Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым министрлігі
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасы
«Білім» кәсіби гуманитарлық
– техникалық колледжі
«Бекітемін»
Директордың оқу
ісі
Жөніндегі
орынбасары
________ Өмірбек
Р.Ө
«__» _______ 2022
жыл
Ашық
сабақ
Тақырыбы: «Гидросфера»
Күні: 18.02.2022
жыл
Тобы: 2ББ-1-20
Пәні: Жаратылыстану және
дүниетануды оқыту әдістемесі
Дайындаған
педагог: Жолымбекова Арайлым
Сарыбаевна
Тараз – 2022
жыл
Күні: 18.02.2022
жыл
Тобы: 2ББ-1-20
Пәні: Жаратылыстану және
дүниетануды оқыту әдістемесі
Қатысқан білімгерлер саны:
_____________
Қатысқан білімгерлер саны:
_____________
Сабақтың
тақырыбы: Гидросфера
Мақсаты:
А) Студенттерге «гидросфера» туралы ұғым беру. Дүниежүзілік су
айналымы және оның маңызы жайлы студенттердің білімдерін кеңейту және тереңдету.
Литосфера, гидросфераның байланыстары жайлы алғашқы
мәліметтер беру.
Ә)
Су туралы студенттердің түсінігін кеңейту, халықтық педагогиканы қолдану
арқылы судың маңыздылығын ұғындыру, логикалық, шығармашылық ойлау
дағдыларын кеңейту.
Б) Болашақ ұрпақтың елін, жерін қорғауға,
«Судыңда – сұрауы бар» - деген мақалды негізге ала отырып,
экологиялық, тәрбие беру.
Күтілетін
нәтиже: Берілген тапсырмаларды
орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Өз бетінше
жұмыс жасайды. Тақырып бойынша мәліметтер мен дәлелдер келтіре
алады.
Сабақтың
әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ
жауап, тест, талдау, плакатпен жұмыс,
топпен жұмыс, рефлексия.
Пәнаралық
байланыс: әдебиет, физика,
химия.
Оқыту технологиясы:
АКТ элементтері, смарт,
проблемалық оқыту.
Сабақтың
көрнекілігі: Интерактивті тақта,
суреттер, кескін карта, плакат, оқулық,
слайд.
Бағалау
критерийлері:
-
Студенттердің өз бетімен жұмыс
жасауы арқылы теориялық ойлауы, сөйлеу тілін
дамытады;
-
Логикалық ойлау қабілеттерін
артады;
-
Жаңа форматтағы оқу
сауаттылығын меңгереді;
-
Білім сапасы
артады;
Сабақтың құрылымдық
жоспары (кезеңдері):
І.
Ұйымдастыру
ІІ. Үй
тапсырмасы
ІІІ. Тест
сұрақтары
ІV. Плакатпен
жұмыс
V. Жаңа
сабақ
VІ. Сен білесің бе? Суға
қатысты мақалдар
VІІ. Кім тапқыр?
ойыны
VІІІ. Өзіндік
жұмыс
ІХ. «Жунглидағы жаңбыр»
сергіту
Х.
Рефлексия
ХІ.
Бағалау
ХІІ. Үйге
тапсырма
Сабақтың
ережесі:
* Сабаққа белсенді
қатысу.
* Тыныштық
сақтау.
* Бір – бірімізді
тыңдау.
* Өз ойымызды ашық жеткізе
білу.
* Уақытқа
бағыну.
* Бірігіп жұмыс
жасау
* Жылдамдық
таныту.
І.
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу.
Назарларын сабаққа аударту. студенттерді екі топқа бөліп
орналастыру. Психологиялық ахуал туғызу.
ІІ. Үй тапсырмасы. Үйге
берілген тапсырманы тексеру.
Литосфера
ІІІ. Тест сұрақтары. Сұрақ
– жауап.
-
Жер шарын салыстырмалы түрде
жұқа, біртұтас қатты қабық түрінде көмкеріп жатқан қабық
?
-
Мантия дегеніміз
не?
-
Ядро дегеніміз
не?
-
Жалпы планета
саны?
-
Күн
жүйесі?
-
Жер планетасы басқа планетадан
айырмашылығы?
-
Жердің кішірейтілген
формасы?
-
Жердің ішкі
қабаты?
-
Жердің сыртқы
қабаты?
ІV. Плакатпен
жұмыс.
Екі топқа тапсырмалар
берілген, студенттер литосфераны суретін плакат бетіне
түсіру.
V. Жаңа сабақ. Жаңа сабақты
түсіндіру.
Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа
— шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы
(тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы
және атмосферадағы, яғни жер шарындағы
барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары
— өзендер,
көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы
бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды.
Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның
шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты
суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика,
Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының
(өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Гидро-су, сфера-шар Су 3 күйде
болады: сұйық, қатты, газ Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6
млрд км куб, мұхит теңіз сулары-96,5 %, тұщы су-2,5% Жер
бетінің 3\4 бөлігін д.ж мұхит суы алып жатыр. Су айналымы 2-ге
бөлінеді. 1.Кіші су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға,
атмосферадан мұхитқа қайтып қосылуы. 2.Үлкен су айналымы-судың
мұхиттан атмосфераға, атмосферадан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа
қайтып қосылуы.
Мұхит, өзен көл жер асты
,батпақ сулары және мұздақтар мен атмосферадағы су булары - жердің
су қабығы гидросфераны құрайды. ( грек сөзінен аударсақ гидро - су
). Бүкіл шамамен гидросферадағы судың қоры ( 97 % ) мұхит және
теңіз сулары.
Судың
қасиеттері:
- Судың бірінші қасиеті: су -
тірі ағзалардың құрамды бөлігі, екіншіден, құрлыққа қарағанда
жылуды су баяу жинайды, соған орай ол жылуды баяу береді. Осыған
байланысты қыс мезгілінде мұхиттар құрлыққа жылу береді, ал жазда
салқын әкеледі, үшіншіден, су ағыны жер бедерін өзгертеді. Олар
теңіз және мұхит жағаларын жыралап, өте терең үңгірлер және алып
өзен алқаптарын тудырады, төртінші су көптеген заттарды
ерітеді.
Адамның ағзасына күніне 10 литр су керек. Адам өз
ағзасындағы су балансының өзгеруін тез сезінеді. 1 – 1,5 литр су
ағзада буланса немесе тер күйінде шықса, қаталап
шөлдейді.
Бидай дәнін жылдар бойы күтсек де ештеңе
болмайды, ал оған су құйсақ жан бітіп өсе
бастайды.
Су
жарық береді. Энергияның көзі.
Су
– тіршілік үшін ғана емес тазалық үшін де өте
қажет.
Зауыт, фабрикалар сумен жұмыс
істейді.
VІ . Сен білесің бе?
Суға қатысты
мақалдар.
Су
жүрген жер – береке, Ел жүрген жер – мереке
Сулы жер – нулы жер
Бұлақты жер – тұрақты жер
Сөз
атасы — құлақ,Су атасы - бұлақ
Адамзатты сөз бұзар, Тау мен тасты су
бұзар
Судыңда – сұрауы бар.
Таулы жер бұлақсыз болмас, Сулы жер құрақсыз
болмас
Бір
тамшы су-жерге пайда
Батыр туса – ел ырысы, Жаңбыр жауса, жер
ырысы
Бұлақ көрсең -көзін аш.
Қар
мол болса, дән көп, Су көп болса, ну көп
VІІ «Кім тапқыр?»
ойыны.
Берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстырса,
Қазақстандағы өзен аттары шығады.
1.
Серті - 4. Айжық - 7. Нынар -
2.
Уш - 5. Олбыт - 8. Арұн –
3.
Елі - 6. Сіле –
VІІІ. Өзіндік
жұмыс.
1.Бір студент шығып 1литр суға
30-35 грамм тұз салып араластырып, дәмін татып көрсетеді. Осындай
дәм- теңіз суының дәміне ұқсас болып келеді. Демек 1литр теңіз
суының құрамында 35грамм тұз болады. Тұз суда ериді. Мұхит және
теңіз суларында тұздың көп болуынан су кермек дәм татып, ішуге
жарамайды. Ішуге жарамды суда тұздың мөлшері 1 граммнан аз болуы
керек .
2.Бір студент шығып 1литр суға
бір уыс топырақ салып араластырып, бірнеше минутқа дейін оны
тұндырып қойады. Демек топырақ суда
ерімейді.
Ең жоғарғы тұздылық байқалатын
Атлант мұхит – 35 промилле
1.Тұздылығы ең төмен мұхит –
Солтүстік мұзды мұхит 32 промилле
2.Өлі теңіздің тұздылығы : 1л суда -270% тұз
бар.
3.Қызыл теңізде -41%
3-бет. «Ең...Ең...Ең...»
Топтың
үздік студенті
гидросфера тарауындағы ең терең көл, ең үлкен
мұхит, ең биік сарқырама, ең ірі теңіз-көл, ең ірі өзен бассейні,
ең ұзын өзен, ең кіші мұхит туралы қызықты әңгімелеп
берді.
-
Дүние жүзіндегі ең терең көл. Максимум тереңдігі 1637 м. - Дүние
жүзіндегі ең үлкен мұхит. Ауданы.179,5 млн км2
-
Ең биік сарқырама, биіктігі 1054 м.
-
Ең ірі теңіз-көл. Ауданы 371 мың км2, ұзындығы 1200 км, ені 320
км.
-
Ең ірі өзен бассейні. Ауданы 7 млн км2 жуық
-
Ең ұзын өзен. Ұзындығы 6671 км.
-
Ең кіші мұхит. Ауданы 14 млн км.
Географиялық диктант
Жердің су қабығы - .... .
(гидросфера)
Бір
литр теңіз суының құрамында .... грамм тұз болады. (35
грамм)
Емдік сулардың шығып жатқан жерін .... деп
атайды. (арасан)
Табиғатта су неше күйде кездеседі. (қатты, сұйық,
газ)
Ішуге жарамды суда тұздың неше грамы болуы керек.
(1 грамм)
Гидросфераның құрамына .... жатады. (мұхит, өзен,
көл, жерасты суы, батпақ сулары, мұздық, атмосферадағы су
буы).
ІХ.
«Жунглидағы жаңбыр»
сергіту
сәті.
Нұсқау: - Бір-біріңіздің
соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп
елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және
қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған
адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар
жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді (арқаны қаттырақ басамыз)
.
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер
бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын
саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен
жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ
соғамыз).
Тағы да нөсер жауын
жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.
Х.
Рефлексия.
«Сиқырлы ағаш». Жасыл , сары,
қызыл қағаз болады. 1-ші қағаз бойынша «мен сабақты түсіндім, маған
ұнады», 2-ші қағаз бойынша «мен әлі де ізденуім керек», 3-ші қағаз
бойынша «мен мүлдем түсінбедім». Жасыл қағазда жасырылған сиқыр
бар. Осылай кері байланыс жасау арқылы студенттердің оқуға деген
ынтасы мен белсенділігін анықтаймыз.
ХІ.
Бағалау.
Топ басшысына алдын – ала
бағалау критерийлері жазылған парақша таратылып қойылады. Әр
тапсырма сайын ұпайы жазылып, сабақ соңында жалпы балдары
сараланып, журналға қойылады.
ХІІ. Үйге
тапсырма.
Гидросфера - жердің су қабығы.
Мазмұндау.
Қазақстандағы су қоймалары
туралы мәліметтер ізденіп, жазып келу.
Пән оқытушысы:
____________________ Жолымбекова
А.С
/қолы/ /аты –
жөні/
Директордың оқу
ісі
жөніндегі орынбасары
______________________ _Өмірбек
Р.Ө____
/қолы/ /аты –
жөні/