Миялы балалар өнер мектебі
Тақырыбы: Блузка пішу
(Ашық сабақ)
Киім үлгілеу пәні мұғалімі: Умбетбаева Б
Миялы селосы 2024 жы
Оқу ісі меңгерушісі: Б.Кушелеков
«6» Қараша 2024 жыл
Сабақтың тақырыбы: Блузка пішу
Сабақтың мақсаты: Өз білгенімді оқушыларға үйрету,көрсету.Блузка пішу барысында дұрыс өлшем алуды,сызу,тігу технологиясын сақтай отыра үйренуге баулу.Жұмыс барысында тазалыққа,ұқыптылыққа,шыдамдылыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттемелер үлгі
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндірме,көрнекілік
Көрнекілігі: Үлгі
Пән аралық байланыс: Сызу математика
1.Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу
Б) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
2.Үй тапсырмасы
1. Иықты бұйымдар дегеніміз не?
2. Иықты бұйымдарға қандай киімдер жатады?
3. Өткен сабақта иықты бұйымдардың қандай бөлшегін орындадық,үйден аяқтап әкелу,көрсету.
4.Иықты бұйымның бөлшегі жағаны орындау үшін қандай өлшемді қолданады?
3. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу
Иықты бұйымдарға жататын киімнің бірі -блузка нәзік,әсем киім үлгісі болып саналады .Блузканы әр түрлі стильде киіп ,үйлестіруге болады ,ұзын немесе қысқа белдемше ,шалбармен киюге болады .Ең басты ескеретін жайт ,блузка таңдағанда денеңізді ,іш киіміңізді көрсетпей тұруы керектігін ескеруіміз керек.Блузканың материалы денені көрсетпейтіндей қалың әрі терлетпейтіндей жұқа болуы керек.Қымбат ,сапалы матадан тігілген киім өз иесін сенімдірек сезінуге көмектеседі.Өте нәзік маталардан тігілген блузкалардың ішіне астар мата қосылып тігілуі шарт.Блузка тігу үшін шифон,атлас,органза ,жаккард маталарды сәнді нәзік көрінуі үшін көбірек пайдаланады .Бүгінгі сабағымызда блузканың жеңіл түрі ,мойын өңірінде желбіршегі бар ,кеуде тұсына дейін жартылай түймеленетін блузканың алдыңғы бөлігін пішуді ,бөлшектерін дайындауды үйренеміз.Блузканы пішу үшін :
МойЖо -мойынның жартылай орамы
КЖО -кеуденің жартылай орамы
БЖО-белдің жартылай орамы
Бұ -бұйым ұзындығы .
Осы өлшемдерді сызба құрастыру үшін ,пішу үшін пайдаланамыз.
Ең әуелі бастапқы нүктені белгілеп МойЖо :2 бөліп ,ішке қарай 1 см кіргізіп нүкте белгілейміз ,бастапқы нүктеден 8см төменге қарай түсіріп екі нүктені қосып аламыз,иық ұзындығын тауып ,сол нүктеден төмен қарай 16см түсіріп белгілейміз ,осы нүктеден КЖО :2 +3 кеудені тауып аламыз ,осы нүктеден бұрыш пайда болады ,2 см етіп сызып қолтық ойындысын шығарамыз.Бастапқы нүктеден бастап Ал Бұ +1 қосып тауып нүкте белгілеп ,сол жерге БЖО :2 +3 бел өлшемін саламыз .Қолтық ойындысымен бел нүкте аралығын қосып аламыз,бел нүктесінен 10см ішке қарай белгілеп ,бүкпелерді сызып қосамыз.Бел нүктесінен 18см түсіріп сол жерге бөксені МЖО:2 бөліп қосамыз ,әрі қарай сызбадан бөлшектер дайындап моделдейміз .
4.Кім тапқыр ойыны .
Әрбір сұрақта мағыналары әр түрлі ,бірақ айтылуы және оқылуы бірдей сөздер берілген (омонимдер )
1.Бұйымға пайдаланылатын фурнитура немеса тыйым етістігі (түйме )
2.Мата қиындысынан дайындалатын бұйым немесе көл жағасында өсетін өсімдік (құрақ )
3.Киімнің ең жоғарғы бөлгінде ораналасқан бөлшек немесе өзен -көл,теңіздің етегі (жаға )
5.Жаңа сабақты бекіту.
1.Блузка сызып ,пішу үшін қандай өлшемдер керек ?
2.Мойынның жартылай орамы, шартты белгісі қалай аталады ?
3.КЖО -кеуденің жартылай орамына қосымша қанша қосылады ?
4.Блузка- қандай бұйымға жатады ?
5.Блузка қандай маталардан тігіледі?
6.Қорытынды.
Жаңа сабақты қорытындылай келе оқушыларды мадақтау және бағалау.
7.Үйге тапсырма .
Досыңның өлшемін алып ,сызба құрастыру және моделдеу ,матаға пішіп келу .
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық сабақ "Блузка пішу"
ашық сабақ "Блузка пішу"
Миялы балалар өнер мектебі
Тақырыбы: Блузка пішу
(Ашық сабақ)
Киім үлгілеу пәні мұғалімі: Умбетбаева Б
Миялы селосы 2024 жы
Оқу ісі меңгерушісі: Б.Кушелеков
«6» Қараша 2024 жыл
Сабақтың тақырыбы: Блузка пішу
Сабақтың мақсаты: Өз білгенімді оқушыларға үйрету,көрсету.Блузка пішу барысында дұрыс өлшем алуды,сызу,тігу технологиясын сақтай отыра үйренуге баулу.Жұмыс барысында тазалыққа,ұқыптылыққа,шыдамдылыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттемелер үлгі
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндірме,көрнекілік
Көрнекілігі: Үлгі
Пән аралық байланыс: Сызу математика
1.Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу
Б) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
2.Үй тапсырмасы
1. Иықты бұйымдар дегеніміз не?
2. Иықты бұйымдарға қандай киімдер жатады?
3. Өткен сабақта иықты бұйымдардың қандай бөлшегін орындадық,үйден аяқтап әкелу,көрсету.
4.Иықты бұйымның бөлшегі жағаны орындау үшін қандай өлшемді қолданады?
3. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу
Иықты бұйымдарға жататын киімнің бірі -блузка нәзік,әсем киім үлгісі болып саналады .Блузканы әр түрлі стильде киіп ,үйлестіруге болады ,ұзын немесе қысқа белдемше ,шалбармен киюге болады .Ең басты ескеретін жайт ,блузка таңдағанда денеңізді ,іш киіміңізді көрсетпей тұруы керектігін ескеруіміз керек.Блузканың материалы денені көрсетпейтіндей қалың әрі терлетпейтіндей жұқа болуы керек.Қымбат ,сапалы матадан тігілген киім өз иесін сенімдірек сезінуге көмектеседі.Өте нәзік маталардан тігілген блузкалардың ішіне астар мата қосылып тігілуі шарт.Блузка тігу үшін шифон,атлас,органза ,жаккард маталарды сәнді нәзік көрінуі үшін көбірек пайдаланады .Бүгінгі сабағымызда блузканың жеңіл түрі ,мойын өңірінде желбіршегі бар ,кеуде тұсына дейін жартылай түймеленетін блузканың алдыңғы бөлігін пішуді ,бөлшектерін дайындауды үйренеміз.Блузканы пішу үшін :
МойЖо -мойынның жартылай орамы
КЖО -кеуденің жартылай орамы
БЖО-белдің жартылай орамы
Бұ -бұйым ұзындығы .
Осы өлшемдерді сызба құрастыру үшін ,пішу үшін пайдаланамыз.
Ең әуелі бастапқы нүктені белгілеп МойЖо :2 бөліп ,ішке қарай 1 см кіргізіп нүкте белгілейміз ,бастапқы нүктеден 8см төменге қарай түсіріп екі нүктені қосып аламыз,иық ұзындығын тауып ,сол нүктеден төмен қарай 16см түсіріп белгілейміз ,осы нүктеден КЖО :2 +3 кеудені тауып аламыз ,осы нүктеден бұрыш пайда болады ,2 см етіп сызып қолтық ойындысын шығарамыз.Бастапқы нүктеден бастап Ал Бұ +1 қосып тауып нүкте белгілеп ,сол жерге БЖО :2 +3 бел өлшемін саламыз .Қолтық ойындысымен бел нүкте аралығын қосып аламыз,бел нүктесінен 10см ішке қарай белгілеп ,бүкпелерді сызып қосамыз.Бел нүктесінен 18см түсіріп сол жерге бөксені МЖО:2 бөліп қосамыз ,әрі қарай сызбадан бөлшектер дайындап моделдейміз .
4.Кім тапқыр ойыны .
Әрбір сұрақта мағыналары әр түрлі ,бірақ айтылуы және оқылуы бірдей сөздер берілген (омонимдер )
1.Бұйымға пайдаланылатын фурнитура немеса тыйым етістігі (түйме )
2.Мата қиындысынан дайындалатын бұйым немесе көл жағасында өсетін өсімдік (құрақ )
3.Киімнің ең жоғарғы бөлгінде ораналасқан бөлшек немесе өзен -көл,теңіздің етегі (жаға )
5.Жаңа сабақты бекіту.
1.Блузка сызып ,пішу үшін қандай өлшемдер керек ?
2.Мойынның жартылай орамы, шартты белгісі қалай аталады ?
3.КЖО -кеуденің жартылай орамына қосымша қанша қосылады ?
4.Блузка- қандай бұйымға жатады ?
5.Блузка қандай маталардан тігіледі?
6.Қорытынды.
Жаңа сабақты қорытындылай келе оқушыларды мадақтау және бағалау.
7.Үйге тапсырма .
Досыңның өлшемін алып ,сызба құрастыру және моделдеу ,матаға пішіп келу .
шағым қалдыра аласыз













