Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Б.Майлин "Шұғаның белгісі" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақта оқушылар Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды. Кейіпкерлер арасындағы психологизмді анықтайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: К.Рыспанова

Педагогтің аты-жөні: Елдес Нұрдәулет

Күні: 26.01.2021ж

Сынып 9

Бөлім. Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы

Б. Майлин «Шұғаның белгісі»

Оқу мақсаттары

9.1.1.1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.

9.1.2. 1 Әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;

Сабақтың мақсаты

Көркем шығарманың сюжетін, композициялық құрылымын, тақырыбын, идеясын анықтайды.

Көркем шығарманың психологизмін анықтап, талдау жасайды.

Бағалау критерийлері

Тақырып бойынша берілген эпизодтың маңыздылығын анықтай алады;

Өз пікірін мысалдар келтіре отырып қорытындылай алады;

Повесттің композициялық құрылымын талдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Ойын жүйелі жеткізуге, кез келген тақырыпқа сұхбатқа түсуге дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы,психология

АКТ-ны қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады

Алдыңғы білім


Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару.

ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «КАПИТАН» психологиялық тренигі



Мақсат қою

5 минут

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын тұжырымдайды.

Оқушылар сабақтың мақсаты айқандап, бағалау критерийлері, күтілетін нәтиже түсіндіріледі.


Жаңа материалды игеру






10 минут
















10 минут













Қызығушылықты ояту кезеңі.

1-тапсырма

«Сұрақтар шеңбері» тәсілі

1.Бейімбет Майлин кім?

2.Шұғаның белгісі дегенді қалай түсінесіздер?

3. Шұға сөзінің мағынасы қандай?

Дескрипторлар:

Сұрақ мазмұнын түсінеді;

Сұраққа нақты жауап береді


2-тапсырма. «БФЕ шаблоны (Барлық факторларды ескеру)» оқушылар берілген сұрақтарға фактілер келтіре отырып дәлелдейді.



1. Айнабай не себепті Әбдірахманның артынан арызданды?

2. Шұғаның қаза табуына себеп болған оқиғалар қандай?


Дескрипторлар:

Сұрақ мазмұнын түсінеді;

Сұраққа нақты жауап береді

Шаблон үлгісін толтырады.



3-тапсырма:. «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы шығармаға композициялық талдау жасаңыздар.


Шығарманың тақырыбы: Әйел теңсіздігі.
Әдеби жанр түрі: Орта көлемді шығарма. Себебі өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттеп, адам мінездерін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты суреттеп тұр.

Эпикалық жанр түрі: Повесть
Шығарманың идеясы: Гуманизм, адамгершілік, махаббат мәселесі.
Шығарманың композициялық құрылысы.
1. Шығарманың басталуы. Бейімбет пен жолдасы – Қасымжан ауылдан шығып, келесі бір ауылды бетке алады. Кең даланың табиғатын суреттейді. Қасындағы жолдасының аты малшылардың малға мінетін аты болған соң кейін қалып қоя береді. Жол қысқарсын деген мақсатпен жолдасы Шұғаның белгісі туралы сөз қозғайды.
2. Шығарманың дамуы. Есімбек деген байдың ортан қолдай 4 ұлы, арасында бұраңдап өскен жалғыз қызы – Шұға болады. Шұғаның келбетін  суреттейді.
3. Шығарманың байланысы. Есімбектің ауылына Әбдрахман деген Қазақбайдың баласы келеді. Шұға Әбдрахманды көріп ғашық болып қалады. Әбдрахманда Шұғаны сүйеді. Ауылда алтыбақан болып кездеседі.
4. Шығарманың шиеленісі. Айнабай деген ауыл адамы қызы Күлзипаны Әбдрахманға қоспақ ниетте болады.  Әбдрахманның әкесі үйінде шөп болмай Айнабайдың үйіне барғанда Айнабай қос қазыны бұзбай асып, бір арба шөпті тегін беріп жібереді.
5. Шығарманың шарықтау шегі. Әбдрахман Күлзипаға қарамай қойған соң, әрі Шұға мен Әбдрахманның махабаты елге мәлім болып, Айнабай  «Түріктерге жасырын ақша жинап беріп жүр» деген сылтаумен Әбдрахманды жер аудартып жібереді.
6. Шығарманың  шешімі. Содан Шұға құсалықпен ауырады. Шұғаның ауруы жанына батқан әкесі Әбдрахманды алдыртады. Бірақ Әбдрахман жеткенше Шұға қаза болып кетеді. «Шұғаның белгісі» деп отырғаны Шұғаның басына орнатылған тас.



Дескрипторлар:

Хикаяның баяндалу ретін жазып шығады.

Оқиға сюжеттің сатылай талдайды.


4-тапсырма:

«ҚҰНДЫЛЫҚТАР СПЕКТРІ» әдісі арқылы кейіпкерлер арасындағы психологизді анықтайды.

Shape1




Дескрипторлар:

Оқушылар хикаядағы жағымды-жағымсыз психологизмді анықтайды;

Кейіпкерлер мінезін аша отырып, реализмді айшықтайды.







Жазушының кітаптары















https://bilim-all.kz/article/6883-Beiimbet-Mailinnin--SHuganyn-belgisi--povesine-satylai-keshendi-taldau

Р ефлексия

5 минут

«КӘМТ (Күш, Әлсіздік, Мүмкіндік, Тәуекел)» әдісі арқылы жүргізіледі









Үйге тапсырма:

Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме жазу



Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға сұрақтарға жауап беруге, өзіндік пікірін айта алуына қолдау жасаймын.

Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға

талдау жасатамын.

Қабілетті оқушыларға мысал келтіре алу, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жазу тапсырмаларын ұсынамын.

Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, топтарды аралап жүреді. Сабақ соңында кері байланыс алады.

Кабинетте оқушылардың сынып ішінде еркін қозғалуына және бір-бірімен жақын қарым-қатынас жасауына жағдай жасалған.

Мұғалім сабақта оқушылардың бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарауын қадағалайды, уақытты тиімді қолдануға үйретеді. Тапсырмалар орындау барысында уақытты қадағалап отырады

Сергіту сәті «Санды бейнеле»

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
672
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12