Материалдар / Ашық сабақ. Бейімбет Майлин - шағын әңгімелер шебері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. Бейімбет Майлин - шағын әңгімелер шебері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға, жоғары сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
1018
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 11 «б»

Сабақтың тақырыбы: Б.Майлин-шағын әңгімелер шебері

Сабақтың мақсаты: Әңгімеде көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды. Әңгіме кейіпкерлерінің іс- әрекетіне баға береді, өзіндік көзқарасын білдіреді.

Сабақтың типі

Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: (7 модуль) АКТ, Оқыту үшін бағалау (бағалау критерийлері) Сыни тұрғыдан ойлату (СТО элементтерін) пайдалану арқылы

Табыс критерийлері: Оқу тапсырмаларын орындау барысында берілген тәсілдерді пайдалану арқылы өздерінің оқуларына жауапкершілік алады.Оқушылар өзін-өзі реттейтін оқуын көрсететін мінез-құлықты бақылайды және бағалайды. Қалай оқу керектігін үйренеді.

Ресурстар:

Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңдері


Оқу белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

Ұйымдастыру кезеңі


Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөлу.



2


« Миға шабуыл»

«Терминдермен болжау»

Кедей,бай, жалшы, белсенді,теңдік,колхоз

Берілген терминдер арқылы бүгінгі сабақта талданатын әңгімелерге болжау жасайды..

3

Жаңа сабақ (тақырыбымен, мақсатымен таныстыру)

Білу

Түсіну

«Ішіне- сыртына»әдісі


«Білу»

«Түсіну»

Берілген әңгімелердің қайсысы Б.Майлиндікі?

«Қырық мысал», «Әдебиет танытқыш», «Оян, қазақ», «Бақытсыз Жамал», «Адасқан өмір», «Қамар сұлу», Ақбілек», «Шернияз», «Шұғаның белгісі», «Сексен сом», «Кедей теңдігі», «Айранбай», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Сексен сом», «Күлпаш», «Кедей теңдігі», «Айт күні», «Раушан –коммунист, «Түйебай»

Берілген әңгімелердің қайсысы Б.Майлиндікі екенін анықтайды.

Әңгімелердің қысқаша мазмұнын айтады.








«Қолдану»

«Семантикалық карта»



Әңгімелердегі кейіпкерлер портреті мен мінездеулерін табу.

Оқушылар мына тапсырмалар төңірегінде мәтінге жуық жұмыс жасайды.

Берілген тапсырмалардан кейіпкерлердің портретін, мінезін ажыратады.





«Талдау»

« Екі түрлі түсіндірме күнделігі»

Мәтіннен берілген үзіндіге өзіндік көзқарас жазу

Мәтіннен берілген үзінділерге байланысты өз көзқарасын білдіреді.




«Жинақтау»


  1. «Бейімбет Майлин- әңгіме жазудың хас шебері»

  2. «Бейімбет әңгімелері- өмір шындығы»

  3. «Жырлағаным- кедейдің жыры»

Тіл мәдениеті

Берілген тақырыптар бойынша өз ойларын айтып, сабақты қорытындылайды.




«Бағалау»

Бейімбет шығармаларының шыншылдығы мен сыншылдығы дегенді қалай түсінеміз? Бейімбет шығармаларындағы шындық пен сын қазіргі қоғамда бар ма?

Өз көзқарастарын дәлелдер арқылы білдіреді.

5

Бағалау

«Өзін- өзі бағалау» берілген критерийлер арқылы бағалау

«Блоб» ағашы

Үйге тапсырма: «Бейімбет әңгімелері- өмірдің жанды суреті» эссе жазу


6

Рефлексия

Төмендегі сұрақтарға жауап бересіздер: Оқу мақсаттары қол жетімді ме?,

бүгін оқушылар не білді?, сыныптағы ахуал қандай болды?, қолданылған әдіс-тәсілдері

тиімді болды ма?, уақыт қаншалықты тиімді пайдаланылды?, сабақтың әлсіз, күшті жағы,

келесі сабаққа қандай түзетулер мен өзгерістер енгіземін.








Семантикалық карта І топқа



... Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,

Есіне ал, дұғаңа мен ынтызармын.

Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,

Астында ақ туының пайғамбардың!..


Жақсы келдің, шырағым, сені көруге құмар болып отыр едік,—деп, өзіңе жастық қоя, сені мақтай сөйлейтіні де бар.


Жап-жас жігіт тақылдап сөйлегенде бір мүдірмейді. Екі сөзінің бірінде айтатыны: кедейдің еңбегі байға желінумен келген; кедей болмаса, бай сол көп малды баға алар ма еді. Оған шөпті шаба алар ма еді! Бағушы мен қағушы кедей болып, рақатын бай көрген... Енді, кедей, оян, ойлан!..


Мына жігіттің сөзін естіп отырсыңдар, істің кілті өзіміздің қолда көрінеді ғой. Үкіметтің бұл берген теңдігінен пайдалануымыз керек. Бүйтіп санға кіріп жиылыс басқарамын деу өңімде көремін деген ісім емес еді. Өздерің де білесіңдер, жаңағы Кәрім мырза маған не қылмап еді?

Жалғыз атты "Алашорда" қақшыды. Құдай-ау, енді қайда барып күн көрерміз?!—деді.

«Шұғаның белгісі»







«Арыстанбайдың Мұқышы»







«Айранбай»







«Сексен сом»







«Кедей теңдігі»











Семантикалық карта ІІ топқа


Асыл текті нәрсе әманда аз, сирек болады емес пе. Артық сөзге жоқ асыл зат жан еді-ау. Аузынан шыққан сол аз ғана лебізі көкейімізде ұялап қалған.

Кеңес үкіметінің жұмысына қасық қаным қалғанша дайынмын!—деп белсенділік көрсететіні де бар.

«сорлы жалмауыз, қайдан табақтас болып едің, бір жапырақ жегізбедің ғой» деп Кемелбайдың қатыны омыртқаны тартып алған. Жоғарғы табақтағы кемпірлеу әйелдер де Кемелбай қатынының сөзін қостаған тәрізді, «байғұс, көрген қызығың осы ма еді? Енді болмаса өліпсің ғой» деп ...

Маған деген тарыны Кәрім алып бермей кетті. Қатыннан келген жалғыз алашаны қысты күні ашыққанда сатпай сақтап едім, соған жарты пұт тары алып сеуіп едім,— енді, мынау, бәрі нәлөкке кетейін деп отыр... бірақ, әйтеуір елде бар ғой, қайыр сұрасақ та өлмеспіз,— деді.

Біздің ауылнайда да байлар бар емес пе еді? "Бай салық" істемедіңдер ме?— деді ..............

«Шұғаның белгісі»







«Арыстанбайдың Мұқышы»







«Айранбай»







«Сексен сом»







«Кедей теңдігі»













Семантикалық карта ІІІ топқа



... Аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара. Осы үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін!"

күні кешеге дейін "осы ауылды бір шыбықпен айдап келген" атқамінер, қу, ел жегіш парақор болатын; бүгінгі тіршілігі де сол: "баққаны өсек, айтқаны — ғайбат; көксегені — ұрыс-керіс, жанжал; жұрт арасына іріткі салып, біреуді біреуге атыстырып-шабыстырып жүрген, жалақор, пәлеқор.

бет ажары онша болмағанмен, таралмай ұйысқан қою қара сақалы барлық бетін қаптап, тәу көрген адам «елуді соққан қу ғой» дейтін. Қабағы бір түрлі тұнжыраңқы. Әлденеге кейігендей, әлдекімді түтіп жеп қойғандай болып отыр.

Самаурынның есік жағына кірлі майлық орамалды жайып жіберіп, үсті басы далба-дұлба, бір жігіт отыра кетті. Шоқпақ бұжыр қара, қолы тілім-тілім жарық, байдың малайы екенін адам айтпай-ақ, пішінінен, отырыс-тұрысынан білетін.

............ертеңгі шайын ішіп тысқа шықты.
Жапырайған қорасының құлап жатқан бұрышы көзіне шалынды. Темір күрегін алып, құлаған шомды үйе бастады. Албарда тұрған көк шолақ ат, күректің тықырымен иесін танып, жем іздеп оқыранып қойды.

«Шұғаның белгісі»







«Арыстанбайдың Мұқышы»







«Айранбай»







«Сексен сом»








«Кедей теңдігі»









Семантикалық карта ІҮ топқа



"Апырмай адамзатта да ондай сұлу болады екен-ау! ...Аққудың көгілдіріндей, осы аппақ... Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын неше түрлі ілгектермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан бөрік өзі сұлу адамды мүлде жандандырып, құбылдырып тұрды".

Онда да түсіне алмай томырықтық істесең:

-белсенді кедейің мен боламын!—деп төсін қағып қоюдан да тайынбайды.


Үстінде түйін-түйін көйлектің жұрнағы бар. Аяғында шарық етік, басында заты ақ болса да, кірмен баттасқан қырық құраулы бөкебайы бар, даулы екпініне, ашулы сезіне қараған-да ----------- өштескен, кезі келгенде өшін алайын деген адамның түрі бар. Бұл-............ еді.

Жүзі ашаң, сүзектен тұрған адам секілді. Кішкене түрегеліп тұрып сөйлескенді көтере алмай, жерге отырып демін алды. Мен бастан-аяқ жайын сұраған соң, байдың өзін қуып шыққандығын, қатынымен екеуі алты айғы қыс тілек тілеп, ит, мысықты жеп күн көргендігін айтты.


Шиеттей жас балаларды нансыз асырауға тағы болмайды. Үй іші тұттай жалаңаш. Осы керектің бірде бірін орындай алмай отырған ......................неғып қайғырмасын, неғып саспасын?!

«Шұғаның белгісі»







«Арыстанбайдың Мұқышы»








«Айранбай»







«Сексен сом»







«Кедей теңдігі»








Екі түрлі түсіндірме күнделігі І топқа



Шығармадан үзінді


Менің пікірім

Егеубай сүріне-мүріне тұрып үйіне беттеді. Мылтығы сорайған солдат осы қашып кетер-ау дегендей, өкшесін басып келеді. Келе жатып ойлайды: "апырмай, ауылнай маған неден өшікті екен?" деп. Кенет есіне түсті. Былтырғы сайлауда мұны сақау жағы иемденген ғой, дәу де болса соның кегін алу шығар...

Делегатқа көк шолақты жүгендеп беріп еді




Екі түрлі түсіндірме күнделігі ІІ топқа


Шығармадан үзінді


Менің пікірім



Қатын! - деді Айранбай. - Кемелбайдан жүрегім суынып болды. Енді соның есігін ашушы болмайық. Құдай аштан өлтірмес. Ең болмаса кәменеске жазылғандарды қазына асырайды дейді ғой, кәменеске жазылармыз. Өткен-кеткендердің «кедей!» дегенде тандайлары суырылады. Кемелбай құрлы сол кәменестер асырар.





Екі түрлі түсініктеме күнделігі ІІІ топқа


Шығармадан үзінді


Менің пікірім

Жолдас, мұның асыра сілтеу болды. Жеке шаруалардың арасына іріткі салдың, оларды қалқозға қайта қуып тықтың,— деді маған тұнжырай қарап.

Мұқыштың ойынша елге үгіт жүргізу — асыра сілтеушілік болыпты! "Асыра сілтеу", "оңшыл, солшыл" деген сөздерді қабаттап, көрінгенге жапсырып, талайдың мазасын алған қу-ау дедім.



Екі түрлі түсініктеме күнделігі


Шығармадан үзінді


Менің пікірім

Басқасын қайтейін, былтырғы ашаршылық жылы қаңғытып жіберді-ау... оның үстіне тұқымды жеп қойып, салығын маған тартқызды. Айта берсем ісі көп, оны өздерің де білесіңдер; ендігі менің айтатыным "ауылнайлыққа кедейдің пайдасын қарастырған, кедейге жаны ашитын адамды сайлай көріңдер",—деп Бұқабай тоқтады.









Екі түрлі түсініктеме күнделігі ІҮ топқа


Шығармадан үзінді


Менің пікірім

- Жазылып керегі не? Бәрібір мен бақытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр. Ертен сауықсам қайта күйсеуден тайынбайды. Өлем деп арман қылмаймын, жалғыз-ақ арманым бар. Түнеугі кергенде Әбдірахман бір ауыз сөз айта білмеді. Бір көріп сөйлесіп, жаным шығарда, «ІІІұғам!» деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден армансыз етер ем... әй, жоқ қой! - деді.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!