400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Б.Майлин "Шұғаның белгісі" хикаяты. Шұға мен Әбдірахманның армандары. 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны аясында сабақ жоспарын іздеушілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

№15-сабақ.

Бөлім:

«Адам жанының құпиясы» бөлімі

Педагогтің аты-жөні:

Гапарова С.Х

Күні:

11.02.2021 ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты. Шұға мен Әбдірахманның армандары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе



«Тепе-теңдік дөңгелегі» әдісі





(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.
















Бейнебаян көрсетіледі.

(Жаңа тақырыпты болжау)

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Өткен тақырып бойынша сұрақтареға жауап жазады.



  1. Шығармада көтерілген басты мәселе?

  2. Шығарма кейіпкерлері кімдер?

  3. Шығарманың «Шұғаның белгісі» аталуының себебі неде?

  4. Шұғаның өліміне кім кінәлі?

  5. Әбдірахманның орнында болсаңыз не істер едіңіз?

  6. Қазіргі қазақ қыздарының тағдыры Шұғамен салыстырғанда қандай деп ойлайсыңдар?




Бейнеақпаратты көреді, жаңа сабақты болжайды.




Мақсаты: өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білу үшін


Мақсаты: Еске түсіру арқылы функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.


1-тапсырма.

Шұғаның замандастары

Қазіргі қыздар

Арманы

Арманы

Не істей алмады?

Қандай мүмкіндіктері бар?

Берілген сызбаны пайдалана отырып, екі дәуірдің қыздарын салыстыра отырып, баға береді.


Берілген сызбаны пайдаланып, салыстыра отырып, жазады.

Дескриптор:

-Шұғаның замандастарының арманын жазады- 1 балл

-Қазіргі қыздардың арманын жазады- 1 балл

-Шұға замандастарының іс-әрекетіне баға береді- 1 балл

-Қазіргі қыздардың мүмкіндіктеріне баға береді- 1 балл


Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК


2-тапсырма.

Берілген үзіндідегі

Шұғаның өзін «мұңдық» деп есептеуіне себеп болған жағдайға өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.



Не мұңдық, бұл дүниеде қыздар мұңдық,

Атадан болып мұңдық неге тудық?

Атадан мұңдық болып тумас едік,

Бұрынғы ата-баба жолын қудық...

Дескриптор:

-Үзіндінің мағынасын түсінеді-1 балл

- «мұңдық» сөзінің мағынасын ашады- 1 балл

-Болған жағдайға өз көзқарасын білдіреді- 1 балл




Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК


3-тапсырма.

Берілген үзінділерден кейіпкерлердің арманын, тілегін тауып жазыңыз.


Дескриптор:

-үзіндіні түсініп оқиды- 1 балл

-кейіпкер арманын жазады- 1 балл

-кейіпкер тілегін жазады- 1 балл

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Тепе-теңдік дөңгелегі» әдісі Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, білімін саралайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың білімін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жаңа тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді.


Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
3011
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі