Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Бір орнында тұрып, қос аяқпен секіру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

2. Ашық сабақ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Денсаулық». Дене тәрбиесі. Тақырыбы: Бір орында тұрып, қос аяқпен секіру Мақсаты: бір орында тұрып қос аяқпен өзін айнала секіруге үйрету.Денені түзу ұстап,тепе-теңдік сақтау қабілеттерін жетілдіру.Жағымды көңіл-күй,өзіндік қимыл белсенділігін қалыптастыру. Әдіс – тәсілдері: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап Көрнекілігі: спорттық костюм киген балалар,доптар

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

  • Балалар,қараңдаршы,бізге күн сәулесі шуағын шашып тұр.Қане,күн мен амандасайықшы! Балалар жай әуенмен дөңгеленіп тұрады, күнмен амандасады.

  • Арайлап бүгін атты күн, Шашып бізге шапағын, Қуанышты бүгін күн, Қайырлы таң,балалар! Қайырлы таң,апайлар!

  • Балалар,қараңдаршы,біз бүгін қандай әдемі боп тұрмыз.Біз қандай баламыз?

  • Ақылды біз баламыз, Айтқан тілді аламыз. Жаттығу жасап шынығып, Өсіп үлкен боламыз.

Саптізбекте бірінің артынан бірі белгі бойынша тапсырманы орындай жүру,аяқтың ұшымен жүру,жәй жүгіріспен жүгіру,қолдарын созып жүру.Көрнекі бағыт бойынша шеңбер болып тұру.

Ұйымдастыру кезеңі.

Доппен жалпы дамыту жаттығулары.

1.Өздігінен уқалау: «Қолымызды жылытайық».

Қолды алға созып,алақанды жоғары –төмен аудару; алақанды ысқылау,алақанға үрлеу.4-5рет.

2.«Допқа қара».Б.қ.:қол доппен төмен.1-доппен қолды алға созу,допқа қарау;2-б.қ-қа оралу; 3-допты жоғары көтеру,допқа қарау;4-б.қ-қа оралу.4-5рет.

3.«Доппен бұрыл».Б.қ: қол доппен алға созулы.1-қолды оңға,допқа қарау;2-б.қ-қа оралу,тура қарау;3-доппен солға,допқа қарау;4-б.қ-қа оралу,тура қарау;4 – 5рет.

4. «Допты қой,ал».Б.қ.:аяқ иық деңгейінде,қол доппен кеуде тұсында.1-алға еңкею,допты еденге қою;2-б.қ-қа оралу;3-алға еңкею,допты еденнен алу;4-б.қ-қа оралу;4-5рет.

5. «Допты айнал».Б.қ.:түзу тұру,доп еденде.1-допты айнала секіру;2-б.қ-қа оралу:3-қол еркін қалыпта,доп еденде;допты айнала секіру;4-б.қ-қа оралу;4-5рет.

Тыныс алу жаттығулары. Мақсаты:Тыныс жолдарының шырышты қабатын шынықтыру.Тыныс жолы бұлшық етті нығайту, бала денесін шынықтыруды жақсарту.

Негізгі ережелер: - жаттығуларды таза ауада жасау керек; - жаттығуларды орындау кезінде таза ауамен демалу, ауаның өкпеден еш кедергісіз шығуы үшін ауызды кең ашу керек. Балаға «алманы қалай тістейсің, ауызыңды солай аш» деп түсіндірген жөн.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілі

- Қыс мезгілінде ауа- райында қандай өзгерістер болады? - Күн суытады, қар жауады, аяз болады.

- Боранның дыбысын салайықшы. Балалар, мұрындарымен ауаны жұтып, аузымен «Уууу» деп боранның дыбысын салу арқылы ауаны сыртқа шығарады.

Негізгі жаттығу.

1.Бір орнында тұрып,аяқтың ұшына көтерілу және тепе-теңдік сақтап тұру. 2.Бір орнында тұрып қос аяқпен өзін айнала секіру

Қимылды ойын: «Алтыбақан»

Босаңсу сәті:

Балалар аяқ-қол бұлшық еттерімізді босаңсытып, бәріміз кілемнің үстінде күнге ұқсап дөңгеленіп жатамыз, көзімізді жұмамыз. Қолымызды, аяғымызды еркін созып, бұлшық еттерімізді еркін демалтамыз.Көзімізді ашамыз, орнымызға тұрамыз.

Қорытынды бөлім.

Саптізбекке тұрып,қатармен жүру,жүгіру. Іс-әрекетке қатысқан балаларды мадақтап, үйлеріне қуанышты хабарлама жіберу

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: бір орында тұрып,аяқтың ұшына көтерілу және тепе-теңдік сақтап тұруды,бір орында тұрып қос аяқпен өзін айнала секіруді. Түсінеді: жаттығулардың маңызын Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық,мұқияттылық сияқты сапаларды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2019
4150
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12