Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бауырсақ пен құрт. Б дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобының жетекшілері
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ: Сауат ашу

« Бөлек батыр атындағы орта мектеп» КММ

Мұғалім:

Торпакова Акмарал Кайратқызы - бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

Бауырсақ пен құрт. Б дыбысы мен əрпі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз,жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрысдыбыстау.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі

сызығынсақтап, əріпэлементтерінжазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлықтəрбиеленушілер:

  • Сұрақтарға толық жауап береді.

  • Б дыбысы – дауыссыз дыбыс, б дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

  • Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі б дыбысының орнын ажыратады.

Қолды үзбей сызуға жаттықтырады.


Көпшілік тəрбиеленушілер:

  • Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады.

  • Б дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы б дыбысының орнын ажыратады.

  • Сұраққа жауап бере отырып, шағын əңгіме құрайды. Жазу жолына б əрпінің элементтерін жазады.

Ұлттық тағамдарды атайды.


Кейбір тəрбиеленушілер:

- Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

- Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

- Б дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлемқұрастырады. Қазақтың дəстүрлері туралы айтады

Бағалау критерийлері

Б дыбысының дауысты екенін біледі

Б дыбысының баспа және жазба түрлерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Тəрбиеленушілер :

  • Суреттегі заттардың аттарын атай алады,таниды;

  • Қол жаттығуына арналған тапсырмаларды орындайалады;

  • Ұлттық тағамдарментанысады.

  • Қазақтың дəстүрлері туралыбіледі.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Бидай масағы


Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Суреттен Б дыбысы естілетін зат атауларын ата.

Қазан бетінен аспанға ұшып жатқан не?

Зат атауларын буынға бөліп, дыбыстық талдау жаса.


Талқылауға арналған сұрақтар:

Пікір алмасу сұрақтары.

Бауырсақты неден жəне қалай пісіреді?

Қай цифр Б-ға ұқсайды?


Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Алдыңғы оқу

Сөйлем түлерін қолданады. Қолды үзбей жазады. Сөйлем түрлерін ажыратып, сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сызба бойынша сөйлем құрайды.

Пәнаралық байланыс

Сурет салу, аппликация

Құндылықтарға баулу

Топ ішінде жұмыс жасауда топ ережесіне бағына білуге үйрету.Тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Балалармен амандасу .

Біз сауат ашу сабағымызды бастаймыз.

Оқу іс – әрекетте жағымды көңіл – күй сыйлау және де топқа бөліп алу үшін , шаттық шеңберіне тұрғызу.

Сәлем, сәлем оң қолым

Сәлем, сәлем сол қолым

Сәлем, сәлем достым

Сәлем, сәлем шаттық шеңбері

Кішкетай да боламыз

Үлке де шеңбер боламыз

Бірақ ешкім шетте қалмайды .

Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар!

Балалар біз қазір мына шар ішіндегі суреттер бойынша топтарға бөлінеміз ( шар ішіне салынған суреттер: ірімшік, құрт, бауырсақ).Балалар алған суреттері бойынша 3 топқа бөлінеді.

Өткенді қайталау: Сауат ашу сабағынан нені үйренеміз? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Дауысты дыбыс дегеніміз не? Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? Дауыссыз дыбыс нешег бөлінеді? ( Балалар осы сұрақтарға жауап береді)


Слайд


Сабақтың ортасы























































































































Сабақтың соңы





Бинго әдісін қолдану: Шарты: ламинатталған параққа өткен дыбыстарымызды еске түсіріп жазамыз. Мен сендерге айтып тұрамын ( П, Ж, Ә, З ,Ө,Ң,Г,Ғ) . Балаларды 1 тапсырма бойынша бағалау парағына бағалау.

Жаңаны қолдану:

Балалар мен сендерге қазір « Бауырсақ пен құрт ертегісін» айтып берем , сендер мұқият тыңдаңдар.

Ертегі желісі бойынша сұрақтар беру:

Құрт пен бауырсақ неге таласып қалды?

Құрт қайда шығып алды?

Бауырсақ қайда жайғасты?

Дастарханға ең алдымен не қойамыз?

Бауырсақ неден жасалады және қалай пісіреді?

Сурет бойынша жұмыс: Наурыз тойы бейнеленген сурет. Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Иә әрине Наурыз тойы бейнеленген. Наурыз айы біздің жаңа жылымыз. Наурыз тойында түрлі ұлттық ойындарымыз ойналады.

Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге 7 түрлі тағам қосылады.Олар: ірімшік,су ,тұз,ет,дәнді дақылдар (жүгері, маш),кеспе қамыр,құрт. Мысалы: күрес , арқан тартыс, алты бақан т.б.

Топтық жұмыс: Ребус құрау. Шарты: алдарыңдағы қима қағаздардан сурет құрау. Құрастырған суреттері бойынша әңгімелеп беру.( Тұсау кесер, күрес ,бесікке салу дәстүрі, сүндет той).

Балаларды 1 және 2 тапсырмалар бойынша бағалау. Бағалау парағы ,балалардың суреттері жапсырылған.

Сергіту жаттығуы

Орнымыздан тұрамыз,

Бау – бақшаға барамыз.

Алма теріп аламыз.

Жүзім теріп аламыз.

Сәбіз, қияр тереміз

Тобымызға келеміз,

Қолымызды жуамыз.

Орнымызды табамыз.

Суретпен жұмыс: балалар мына суретте қандай мереке бейнеленген? Наурыз мерекесі , жарайсыңдар өте керемет ! Осы суреттің ішінен Б дыбысы естілетін заттарды атаңдаршы: бауырсақ , бұзау , бу , бота , табақ . Балалар бүгінгі жаңа дыбысымыз қандай деп ойлайсыңдар? Балалармен бірге Б дыбысы мен әрпі. Өте дұрыс балалар. Б дыбысының баспа және жазба түрі бейнеленген қима қағаз. Балалар әріптердің баспа түрін қай кезде қолданамыз?

Жазбаша түрін қай кезде қолданамыз?

Әріптерден не құрап жазамыз?

Сөздерден не құрап жазамыз?

Б - ұяң дауыссыз дыбыс. Ауада жазу.

Көк және қызыл түсті үйдің суреттері ілулі тұрады .

Балалар Б дыбысын қай үйге саламыз? - көк үйге .

Б - дыбысын ермексаздан құрастыру. Балаларды 3 тапсырма бойынша бағалау.

Әліппе дәптерден Б дыбысын жазу.

Топтық жұмыс: « кім тапқыр » әдісі . Шарты : дәнді дақылдардың ішінде жасырынып жатқан суреттегі сөздерге дыбыстық талдау жасау. Дыбыстық талдау жасап болған соң , бойынша топтарға қысқаша сұрақтар беру. Бесік – неше әріптен құралған , қай әріптен басталып тұр? Бесікті не үшін қолданамыз? Қалған 3 топтанда сұрау.




Слайд











































































Сабақтың соңы.

Рефлексия

Балаларды 4 тапсырма бойынша бағалау.

Балалар біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Б дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы?

Б - дыбысы қандай дыбыс?

Б - дыбысы қандай дауыссыз дыбыс?

Қандай ертегі тыңдадық?

Дастарханға ең бірінші не қойылады?

Кері байланыс: сабақтан алған әсерлерін көңілді , көңілсіз смайликтерді қолдану.

Балалар сабақ ұнаса - көңілді смайликті , ал егер үұнамады десеңдер көңілсіз смайликті көтересіңдер.

Балалар сабақ аяқталды, сау болыңдар!

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлері мен сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы бағалайды.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2020
546
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12