын түсінеді.


«Таңдап алу» әдісі (Түстер арқылы топқа бөлу)

1Овал 1 -топ

Овал 3

2-топ

Овал 2

3-топ















Сабақтың ортасы




5 минут









7 минут







5 минут




















5 минут
















1 минут



















3 минут








5 минут































3 минут
















1 минут

БК-1. Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтап, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді


ҰЖ. «Динамика. Статистика» әдісі:

Бауыржан Момышұлы кім?

Қандай әдет-ғұрыптарды білесің?

Бата түрлерін ата.

Дескриптор:

  • Бауыржан Момышұлы туралы білетіндерін ортаға салады;

  • Әдеп-ғұрып түрлерін атайды;

  • Бата түрлерін анықтайды.


ТЖ. «Дауыстап ойлау» әдісі

Дескриптор:

- жеке мәтінді іштей оқиды.

- жұп болып сұрақтарға жауап береді;

- топ болып шығармадағы негізгі ойды анықтайды;

- шығарманың тақырыбының аталуын талдайды.


ЖЖ. «Төрт сөйлем» әдісі.

1. Пікір.

2. Дәлел.

3. Мысал.

4. Қорытынды.

Дескриптор:

- Шығармадағы кейіпкердің бейнесін бір сөйлеммен жазады;

- Мәтіннен деректер келтіре отырып өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

- Мәтін деректерін байланыстыра отырып, мысал келтіреді.

- Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Саралау: Диалог және қолдау көрсету

Қолдауды қажет ететін жұптарға мәтіннің негізгі ойын анықтайтын жетелеуші сұрақтармен демеймін:

- Жазушының отбасы мүшелеріне деген қандай сезімдерін байқадың?

- Сәбидің дүниеге келуіне байланысты дәстүрдің қай түрін еске алған?


Қ

Автор ойы


Б тапсырмасы:

Ж Ж «Оқиға картасы» әдісі

кіші бала, ортаншы бала, кенже бала





Негізгі ой



Шығарманың тақырыбы






Дескриптор:

- шығарманың тақырыбын анықтайды;

- шығармадағы негізгі ойды табады;

- отбасындағы бала жасына қатысты деректерді мәтіннен тауып көрсетеді;

- автордың ойын мәтін деректері бойынша дәлелдейді


Бағалау: « Асықтар» әдісі

Алшы:Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтап, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдей алған оқушыны

Тәйке:Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтап, бірақ автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдей алмаған оқушыны

Бүк:Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтауда қателесіп, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдей алмаса


БК-2. Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды, оның себебін түсіндіреді.


ҰЖ. «Бірге ойлаймыз» әдісі

- «Төл немере», «Бел немере» сөздерінің мағынасын қалай түсінесің?

Дескрипторы:

- планшет арқылы сөздікпен жұмыс жасайды;

- сөздердің мағынасын түсіндіреді.

- берілген сөздерді қолданып сюжеттің дамуын анықтайды.


ТЖ. «Біліміңді қолдан» әдісі

Саралау: Тапсырма бойынша саралау.

Оқушылардың қабілеті бойынша ұсынамын:

1-топқа:

«Құрық », - деп берсем құл болма,

«Шыбық»,- деп берсем, шіл болма.

Бәрінен де, шырағым,

Баяны жоқ ұл болма!

Дескрипторы:

- шығарманың қорытынды бөлімін оқиды;

-атаның батасының мағынасын түсіндіреді;

- сюжеттің дамуын болжайды.

2-топқа:

Имаш бабаның өсиеті

Ата тілегі оң еді,

Құмары болсын құлыным!

Бұл жер батырлар төрі еді,

Сыңары болсын құлыным!

Дескрипторы:

- Өсиеттің мағынасын түсіндіреді.

- шығарманың қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды

3-топқа:

Дескрипторы:

- Шығарма тақырыбының «Ұшқан ұя» аталу себебін түсіндіреді

- шығармадағы оқиғаларды талқылайды.

- шығарма тақырыбы негізінде сюжеттің дамуын болжайды

-дамытқан себебін түсіндіреді.


ҚБ тапсырмасы:

ӨЖ. « Бортты журнал» әдісі

Декрипторы:

- Шығарманың тақырыбын анықтайды;

- Шығармадағы қорытынды бөлімді табады;

- шығармадағы оқиғаларды анықтайды;

- оқиғаға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды,

- оқиғаның өрбіту себебін түсіндіреді.

Саралау: Қарқын бойынша саралау

Қарқыны тез, қолдауды аз қажет ететін оқушыларға өз ата-әжесінен көрген әдет-ғұрыптар туралы айтуын сұраймын.

Қарқыны жай, қолдауды көп қажет ететін оқушыларға «Аяқталмаған сөйлем» әдісімен мәтінді жалғастыруға, сюжет желісін болжауға үлгі ұсынамын.


Бағалау. «Бас бармақ» әдісі

Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжап, оның себебін түсіндірсе

Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды, бірақ оның себебін түсіндіре алмаса

Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжауда қателесіп, оның себебін түсіндіре алмаса


































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2021
1321
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12