400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Б.Майлин "Түйебай" əңгімесі" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пвтор өмірімен танысады. Əңгіме мазмұнын түсінеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектеп











Бейімбет Майлин

«Түйебай» әңгімесі





(Lesson study зерттеу сабағы)



Сыныбы: 6-сынып


Пән мұғалімі: Н.Көбеева












Аққыстау, 2016 жылы

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: З.Хиясова

Пән мұғалімі: Н.Көбеева

Күні

8.12.2015

Сыныбы

6-сынып

Пәні

Қазақ әдебиеті

Тақырыбы

Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі

Мақсаты

«Түйебай» әңгімесі арқылы сол кездегі молдадағы оқу және оның шынайы көрінісімен танысу, мәтіннің мазмұнын меңгерту, өз бетінше іздену жұмысын жасауға жетелеу.

Күтілетін нәтиже

Бейімбет Майлиннің шығармашылық жолы туралы біледі. Әңгіменің мазмұнын талдау барысында жазушының көркем тілділігіне көз жеткізеді. Шығарманы талдай білу дағдысы қалыптасады.

Әдіс-тәсілдер

«Ғажайып жұлдызша», «Сөйлеп тұрған үштік», Де Бононың алты ойлау қалпағы.

Сілтеме

6-сынып «Әдебиет» оқулығы, ғаламтор мәліметтері

Жүру барысы:


Уақыты, әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

1.Оқушылармен амандасу

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушыларды тәтті кәмпиттер арқылы үш топқа бөлу.

(формативті бағалау өздігінен жүзеге асады).

1. Мұғаліммен сәлемдеседі.

2. Тәтті кәмпиттердің түсі арқылы өз топтарына барып отырады.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Ғажайып жұлдызша»


7 минут

С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы, «Далада» өлеңін мәнерлеп оқу.

«Ғажайып жұлдызшада» үй тапсырмасы бойынша жасырылған сұрақтар беру.
1. Ақын асау тұлпардың шабысын қалай суреттейді?

2. Шабандоз баланың көңіл-күйі қалай берілген?

3. Ақын өлеңді кімге арнаған?

4. Жастарға қандай тілек айтады?

5. Мақсатқа, арманға жетер жолдағы қиыншылықтарды қалай жеңуге болады?

С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы, «Далада» өлеңін мәнерлеп оқиды.

«Ғажайып жұлдызшада» үй тапсырмасы бойынша жасырылған сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Қызығушылықтарын ояту

2 минут

«Үш бәйтерек»

Сәкен Сейфуллин

Ілияс Жансүгіров

Бейімбет Майлин

«Үш бәйтерек»»
Үш бәйтерек... Үшеуінің туысы қандай бірдей болса, тұрысы қандай әр бөлек. Біреуі – дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ, біреуі – талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым.

Біреуі – көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат – парқын,

арман – аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтып, кемел сіңіргендей қуатты да нәрлі. Үшеуі де – халқы мен заманның ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл.

Қазақтың үш бәйтерегі туралы, оның бірі Б.майлин екенін біледі.

Б.Майлин-көркем прозаның зергері,сыршыл да сыншыл лирик, әрі суреткер ақын, драматург, публицист.

ІҮ. Жаңа сабақ

5 минут


Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі

Бейімбет – қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының шебері. «Жырлағаным - кедейдің жыры» деп өзі айтқандай, Б.Майлин шығармашылығы - өзі өмір сүрген уақытпен, сол уақыттағы қалың көпшілікпен біртұтас. Сонау 30 жылдары жазылған әңгімелері күні бүгінге дейін кез-келген қазақтың аузынан түспейтін көркем шығармасына айналды.

Сөз зергері қай шығармаларын болса да өмірден алып, қоғамдық жағдайды, мезгіл ажарын дәл бейнелеп отырған.

«Түйебай» әңгімесі бойынша жоспар:

1. Қоржын томар жайлауы

2.Ауыл балалары молдадан оқуда

3. Түйебайдың сабақтан кешігуі

4. Молдамен қоштасуы

5. Қойшы Түйебай

Жаңа сабақпен танысады. Жаңа сабақ бойынша әңгімеге жоспар құрады.

Ү. Мағынаны тану

«Сөйлеп тұрған үштік»

6 минут


Топтық жұмыс

І топ.

  1. Венн диаграммасы

(Түйебай заманындағы оқу мен қазіргі заманғы білім беру жүйесін салыстыру.)

  1. Жазушының айтайын деген негізгі ойы не?

ІІ топ.

1.Б.Майлин әңгімесі неге «Түйебай» деп аталған?

2. Түйебайдың болашағын қалай елестетеміз? (қысқаша эссе)

ІІІ топ.

«Түйебай» әңгімесі бойынша кейіпкер бейнесіне талдау жасау.


Кейіп

кер

лер

Портреті

Мінезі

Іс-әрекеті

Кейіпкерлердің мінезін ашатын жолдардан үзінді

Молда





Түйе

Бай





Әңгімеші бала






Әр топ өздеріне берілген тапсырманы бірлесіп орындап, жұмыстарын қорғайды.

ҮІ. Жаңа сабақты меңгерту

Де Бононың алты ойлау қалпағы

10 минут

Ақ қалпақ – ақпараттар, фактілер

Қызыл қалпақ – ішкі сезім

Қара қалпақ - логикалық негативті ойлау

Сары қалпақ – логикалық позитивті ойлау

Жасыл қалпақ – шығармашылық ойлау

Көк қалпақ – ойлау процесін басқару

Ақ қалпақ: «Шоқынып кетсем де молданың алдын көрмеймін» деді және неліктен Түйебай «Аштан өлсем де, байдың малын бақпаймын»деп айта алмады? 
Қызыл қалпақ: Мен бұл әңгімеден қандай әсер алдым?
Сары қалпақ: Түйебай неге сабақтан қашады, бұл дұрыс емес.
Қара қалпақ: Не себепті Түйебай өз заманында құқығын қорғай алмады?

Жасыл қалпақ: Түйебайдың орнында мен болсам...
Көк қалпақ: Айтылған пікірлерді қорытындылау.

Түйебайдың бейнесіне қатысты ойларын ортаға салып, Де Бононың ойлау қалпақтары бойынша өз ойларын ортаға салады.

ҮІІ. Сергіту сәті

2 минут

Көңіл күй жаттығулары

(көңілді әуен ойнап тұрады)

  1. Ұйқысы келіп отырған адам;

  2. Жеңіске жеткен адам;

  3. Өз-өзіне сенімді адам;

  4. Түшкіргісі келіп, түшкіре алмай қалған адам;

  5. Ашуланған адам.

Стикерге адамның көңіл күйлері жазылған сөзді бір оқушы шығып қимылмен білдіреді, қалғандары табады. Осылайша кезектесіп жасырады.

ҮІІІ. Қорытындылау

3 минут

Бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты төрт жол өлең құрастыру.

Оқушылар ұйқастырып төрт жол өлең құрастырады.

ІХ. Үйге тапсырма

2 минут

«Түйебай» әңгімесін түсініп оқып, мазмұндау. Түйебайға хат жазу.


Х. Кері байланыс

3 минут

а) Қатысушылар шебер сыныптан «өздеріне қажет» деп тапқан әдістерін чемоданға жинақтайды;

ә) «Керек емес» деп есептесе, өздерінің пікірлерін қағаз қалдығын жинайтын шелекке салады.

б) «Мені қызықтырды, үйреніп алғым келеді» деген пікірді ұстанған қатысушылар өз пікірін еттурағышқа орналастырады.

Өз ойларын стикерге жазып қалдырады.

ХІ. Бағалау

2 минут

Оқушылардың білімдерін бағалау.









































Қазақ әдебиеті пәнінен 6 «с,д» сыныптарына Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі тақырыбында өткен Lesson study зерттеу сабағына рефлексивті есеп

2015 жылдың 8 желтоқсанында Б.Майлин «Түйебай» әңгімесі тақырыбында 6 «с,д» сыныптарына lesson study зерттеу сабағы өтті. Бұл екінші зерттеу сабағы болатын. Үй тапсырмасына оқушылар дайындығы әдеттегіден орташа болды. Топқа бөлуде мұз кәмпиттер арқылы болғандықтан оқушылар қызығушылығы басым болды.

Жаңа тақырыпты «Үш бәйтеректі» таныстырумен бастадым. Содан соң Б.Майлиннің өмірімен таныстырып, «Түйебай» әңгімесінің мазмұнын баяндадым. Түсінікті болу үшін барынша асықпай түсіндірдім. Оқушылар жақсы түсінді.Мағынаны тану үшін «Сөйлеп тұрған үштік» әдісі арқылы тапсырмалар бердім.

І топ. Венн диаграммасы арқылы қазіргі заман мен Түйебай заманын салыстыру.

ІІ топ. Эссе «Түйебайдың болашағын қалай елестетеміз?»

ІІІ топ. Әңгіме бойынша кейіпкер бейнесін талдау.

6 «с» сыныбында барлық топ өте жақсы қатысты, 6 «д» сыныбында ІІІ топ төмендеу болды.Алты қалпақ» әдісінде А,В,С оқушыларына көп көңіл бөлдім. Оқушылардың жауаптары жақсы болды. Сергіту сәтінде қимылмен сөзді табу керек болды. Оқушылар қызығушылықпен қатысты.

Жұптық жұмыста өлең шығарды. 6 «д» сыныбы нашарлау болды. 6 «с» сыныбы шапшаңдық танытты. Кері байланыста барлығының жақсы түсінгенін көрдім.

Сабағым алдыңғы LS зерттеу сабағына қарағанда жақсы өтті деп ойлаймын. Оқушыларға да риза болдым.

Пән мұғалімі: Н.Көбеева





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі