400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Бір орнында тұрып допты лақтыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бір орнында тұрып допты лақтыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1






Түсінік хат

Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін маңызды. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы болып табылады.

Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңаша әдіс-тәсілдерге сүйеніп, сабақ өткізуде өскелең жастық өмірге нақты көзқарасын қалыптастырады.

Заманауи оқыту мен тәрбие үрдісінің негізгі идеясы оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету, білімді өз бетінше алып, күнделікті өмірде қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу. Бүгінгі таңда, бұл мәселеге көптеген педагогтар, психологтар, әдіскерлердің еңбектері арналған. Сол еңбектермен танысып, өз тәжірибемізде қолдану, соның негізінде өздігімізден толықтыру еңгізу, біздің міндетіміз. Мен құрастырып, ұсынып отырған осы бағдарламам да соған бағыталған:  жетекшілік аткарған сынып оқушыларымның дарындылығы мен талаптарын анықтауға және одан әры дамытуға арналған.

Бағдарламаның мақсаты: Сыныптағы оқушылардың бейімділігі мен қызығушылығын зерделеу арқылы өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеті:

  • Пән мұғалімдерімен бірігіп сынып оқушыларының бейімдігімен қызығұшылығын анықтау жұмысын жүргізу;

  • Жан-жақты ақпараттандыру;

  • Шығарма, ойтолғау жазғыздыру арқылы оқушыларды кез келген тақырыпқа қатысты өз көзқарасын білдіруге дағдыландыру;

  • Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына, пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ету.  

   Түйінді идеялар: балардың бойындағы дарындылық қабілетің анықтау мен жетілдіру әрекетінің тиімді жолдарын қарастыру.

  Күтілетін нәтиже:

      Мұғалім: сынып оқушыларының белсенділігін арттыру жолдарымен танысады, сол арқылы балалардың қызығушылығы мен бейімін анықтай алады; дарынды және талантты оқушылармен тиімді жұмыс әдістерімен таныс болады

Оқушы: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгереді, шығармашылық қабілеті дамиды; өз жан дүниесін танитын, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетіне талдау жасай алатын тұлға қалыптасады.

Бағдарламаның жоспары

34 сағат


№

Іс-шаралар мазмұны

         Түрі

Сағаты

Мерзімі


1.

Оқушылардың қызығушылығы мен бейімін  анықтау.

 Әдістерді қолдану

1

Қыркүйек.

2.

Қабілеттеріне қарай ұйымдарға  қатысуын ұйымдастыру.

Ата-анамен, ұйым жетекшілерімен кездесу

1

Қыркүйек

3.

Дарынды балалармен жүйелі қосымша сабақтар өткізуді пән мұғалімдермен жоспарлау

жоспар құру

1

Қыркүйек

4.

Шығармашылық жұмысқа тарту.

Сынып сағаттар, мектепішілік іс-шаралар

1

Жыл бойы

5.

«Алтын күз» кеші

(презентация, шығарма, өлен, т.с.с.)

1

Қазан

6.

«Мен және менің мамандығым».

Эссе жазу

1

Қазан

7

«Менің Отаным Қазақстан»

Шығарма жазу.

1

Қараша

8.

«Тұңғыш Президент күні»

(презентация, шығарма, өлен, т.с.с.)

1

желтоқсан

9.

Қызығушылықтарына қарай ақпарат жинау, күнделікте қысқаша конспектілеу

Картотека, күнделік

1

Үнемі

10.

Оқушыларды мектепшілік, аудандық, обылыстық пән олимпиадаларға қатыстыру.

Пән олипиядалары

1

Кезеңінде

11.

«Кенгуру», «Ақбота», «Русский медвежонок», т.с.с. интеллектуалдық марафондарға қатыстыруды ұйымдастыру

Зияткерлік ойын сайыстары.

1

Кезеңінде

12.

Халықаралық «Алтын жабағы» («Золотое руно») сайысына қатыстыру.

Ойын сайысы

1

Кезеңінде

13.

Халықаралық «Инфоурок», республикалық КИО қашықтықтан оқыту олимпиадаларына қатыстыру.

Олимпиада, байқаулар.

1

Кезеңінде

14.

 «Дарын»  оқушылар  ғылыми-тәжірибелік  конференцияларға жобаларын дайындап ұсыну

Ғылыми-жобалар

1

Кезеңінде

15.

Спорттық жарыстарға, фестивальдарға қатыстыру.

жарыстар

1

Жыл бойы

16.

«Жастар мұраты- Мәңгілік Ел»  тақырыбында конференция  ұйымдастыру

Конференция сабағы

1

Желтоқсан

17.

Мерекем

Мектепішілік концерт

1

Үнемі

18.

«Жүзден жүйрік»

 Интеллектуалды сайыс

1

Қаңтар

19.

«Тапқыр болсаң, талас жоқ» интеллектуалдық сайыс

 Ашық сынып сағаты

1

Ақпан

20.

 «Кім жылдам?» зияткерлік ойын

Интеллектуалды сайыс


Наурыз

21.

«Абай оқулары», оқуларына дайындап, қатыстыру.

«Абай» оқуларына

1

Кезеңінде

22.

«Алтын жүрек анамыз» атты өлең шығарудан сайыс

Сайыс

1

Қаңтар

23.

«Менің Отаным Қазақстан!» Сурет байқауы

Байқау

1

Кезеңінде

24.

Қонақпен кездесу

Кездесу кеші

1

Ақпан

25.

«Топжарған»

Интеллектуалды сайыс

1

Ақпан

26.

 «Достықтың терең тамыры»

Дөңгелек үстел

1

Наурыз

27.

Өз шығармашылықтарын презентация арқылы қорғау (АКТ қолдану шеберлігін арттыру)

Презентация

1

Қажеттілігіне қарай

28.

«Мамандықты таңдай біл!» -

Түрлі мамандармен кездесу

1

Наурыз

29.

Кілемшені қалай жамауға болады

Тренинг

1

Сәуірде

30.

«Мен кіммін?»

Пікір-талас.

1

Кезеңінде

31.

«Әуенді тап»

Интеллектуалды

ойын

1

Сәуір

32.

Оқушылар шығармаларын, жетістіктерін баспасөзде, қабырға газетінде жариялап отыру

Газет шығару

1

Жыл бойы

33.

Оқушылардың шығармашылық есебін ұйымдастыру

Кеш

1

Мамыр

34.

2015-2016 оқу жылындағы жұмысты қорытындылау

Марапаттау

1

Мамыр

 

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Қараев.Ж.А. «Деңгейлік саралау технологиясы»
2. «Бала құқығы туралы конвенция». БҰҰ Бас Ассамблеясы (20.11.1989 жылы қабылдаған;)
3. «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңы. 8.08.2002 жыл;
4. Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал.№4 2015 ж. «Дарынды және талантты балаларды оқыту» Н.Әлім.
5. «Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы». Астана. 2004.
6.«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде » ,№7.2008ж. «Дарынды балалардың шығармашылығын дамыту » С.Нұралина;
7. «Бастауыш мектеп». №5. 2009 жыл. «Дарындылықты дамытудағы мұғалімнің рөлі». Авторы: М.Жантурина
8. «Сынып жетекшінің шығармашылық үлгісі мен оқушы жастар ұйымының өзін-өзі басқару міндеттері». Алматы. 2009ж. Авторы:
9.“Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары” Г.С.Жағырапова.2006ж.
 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
385
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі