жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. "Біздіің отбаслық бюджетіміз" Дүниетану 4-сынып
|
Пән: Дүниетану |
Мектеп:№4 негізгі мектеп |
||||
|
Күні:25.10.2019 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні:Сексенбаева Б.Ж. |
||||
|
Қатысқандар саны:21 Қатыспағандар саны:0 |
|
||||
|
Сабақ тақырыбы |
Біздің отбасылық бюджетіміз |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
4.1.1.3 отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдау 4.1.1.4 отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Оқушылар отбасының маңыздылығын дәлелдеуге, отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдауға үйренеді. Көптеген оқушылар: Конституцияны туралы ұғымдарын толықтырады.Оқушылар адам өміріндегі ата заңның маңыздылығы туралы қорытынды жасауға үйренеді. Кейбір оқушылар: Тапсырмалар отбасылық бюджеттің табысын және шығыстарын талдау мүмкіндігіне бағытталған. Оқушылар отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсынады. |
||||
|
Бағалау критерийлері |
- Отбасы қаражатын үнемдеу туралы қарапайым экономикалық түсініктер қалыптастырады. Бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады; |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика мен терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Оқушылар: • отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығысын талдайды; • отбасылық бюджет; • Мысалы (тілдік мақсатқа байланысты): Талқылауға арналған сұрақтар: • Отбасылық бюджет деген не? • Жазу үшін мысалдар: • Отбасының бюджеті туралы баяндаманы таныстыру |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||||
|
Бастапқы білім |
Оқушылардың 1-сыныптың «Менің отбасым және достарым» тарауынан отбасы мен достық туралы түсініктері бар.Мектепте және үйдегі өзін- өзі ұстау ережелерін 1-2 сыныптың «Өзім туралы», «Менің мектебім», «Менің отбасым және достарым» тарауларынан біледі. Олар өздерінің отбасыларының кірістері мен шығыстарын талдай алады және күнделікті өмірдегі білімдерін қолдана отырып, өздерінің шығындарын жоспарлай біледі.. Оқушылар мектептегі өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіре алады (2 тарау «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» 3-сынып) |
||||
|
Сабақтың барысы |
|||||
|
Сабақтың Жоспарлан ған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы |
Мұғалім: Мейірімді жүрекпен, Ақ көңілді ниетпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. Көңіл-күй терапиясы.
Оқушылар: Әрбір сабақ: үйрену, ұлағат, іздену. Әрбір адам: туысым, досым, бауырым. Әр ісіміз: тірек, тірлік, тіршілік. Әр сөзіміз: адалдық, бірлік, шыншылдық. Топқа бөл: 1) «Ахметовтар» отбасы 2) «Оспановтар» отбасы 3) «Асқаровтар» отбасы Жұмыс ережесін келісу
Топ ережесі: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет шапалақтаймыз! Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! Сабақтың ұраны: Көп білгің келсе,ерінбей өзің ізден! «Өзін-өзі бағалау» парақшасы таратылады. (Оның критерийлерімен таныстыру) Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Үй жұмысын тексеру «Ақыл қалпағын» киген бала үй жұмысын айтады «1-минуттағы ой» «Ойластыр» айдары Мұғалім тақтадағы суретті көрсетеді. Оқушылар осы суретті көргенде ойларына не түсті,соны 1 минут ішінде жазады. Сосын сол сөзді не үшін жазды түсіндіреді. Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек «Ақшаны сыйласаң ол да сені жақсы көреді»немесе «Тиыннан сом құралады» деген мақалдар біздің бүгінгі сабағымызға қатысты айтылғандай. Оқу мақсатын таныстыру 4.1.1.3 отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдау 4.1.1.4 отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну Отбасы бюджеті дегеніміз – бұл әдетте кесте түрінде бір айға жасалатын отбасылық кірістер мен шығыстардың есебі, отбасылық баланс.Тыңдалым https://atamuraweb.kz/?page_id=5112 видео тамашалау
Дескрипторы: отбасылық кірістер мен шығыстардың есебін жасай алады БІЗДІҢ ОТБАСЫЛЫҚ БЮДЖЕТІМІЗ
Біздің барлығымыздың отбасымыз бар.Біз онда
тәрбиеленеміз,демаламыз,еңбек етеміз,барлық қуаныш пен қиыншылықты
бірге бөлісеміз.Барлығының ортақ ісі – отбасын дұрыс ұстап,әр
мүшенің дамуына мүмкіндік туғызу.Отбасындағы шаруа ақылдасып
шешіледі.Отбасы табысты да барлығына ортақ.Оның мүшелерінің
керегіне жұмсалады.Жұмыс істеп табыс табу арқылы отбасы қоры
жиналады.олай болса «Отбасы бюджеті»біздің отбасымыздың
экономикасы - Отбасы бюджетін кімдер құрайды? - Қалай құрайды? - Бұл отбасына келіп жатқан кірістер болып саналады. - Отбасы бюджеті қалай жұмсалады? Қайда жұмсаймыз? Бұл отбасынан кетіп жатқан шығыстар. Бір сөзбен айтқанда, отбасы бюджеті кіріс пен шығыстан құралады. Қызығушылықты ояту Топпен жұмыс «Отбасылық бюджетті есептеп үйренейік» 1-2 топ тапсырмасы:(Тұрақты кіріс-ауыспалы кіріспен жоспарлы шығыс-жоспарсыз шығысты есептейді) Қандай жоспарланған бюджет екендерін айтады Қалыпты жоспарланған
бюджет «Ақша.Отбасы бюджетін қалай үнемдеу керек» (бейнеролик)көру Дәптермен жұмыс.Жаңа сөздер жазылады. (Бюджет,кіріс,шығыс,зейнетақы,шәкіртақы,несие, экономика) Сергіту сәті Күтілетін нәтижені анықтау ТОППЕН жұмыс 1-топ «Мен сатушымын» іскерлік ойыны 2топ «Мен фармацевтпін» іскерлік ойыны 3-топ «Мен МАИ қызметкерімін» іскерлік ойыны Қалыптастырушы бағалау |
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Білім тақтайшасы,маркерлер Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмала ры. Оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды. |
|||
|
| |||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген