400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бердібек Соқпақбаев "Менің атым-Қожа" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ:

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Құпия кеңес

Мектеп:№10 орта мектеп

Күні: 27.02.2020 жыл

Мұғалімнің есімі: Татенова Арайлым Арыстанбековна

СЫНЫП: 5 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау(5. Т/Ж2);

эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау(5. А/И2);

оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу(5. Б/С4)

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Жаңа білім, эпикалық шығармадағы автор бейнесі

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кәмпиттер қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Сенім арту

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 3 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру 1 минут:

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!


Топқа бөлу 2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай

3 топқа бөлініп отырады.











1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Үй тапсырмасын еске түсіру 5 минут

“ Кезбе тілші” әдісі

1- топқа:

Б. Соқпақбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

Б.Соқпақбаевтың тағы да қандай шығармалары бар?

2-топқа:

Хикаят дегеніміз не?

А.Байтұрсынұлы хикаятты қалай атаған?

3-топқа:

«Менің атым Қожа» хикаяты қай жылы жазылды? «Менің атым Қожа» атты хикаят кіріспені қоспағанда қанша тараудан тұрады?

Әр топқа тілшінің сұрақ қою әдісі арқылы жүргізіледі. «Бағдаршам» арқылы бағаланады

Ортасы 17 минут

Топтарға тапсырма:

Постер қорғау 12 минут

І топ: «Қабырғадағы рөл» әдісі бойынша Қожаның бейнесін сомдау

ІІ топ: «Эмоция кестесі» әдісі бойынша хикаяттағы негізгі оқиғаларды жазып, Қожаның көңіл- күйін анықтау

ІІІ топ: «Венн диаграммасы» әдісі арқылы хикаяттағы Қожа мен Жантасты салыстыру

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағаланады

Оқулықпен, дәптермен жұмыс 5 минут

І топ

«Бақаның әлегі» сөзін негіз ете отырып,

сөзжұмбақ құрастырыңдар

ІІ топ

«Кейіпкерлер әлемі» кестесін толтыр.

КЕЙІПКЕР

БҰЛАР КІМДЕР?













ІІІ топ

“Теріп алу” әдісі бойынша тапсырманы орында

Қожа

алғыр, пысық,

өтірікші,

ақылды,

сотқар, тентек,

мейірімді,қу, зымиян,

шыдамсыз, тиянақсыз

Жантас

әділетті,

ақын,

әзілқой,

арамза,

тапқыр,

қателіктерін

түсіне біледі,

жағымсыз

Смайликтер арқылы бағаланады

Сергіту сәті 3 минут

«Көңілді күн!» би билеу



«Көңілді күн!» биі

Аяқталуы 5 минут

«Bilim land» арқылы тест тапсырмаларын орындау


Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді

Үйге тапсырма 1 минут

Қожаға хат жазу


Бағалау 3 минут

1-5 балл жүйесі арқылы оқушылар бағаланады

Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

Picture 5


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

«Білім қоржыны»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтаға ілінген білім қоржынының біріне жабыстырады. Қоржындар «Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды», «мен сабақты жақсы түсіндім», «Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек» деп аталады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
4561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі