Материалдар / Ашық сабақ "Бауырсақ" ертегісі ІІ кіші топ

Ашық сабақ "Бауырсақ" ертегісі ІІ кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі
Топ: «Балдәурен» І кіші тобы

Білім беру саласы: Таным
Білім беру саласының бөлімі: Сенсорика

Сабақтың мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.

«Балалар тілегі»- топтық жиын. «Тілек шеңбері»

Балалар, бүгін ерекше күн, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң, қонақтар.

Қайырлы таң достарым!!!

Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер! І-ші сәбилер тобының тәрбиеленушілерінің қиялынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы менің қолымда не бар екен. Бұл ертегілер сандығы. Қане ашып көрейікші ішінде не бар екен.
- Сандықта кітап пен ертегі кейіпкерлері жатыр екен, бұл ертегі қалай аталады?
Балалар: Бауырсақ
Тәрбиеші: Балалар ендеше біздер осы ертегі әлеміне саяхатқа барайық. Бірақ бармас бұрын осы ертегінің кейіпкерлерін атайықшы.
Балалар: Ата, әже, қоян, қасқыр, аю, түлкі, бауырсақ
Тәрбиеші: Жарайсыңдар!Ал балалар Ертегілер әлеміне бару үшін қандай көлікпен барайық?

- машинамен барайықшы, тез жетеміз

(машинаның дауысы естіледі)

- Біз ертегі әлеміне келдік, қане жайғасып отырайық.
Бүгін қандай ертегіні тамашалайтындарыңды білу үшін сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
1. Өзі қу, жүрген жері айқай – шу. (түлкі)
2. Далада жұр шапқылап, керемет тым саққұлақ,
Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)
3. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды ол кісіні. (қасқыр)
4. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю)
5. Өзі қып-қызыл болып піседі
Күнге ұқсас келеді. (бауырсақ)

 - жарайсыңдар балалар

Тәрбиеші:Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Шал:
- Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Кемпір
- Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!
Шал
- Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Тәрбиеші
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян:
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! Егер менің тапсырмамды орындасан жіберемін

Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?

Тәрбиеші: Ендеше біз қоянға қазір жылдың қай мезгілі сол жайлы айтып берейікші

СҰРАҚ - ЖАУАП.

Тәрбиеші: Балалар қоянға біздің күз мезгілі жайлы айтқан мәліметтеріміз ұнапты. Бауырсағымызды босатты.

Тәрбиеші: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ жемеші

Қасқыр: бірақ менімен ойын ойнасаң ғана босатамын дейді.

Тәрбиеші: қасқыр мен ойын ойнаймыз ба балалар.

Балалар: Иә.

ДИДАҚТИКАЛЫҚ ОЙЫН: «Пішіндер»
Шарты: геометриялық пішіндерден үй құрастыру.
Тәрбиеші: Қасқырдың ашуы басылыпты балалар, қасқыр бауырсағымызды босатты.

Тәрбиеші: Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю: - Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: Аю, аю жемеші

Аю: маған сергіту сәтін айтып берсен ғана босатамын дейді

Тәрбиеші: аюдың ашуы басылу үшін, біз қане онымен бірге аю жайлы әнімізді айтып денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп - теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Тәрбиеші: Бауырсақ аюдан да құтылып жорда келе жатса алдынан қу түлкі шығады.

Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!

Бауырсақ жемеші өтінемін.

Тәрбиеші: Мә балалар түлкі бауырсақты ұстап алыпты қане ендеше біз бауырсақты түлкіден құтқарайықшы.
Тәрбиеші: Ол үшін біз түлкінің көңілін көтеріп ойын ойнайық.
ҚИМЫЛДЫ ОЙЫН: ҰЙҚЫДАҒЫ ТҮЛКІ.
Ойын шарты: балалар арасынан «түлкі» сайланады. Алаңның бұрышына орындық қойылып түлкі отырып ұйқыға кеткендей кейіп танытады. Балалар алаңда жан - жаққа шашырап жүгіріп ойнайды. Жүргізуші: «түлкі оянды» дегенде, барлық бала «түлкіден» «үйге» қашады.(орындықтарына) «Түлкі» оларды қуалап ұстауға тырысады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар түлкінің көңілі көтерілді енді бауырсақты жемеймін дейді.
Біз түлкімен ойын ойнап көңілін көтердік. Сөйтіп біз бауырсақты құтқарып қалдық. Енді топқа қайтатын уақыт болды. Қане машинамызға отырып тобымызға қайтайық.
Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар біз қандай ертегіде қонақта болдық?
сұрақ-жауап арқылы алған әсерлерімен бөлісу.

Тәрбиеші: Балалар бауырсақ сендерге түлкіден құтқарғандарың үшін алғысын айтып бауырсақ әкелді. Иісін ай мына бауырсақтың.
Балалар мадақталып, қонақтармен қоштасады.
Балалар шеңбер құрайық,
Қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау, саламат болайық!


28 Қазан 2020
14223
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі