400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бауыржан Момышұлы Ұшқан ұя 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: шығармадағы тілдік көріністі талдай отырып, кейіпкер мен автор бейнесінің қарым- қатынасын анықтайды. Шығармадағы құндылықтарды заманауи түрде салыстыра отырып, жаңашылдығына баға береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:Махаббат пен абырой

Сабақтың тақырыбы:

Б. Момышұлы «Ұшқан ұя»әңгімесі

Мектеп:№9 Абай атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:Сауранбекова А

Сынып:8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

8.2.2.1. автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

8.3.2.1. шығармадағы материалдық және рухани құндылығын заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Оқу мақсаты

















Барлық оқушылар: шығармадағы тілдік көріністі талдай отырып, кейіпкер мен автор бейнесінің қарым- қатынасын анықтайды.

Шығармадағы құндылықтарды заманауи түрде салыстыра отырып, жаңашылдығына баға береді.

Оқушылардың басым бөлігі:

шығармадағы тілдік көрініс арқылы автор бейнесі мен кейіпкерлердің ерекшелігін ажыратады, шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарға кейіпкерлер әрекеті арқылы баға береді.

Кейбір оқушылар:

Шығарманың тілдік көрінісін талдауда автор мен кейіпкер бейнесіндегі үндестікті көрсетеді.

шығармадағы көтерілген құндылықтарды бүгінгі күнмен салыстыра отырып,жаңашылдығын дәлелдеп,өзіндік ой-пікірін білдіріп жазады.



Бағалау критерийлері

- автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды;

-шығармадағы материалдық және рухани құндылығын заманауи тұрғыда салыстырады;

-жаңашылдығына баға береді.


Тілдік мақсат




Оқушылар орындай алады:топтық ,жұптық жұмыстар арқылы шығарманы талдайды,өзіндік көзқарасын білдіру арқылы сөздер мен сөз тіркестерді қолданады.












Ойлау дағдыларының деңгейлері


Негізгі сөздер мен тіркестер:Баба, шіл, жеті ата, ата - тегі, тарамыс,адуынды, быламық, бөстек,шабандоз.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:рухани құндылық, материалдық құндылық, қазақ ұлтына тән көрініс, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, әжемнің аңыз әңгімелері, ертегілері.


Талқылауға арналған сұрақтар :

Шығармадағы кемеңгер, текті әже образы бүгінгі күні кездесе ме?

Талдау,қолдану, бағалау

Құндылықтарға баулу

Отбасылық және тарихи құндылықтарды бойына сіңіру, өмірмен байланыстыра отырып, шығармашылық пікірін дәлелдеу.

Пәнаралық байланыс

Тарих,өзін-өзі тану

Алдыңғы тақырып

«Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген сөздің мәнін ашыңдар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

2.Түгелдеу

3. Зейінін сабаққа аудару

«Шаттық шеңбері»

Оқушылар шеңбер құрып, әр оқушы өз есімінің бастапқы әрпі бойынша өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шығады.

Топқа бөлу

«Ата», «әже», «бала» сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді.


Қызығушылықты ояту

Берілген сөздерді қатыстырып, отбасы, тәрбие туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер айту.












Сөздер: бала, бесік, тәрбие, отбасы, Отан, ана, әке, ұл, қыз, тіл

Ортасы



1-тапсырма.Топтық жұмыс «Рөлдік ойын»әдісі

Тапсырма қайда?№№№№№

Рөлді топ ішінде бөліседі. Әр оқушы өз рөліне сәйкес тапсырманы орындайды. Топ жұмысын қорғайды.



Талқылаушы - шығармадағы автор бейнесіне дәлелдер келтіреді.

Белгілеуші - әңгіме мазмұны бойынша автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасына қатысты сұрақ дайындайды.

Байланыстырушы - автор бейнесі мен кейіпкерлерді өмірмен байланыстырады.

Топ шешені - әңгіме мазмұнына сай мақал-мәтел, нақыл сөздер айтады.

Қорытындылаушы - әңгіме авторының ерекшелігін, кейіпкерлер табиғатын айтып, баға береді.


Дескриптор :


-шығармадағы тілдік көріністі талдайды;

- кейіпкер мен автор бейнесінің қарым- қатынасын анықтайды.

-шығармадағы автор мен кейіпкерлер ерекшелігіне дәлелдер келтіреді;


(Қарым-қатынас формалары бойынша саралауда қабілетті оқушы өзінің қасындағы құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар.Қабілетті оқушы өз ойы мен идеясын жүзеге асыруда топ жұмысына өз үлесін қоса алады)

.Қалыптастырушы бағалау.Топтық бағалау.

«Екі жұлдыз,бір тілек»


2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Құндылықтар кестесі» әдісі

Оқушылар шығармадағы көтерілген құндылықтарды бүгінгі күнмен салыстыра отырып,жаңашылдығын дәлелдеп,өзіндік ой-пікірін білдіріп жазады. Бұл әдіс - өзара ой бөлісуге, тұжырымдауға мүмкіндік береді.


Рухани құндылықтар

Бүгінгі күн

Өз бағаң











Материалдық құндылықтар

Бүгінгі күн

Өз бағаң











Дескриптор:

-құндылықтарды табады.

-құндылықтарды салыстырады.

-жаңашылдығына баға береді


Нәтиже немесе жауап бойынша саралау

Нәтиже немесе жауап бойынша саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады.Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады.


Қалыптастырушы бағалау. Өзара бағалау. Сөздік бағалау

Мұғалім оқушыларды тапсырманы жақсы орындағаны үшін мақтайды,орындаудағы қателіктерін көрсетеді,оның жұмысына ешқандай белгі қоймайды. Нәтижесінде оқушылар жетістікке жетулері үшін одан әрі биік нәтижеге жетуі керек деп ұйғарады.

3 – тапсырма. Жеке жұмыс. «Келісу-келіспеу эссесі»


Шығарманы бүгінгі заманмен байланыстыра отырып, «Бала тәрбиесіндегі ата мен әженің рөлі» деген тақырыпта келісу –келіспеу эссесін жазыңыз. Эсседе нақты дәлелдер келтіріңіз. Эссенің сөз саны – 90-100 сөз.


Дескриптор:

- заманауи құндылық тұрғысынан талдайды;

- бала тәрбиесі туралы өзіндік пікір білдіреді;

- өмірден немесе шығармадан дәлел келтіреді;

- ойын тұжырымдайды.


Қалыптастырушы бағалау. «Көршіңді бағала»

Топ ішінде дәптер ауыстырған оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.


(Саралау - оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы жүргізілді. оқушылар тапсырманы орындауда жеке қолдауды қажет етеді, қабілеті жоғары оқушылар сол құндылықтардың жаңашылдығын дәлелдейді. Тағы да ойлан. Сәл келіспей тұр, Алимовтан қара.

Осы қолдау оқушыларды алға қарай жетелейді деп ойлаймын.)





Оқулық, қима қағаздар.




























Shape1 Shape2







Shape3







Кесте

Сабақтың соңы

Рефлексия «Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?





Қосымша ақпарат



Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?



(Қарым-қатынас формалары бойынша саралауда қабілетті оқушы өзінің қасындағы құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар.Қабілетті оқушы өз ойы мен идеясын жүзеге асыруда топ жұмысына өз үлесін қоса алады)


Нәтиже немесе жауап бойынша саралау

Нәтиже немесе жауап бойынша саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады.Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады.


Саралау - оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау. оқушыларға тапсырманы орындауда жеке қолдауды қажет етеді, қабілеті жоғары оқушылар сол құндылықтардың жаңашылдығын дәлелдейді.

Осы қолдау оқушыларды алға қарай жетелейді деп ойлаймын.)





Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

ҚБ бойынша жазасың?Сен қойған ҚБ арқылы дер кезінде қандай түзетулер болды?



Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы Берілген тапсырмалар бойынша бақылау, ұйымдастыру, оқушының қауіпсіздігі өз мойнымда

екенін сезінемін. Оқушы денсаулығына пайдалы сергіту сәтін сабақтың ортасында енгізуді жоспарладым. АКТ-ны аудиожазбаны тыңдаған кезде, сергіту сәтінде, топтық жұмыстарда пайдаланамын. Бұл сабағым отбасылық, адамгершілік құндылыққа негізделгендіктен, оқушының отбасындағы алар тәрбиесін халықтық педагогикамен, өнермен, бүгінгі өмірмен, еліміздің болашағымен байланыстыруды жөн көрдім









Материалдық құндылық : Қолөнер бұйымдары, еңбек тұрғын үйдің жағдайы

Рухани құндылық: Әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тұрмыс-салт жырлары, ертегі, бата, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер осы сөз тіркестерін таратып беремін.Оқушылар осы сөз тіркестері арқылы әр оқушы әрқайсысына баға береді.









Материалдық құндылық

Рухани құндылық

Шығарма

Бүгінгі күнде

Шығарма

Шығармадағы көрініс









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
1421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі