Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ашық сабақ «Бауырсақпен серуендейік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Айналадағы адамдардың сөзін есту және тыңдау қабілетін қалыптастыру, құрдастарымен және ересектермен сөйлесу мәдениетін дамыту, әдеби сөзді әсерлі қабылдауға, балаларға арналған әдеби шығармалардың мәні мен кейіпкерлердің бейнесін түсінуге үйрету; жемістер мен көкөністер (сәбіз, алма) туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру; біртекті, бірақ түстері әр түрлі заттарды топтастыра білуін жетілдіру; негізгі түстер бойынша геометриялық пішіндерді іріктеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарғала ауданы

Бадамша ауылы

«Балапан» МДҰ МКҚК

Кужакова Асель

Галимжановна

тәрбиеші




Ашық сабақ «Бауырсақпен серуендейік»


Білім беру саласы: Коммуникация, Таным.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Көркем әдебиет. Жаратылыстану. Сенсорика.

Тақырыбы:

Мақсаты: Айналадағы адамдардың сөзін есту және тыңдау қабілетін қалыптастыру, құрдастарымен және ересектермен сөйлесу мәдениетін дамыту, әдеби сөзді әсерлі қабылдауға, балаларға арналған әдеби шығармалардың мәні мен кейіпкерлердің бейнесін түсінуге үйрету; жемістер мен көкөністер (сәбіз, алма) туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру; біртекті, бірақ түстері әр түрлі заттарды топтастыра білуін жетілдіру; негізгі түстер бойынша геометриялық пішіндерді іріктеу.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлер; шал, кемпір, бауырсақ, қоян , қасқыр , аю, түлкі,(қуыршақ театры),жемістер,көкөністер,әр түрлі көрнекіліктер.

Күтілетін нәтиже:қойылған сұрақтарды тыңдайды және түсінеді, сұрақтарға жауап береді; ертегілердің мазмұнын түсінеді,ойыншықтар қолданылатын оқиға желісі оңай ойындарға қатысады; шығармалардың мазмұнын әсерленіп тыңдайды;

сыртқы түрі мен дәміне қарай көкөністер мен жемістердің бірнеше түрін ажырата алады және атын атайды;

ересектердің нұсқауы бойынша түсіне, пішініне қарай заттарды табады; әр түрлі үлкендіктегі геометриялық пішіндерді негізгі қасиеттері бойынша іріктейді және топтастырады.

1.Ұйымдастыру сәті.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге қонақтар келді. Қанекей, олармен амандасайықшы!

(Балалар қонақтармен амандасады)

2.Кіріспе әңгімелесу

Тәрбиеші: Балалар,сендер қонаққа барғанды ұнатасыңдар ма?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Бүгін біз сендермен қонаққа барамыз.

Тәрбиеші ата мен әженің жылағанына назар аудартады (қуыршақтар би-ба-бо)

Тәрбиеші: Балалар, естіп тұрсыңдар ма, біреу жылап жатыр? Қанекей, кім екен көрейікші. Ата, әже сіздерге не болды? Сіздер неге жылап жатсыздар?

Ата мен әже: біз қалайша жыламаймыз. Біз бауырсақ пісіріп, терезенің алдына қойғанбыз, ал ол орманға қарай домалап кетіпті.Онда әр түрлі орман жануарлары бар, бауырсақ бір бәлеге ұшырап қалса қайтеміз?

Тәрбиеші: Ата-әже жыламаңыздар. Біз сіздерге көмектесеміз.Балалар орманға барамыз ба? Бауырсақты табуға көмектесеміз бе?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Біздің балалар батыл, күштері көп және тапқыр.

Ата, әже: Сендердің жолдарыңда орман кездесер,

Қарағайларының бойы аспанмен теңдесер.

Бұл орманда аңдар жүреді,

Әр түрлі тапсырмаларды береді

Ойнағанды жақсы көреді.

Тәрбиеші: Біз барлық тапсырмаларды орындауға тырысамыз.

Міне, біздің алдымызда орман

Бойы қарағайының аспанмен тең болған.

Жалғыз аяқ жолмен жүреміз.

Тәрбиеші: Ой, балалар, біз сендермен қайда келіп қалдық?

Балалар: Орманға.

Қоян мен қасқыр шығады (Бір-біріне ренжулі)

Балалар және тәрбиеші: Сәлеметсің бе қоян, сәлеметсің бе қасқыр. Сендерге не болған? (қоян мен қасқыр сәбіз бен алмаларды қалай бөлісіп алуды білмейтіндерін айтады)

Тәрбиеші балаларға сәбіз бен алманы себеттерге бөліп салуға қоян мен қасқырға көмектесулерін өтінеді.

Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді себеттерге бөліп сал».

Мақсаты: Көкөністер мен жемістер туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру (сәбіз, алмалар). Саусақтардың моторикасын дамыту

(Қоян мен қасқыр балаларға көмектескендері үшін алғыс айтады)

Тәрбиеші: Айтыңдаршы, сендер бауырсақты көрмедіңдер ме?

-Әрине, көрдік, ол бізге ән айтып беріп, әрі қарай жалғыз аяқ жолмен домалап кетті.

Тәрбиеші: Олай болса әрі қарай кеттік.

Жалғыз аяқ жолмен жүріп келеді.


(«аюдың гуілі» естіледі).

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, аю! Сен неге сонша гүрілдеп, қонақтарды қорқытып жатырсың?

Аю: Қай жаққа қарай бара жатсыңдар?

Балалар және тәрбиеші: Біз бауырсақты іздеуге бара жатырмыз. Сен оны көрген жоқсың ба?

Аю: Көрдім, бірақ мен сендерді былай жібере сала алмаймын. Мен зеріктім, менімен ойнаңдаршы.

Тәрбиеші: Жарайды, қанекей ойнайық.

Сергіту сәті: «Орманда аюмен бірге».

Тәрбиеші, балалар және аю ойын ойнайды.

Тәрбиеші және балалар:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп, теріп алайық

Төс қалтаға салайық.

Тәрбиеші және балалар:

Біз көңілді ойын ойнадық. Аю, бауырсақ қай жаққа домалап кетті?

Аю: Оны орман далашығынан іздеңдер.

Тәрбиеші және балалар: Рахмет аю.

Тәрбиеші: Балалар орман далашығына кеттік.

Далашықта түлкі «отыр».

Тәрбиеші: Қараңдаршы, далашықта бізді кім күтіп отыр?

Балалар: Түлкі.

Тәрбиеші және балалар: Сәлеметсің бе, қу түлкі. Біз бауырсаққа келдік, оны ата-әжесі күтіп отыр. Оны бізбен жіберші.

Түлкі: Ой, тіпті білмеймін, мен бауырсақсыз зерігемін.Ал, жарайды, сендер менімен «Бауырсақты жасыр» ойынын ойнасаңдар, сендерге бауырсақты берейін.

Дидактикалық ойын: «Бауырсақты жасыр».

Түлкі: Жарайды, алыңдар!

Тәрбиеші және балалар: Рахмет, сау бол.

Тәрбиеші: Балалар, ата мен әжені қуантайық.

Тәрбиеші мен балалар үйшікке қарай барады.

Тәрбиеші және балалар: Ата, әже міне сіздердің Бауырсақ. Біз оны қу түлкіден аман алып қалдық.

Ата мен әже: Балалар, көмектерің үшін көп рахмет. Сендерге бізден өздерің жақсы көретін тәтті тоқаштар.

Тәрбиеші: Рахмет. Балалар, қанекей бізге осындай қызықты серуен ұйымдастырған бауырсаққа рахметімізді айтайық.

Балалар: Рахмет

Тәрбиеші: Ал енді балалар біз топқа қайтуымыз керек.

(топқа ораламыз).

-Міне, біз саяхатымыздан оралдық.

-Сендерге саяхат ұнады ма?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Біз бүгін кімді іздедік?

Балалар: Бауырсақты.

Тәрбиеші: Бауырсақты таптық па?

Балалар: Таптық.

Тәрбиеші: Бауырсақты іздеген кезде, орманнан кімді кездестірдік?

Балалар: Қоян, қасқыр, аю, түлкіні.

Тәрбиеші: Орманда тағы не істедік?

Балалар: Ойнадық.

Тәрбиеші: Сендер бүгін жарадыңдар! Аңдарға тапсырмаларды орындауға көмектестіңдер. Қанекей, біздің қонақтарымызбен қоштасайық. Сау болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
445
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12