400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ "Б.Майлин шығармашылығы"Шұғаның белгісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Теңеу - заттың, я құбылыстың сыр-сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін, сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы танытып, айырықша мән-мағына беру. Академик Қажым Жұмалиев теңеулердің жасалу жолын мынадай түрлерге бөледі: 1. -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін жұрнақтары арқылы;

2. -ша, -ше жұрнақтары арқылы;

3. секілді, сияқты, тәрізді сөздерінің көмегімен;

4. бейне сөзінің көмегімен;

5. тең сөзінің көмегімен;

6. ұқсас сөзінің көмегімен.


«...Ожымбай қияда қомданған алып бүркітше екі иығын қозғап қойып сөз бастады.Сыбығыны енді асықпай бозторғайдың үніндей шырылдата бастап, жан-сезімді қытықтағандай әдемі бұлбұл үніне ауысты.» (Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романынан )


Жүрегіңде бар жалын,

Жыры бейне кең дала

... Тегеште тез көпірген сүтке теңбіз.


( Қ.Бекхожин )

Метонимия - зат не құбылыстың қасиет, сапасын, түр-түсін алмастыра суреттеу. Алмастырылған заттың белгілеріне қарап, нені сөз еткенін ұғуға болады. Метонимияны алмастыру деп те атайды. «Байтал шауып, бәйге алмас»деген мақалдағы байтал әйел бейнесінде.

Метонимияда көп сөзді бір сөзбен де жеткізуге болады.Кейінгі қалған көпекке

Қалай да белін шешті екен?

Көпек - батырмен салыстырғанда бағасы төмен адам. Белін шешті - өзінен төмен адамнан жеңілгенін мойындау, жеңілу.

«Жаманға сырыңды айтпа» деген мақалдағы «жаман» сөзі «сенімсіз адам» деген мағынаны білдіреді.


Метонимия - өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір заттың екінші бір затқа атау болуы:

1. Қимыл-әрекет және оның нәтижесі: өз үйінде ою оймаған кісі үйінде кесте тігеді: 1. қимыл атауы. 2. зат атауы

2. Зат пен оның ішкі мазмұнының арасындағы шектестік: Қазан піскенше кел, ауыл оянды

3. Материал мен одан жасалған зат арасындағы шектестік: Кигені құндыз, жібек бағалы материалдар.

4. Жалқы есімдер мен олардың арасындағы шектестік: Қожанасыр – аңқау, Асан қайғының күйі – уайымшыл, Қодар, Бекежан – қатігез

5. Сапалық сын есім мен олардың заттануы: қара көрінді – зат, артымда қалар қарам жоқ – адам, қара ниеті – пейіл, қара жамылды – қайғы, қарадан шығып, хан болмас – тек, кедей қызының қалыңы 10-15 қара – мал.

6. Автор мен шығарма арасындағы байланыс: Манасты хатқа түсірген, Абайды сүйсең, менше сүй.

7. Жалқы есімдердің бір-бірімен шектестігі: жеңгемнің қолын сағындым.


Синекдоха - бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді пайдалану, яғни бұл суреттеген құбылыстарға ерекше рең, ажар беріп, айтпақ ойларын аша түсуге мейлінше ықпал еткен көркемдік тәсілдердің бірі. Синекдоханы меңзеу деп те айтуға болады.

Жығылғанды тұрғызсаң,

Жылағанды уатсаң,

Қисайғанды түзетсең,

Сұлтан ием жасапты.

(Шалгиіз)Мұндағы «жығылған, жылаған, қисайғандар» - жәбір көріп, жапа шеккендер.Ақ сақалдар мен қара сақалдар тегіс жиналды. Дудар бас шауып келді. Шегір көз әлі отыр екен. «Ақ сақал,қара сақал, дудар бас, шегір көз» деген сөздер сипатына қарай адамды меңзейді.«Сәкенді оқыдым» дегенде «Сәкеннің кітаптарын оқыдым» деген ой айғақ болып тұр.


Кейіптеу – жансыз заттарды, табиғат құбылыстарын адамға теңеп суреттеу.

Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,

Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай

Азалы ақ көрпесін сілке тастап.

Жер күлімдер өзіне беріп шырай.


(Абай)

Эпитет - заттың не құбылыстың айырықша сипаты мен сапасын анықтап,ерекше көріктендіру үшін қолданылатын айқындаулар. Абайдың өлеңдерінен эпитеті бар бір шумақ.


Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Бұраң бел,бойы сұлу, түзу аяқ

Болады осындай қыз некен-саяқ.


Метафора - суреттеліп отырған зат не құбылсты айқындай түсу үшін оларды ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап айту. Метафораны ауыстыру деп те атайды. Метафоралық тіркестер бейнелеп суреттеуге шеберлікті аңғартады. Айтайын деген ойдың әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де құбылту тәсілі керек. «Құбылту – сөздердің тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті ойды өңін айналдырып айту.


Фариза Оңғарсынованың «Түн» өлеңінен мысал:

Түн.

Аспан-жасыл жайма.

Жұлдыз-ақық,

Бұлақ-қыз,шолпы таққан сылдыратып.

Көк- заңғар.

Дала-шалқар.

Бұл сұлулық

Тұр менің жүрегімнен жыр құлатып.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
788
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі