жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Бауырсақ ертегісі
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карталары
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Драма
Күні:
Тақырыбы: «Бауырсақ»ертегісі Сахналау
Оқу іс-әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы топ
Мақсаты:
Балаларға ертегіні сахналау арқылы үйрету.
Міндеттері:
Білімділігі: Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып, қиялы мен қабілетін жетілдіру.
Дамытушылығы: Қиялдарын дамыту. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Балаларға бірін - бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу..
Қажетті құрал-жабдықтар және қолданылатын көрнекіліктер:
Бауырсақ пен оның кейіпкерлерінің суреттер
Әдістер:
Түсіндіру, сахналау, әңгімелесу
Сөздік жұмыс:
Бауырсақ
Ұйымдастырушылық-ізденістік
«Жылулық шеңбері»:
Балалар, бүгін ерекше күн, бізге бүгін қонақтар
келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей, бәріміз
«Сәлем» дейік үлкенге.
Негізі:
Автор сөзі: Ерте заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне:
Мадина: Маған бауырсақ пісіріп берші,- дейді.
Ясмина: Неден пісіремін? Көп болды үйде ұн жоқ.
Мадина: Әй кемпірім – ай! Сен қамбаны сыпырып қуыс – мүйісін қырна
осылайша қалған – құтқан ұнды жина.
Автор сөзі: Бауырсақ тегіс, домалақ, сырты қызарынқырап әдемі болып піседі.
Кемпір бауырсақты суытуға терезе алдын қояды. Бір өзі жатып –
жатып жалыққан бауырсақ жерге түсіп әрі қарай домалай жөнеледі.
Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келіп оған қоян
кездеседі.
Қоян айтады:
Адема: Бауырсақ, бауырсақ!
Мен сені жеймін!
Автор сөзі: Бауырсақ оған былай деп жауап береді:
Наргиза: Мен атамнан, әжемнен кеткен бауырсақпын, сенен қоян кетуге аса
қуылықтын қажеті жоқ!
Автор созі: Осылайша бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Қоян оны дұрыс
қарап та үлгермей қалады.
Автор сөзі: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап келе жатса, оның алдынан
қасқыр шыға келеді.
Тамерлан: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Наргиза: Қасқыр сен мені жеме
Оданда мені тыңда
Мен атамнан, әжемнен
Қояннан кеткен бауырсақпын
Мен қасқыр сененде кетемін.
Автор сөзі: Осылай бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Бауырсақ орман ішімен
домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Алихан: Бауырсақ , бауырсақ мен сені жеймін!
Наргиза: Жоқ , аю, сен мені жеме
Оданда мені тыңда
Мен атамнан, әжемнен
Қоянан, Қасқырдан
Кеткен бауырсақпын,
Аю сенен де кетемін.
Автор сөзі: Осылай бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Бауырсақ домалап келе
жатса, алдынан түлкі шығып:
Батырхан: Бауырсақ, бауырсақ
Мен сені жеймін.
Наргиза: Түлкі сен менің не айтатынымды тыңда.
Автор созі: Оған қу түлкі былай дейді:
Батырхан: Мен сенің айтқанынды тыңдар едім,бірақ қазір қартайып құлағымның
естуі нашарлап жүр, тұмсығыма отыр да, айта ғой!
Автор сөзі: Түлкінің тұмсығына отырып бауырсақ әңгімесін бастайды!
Наргиза: Мен атамнан да, әжемнен де, қояннан да, қасқырдан да, аюдан да
құтылып кеткен бауырсақпын, түлкі енді сененде кетемін!
Автор сөзі: Осыны айтып үлгергені сол – ақ екен түлкі ауызын ашып, тістерін
ақситып, бауырсақты жұтып жібереді!
Осымен ертегі аяқталады да, рольдерде ойнаған балалар ортаға шығып
бастарын изейді.
Қорытынды:
Сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақтың ұнағанын сұрау
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген