400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ: "Бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып, мәтін есептер шығару"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығарудың жолдарын тиімді тәсілмен үйретуге мүмкіндік береді. Педагог жолын енді ғана бастаған жас мамандарға таптырмас құрал болар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3.В

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану


Мектеп: «Жаушықұм» мектеп – лицей

Күні: 02.03.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Алшынова Ж.


Сынып:

5ә сынып


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептер шығару.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.2.5Бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару.


Сабақ мақсаттары

Бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығару жолдарын білу.

Бөлшектер бойынша мәтін есептердің шығару алгоритімі мен мәнін табу.

Бағалау критерийлері

Бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарудың алгоритімін біледі.

Мәтін есеп бойынша құрылған өрнек мәніне өз тұжырымдарын айтып дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Лексика мен терминология.

Ондық бөлшек. Жай бөлшек.Өрнек. Теңдеу.


Құндылықтарды дарыту



Математикалық тілде сауатты сөйлеуге. Тапсырма орындау кезінде ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Физика.

Бастапқы білім


Ондық бөлшек пен жай бөлшекті қосып, алу. Ондық бөлшек пен жай бөлшекті салыстыру. Ондық бөлшек пен жай бөлшекті көбейтіп, бөлу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


5 мин












2 мин

  1. Сәлемдесу.

Оқушылар сабаққа дайындықтарын реттейді.

«Шаттық шеңбері» (Оқушылар дөңгеленіп тұрып өлең жолдарын хормен айтады).

Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жылылық сезіні, жақсы лебіздер білдірейік:

Аспанымыз ашық болсын.

Деніміз сау болсын.

Күніміз жарылқасын.

Әлемде тыныштық болсын.

Отбасымыз аман болсын.

Тәртіпті, әдепті болайық! (орындарына отырады).

Сынып оқушылары кеспе қағаздағы есептерді шығарып, жауаптары арқылы топқа бөлінеді.

  1. Ой қозғау. Үй тапсырмасын АКТ пайдаланып оқушылар слайдта берілген жауаптар арқылы өзара тексереді


Сабақтың ортасы

Барлығы

30 минут



2 минут











4 минут









5 минут


















2 минут


10 минут

























Тақырыпты ашу мақсатында топқа талқылауға төмендегідей тапсырма беріледі. Мәтін есептің алгоритімін оқушылар жалпы тұжырымдап, тақырыптың ашылуына себепші болады.


Дүкеннен Марат 2 кг алма, 3 кг күріш, 1 кг сары май алды. Алма 250 тг, күріш 200 тг, сары май 900 тг тұрады. Марат дүкеншіге қанша теңге төлеу керек?


Шешуі:

Ж: 2000 тг

Саралау тапсырмалары

Тақырып мақсатына жетуге бағытталған тапсырмалар үлестіремін.Топтық жұмыс.

«Баспалдақ» әдісін пайдаланамын. (мақсаты: үш деңгей бойынша тапсырмалармен жұмыс істей отырып, оқушылар арасындағы ЖАДА-ны қалыптастыру)

1 тапсырма.

Төмен деңгей «Кім жылдам?»

Суреттегі фигуралардың қайсысын үзіксіз сызықпен сызуға болады.

2 тапсырма.

Орта деңгей. 3 топқа үш түрлі тапсырма ұсынамын. Бітірген топ алмасып есептің дұрыс шешімін интербелсенді тақтадағы жауапқа қарай тексереді. Жалпы талқылау жүреді.



1) Автокөлiк 35,2 км/сағ жылдамдықпен 2,5 сағ –та қанша жол жүріп өтеді?



2) Пойыздың жылдамдығы 84,5 км/сағ болса, онда ол 3,5 сағ-та қандай жол жүрiп өтедi?



3) Ұлудың жылдамдығы 5км/сағ. 6 сағ-та ұлу қанша жол жүредi?



Бағалау критерий

Дескриптор

Мәтінге қарай өрнек құруға дұрыс бағытын табады.

Мәселе есептің табу керек шешім жолын таба алады.

Өз тұжырымын дәлелдей алады.



Сергіту сәті:видео ролик арқылы жаттығу жасайды





3 тапсырма .

Жоғары деңгей бойынша әр топ мүшелеріне жеке тапсырма ұсынып, бітірген тапсырманы өз ортасында талқылауға мүмкіндік беремін. Талқылаудан соң өз шешімдерін жариялайды.

Жеке және топтық жұмыс жүреді.


1) Егер ойлаған санды 1,5 есе арттырып, шыққан көбейтiндiнiң мәнiнен 91,5 санын азайтса, одан кейiн айырымның мәнiн 3 есе кемiтсе, онда 9,5 шығады. Ойлаған санды табыңдар.


2) Егер 39 санын ойлаған санға бөлiп, шыққан бөлiндiнiң мәнiн 13,2 санына арттырып, одан кейiн қосындының мәнiн 0,7-ге көбейтсе, онда 14,7 саны шығады. Ойлаған санды табыңдар.


3) Егер 7,4 санын ойлаған санға көбейтіп, шыққан мәнге 12,5 азайтқандағы шыққан мәнге 2-ні көбейтсек 49 саны шығады. Ойлаған санды табу керек.


Бағалау критерий

Дескриптор

Бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығарудың алгоритімін біледі.

Берілген мәтін бойынша өрнек құра алады.

Мәтін бойынша құрылған өрнектерге арифметикалық амалдарды қолдана алады.

Өз тұжырымын дәлелдей алады

Жұптық жұмыс.



Тапсырма бойынша критерий парақшалары.

Интербелсенді тақта.

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

Келесі сабаққа дайындық мақсатында тапсырма ұсынамын.

Ені 4 см, ұзындығы 6 см болатын тіктөртбұрыш сызып, фигураны тең үш бөлікке бөл. Бөлінген бөліктерді әр түрлі түспен боя. Бөліктерден пайда болған фигуралардың ұзындығы мен енін анықтау керек.

Смайликтер. Стикер. Интербелсенді тақта

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ кезеңдерінде қолдануға болатын саралаудың тапсырма тәсілін негізге ала отырып, белсенді оқу бойынша «Баспалдақ» әдісін қолдануды жоспарлаймын. ЖАДА –ны дамытуға септігін тигізеді деген мақсатпен.


Саралаудың қарқын тәсілін негізге ала отырып, белсенді оқу арқылы қабілеті жоғары оқушыларғатапсырманы орындап қана қоймай, өз тұжырымын дәлелдеуді ұсынамын.

Оқушылардың тақырыпты меңгеруге бағытталған оқу мақсаттарына жету үшін бағалау критерийлерін ұсынамын.

Сергіту сәтін пайдаланып, оқушылардың сергіп қалуына жағдай жасаймын. Топтық ереженің сақталуын қадағалауды ұсынамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?


Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?



Жеткізбесе, неліктен?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?



Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?



Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?













Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


1:


2:


Сабақ барысынд асынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
995
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі