400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бұқар жырау "Тілек" өлеңі 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен Бұқар жыраудың "Тілек өлеңі" тақырыбындағы ашық сабақтың оқу мақсаты әдеби шығармадағы психологизмді анықтауға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Мұғалімнің аты-жөні:

Қожекенова Гүлназ Елубайқызы

Мектеп:

Соркөл орта

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 9-сынып

Күні:

22.10.2021 жыл

Тарау немесе бөлім атауы:

1-бөлім: Атадан қалған асыл сөз

Сабақтың тақырыбы:

Бұқар жырау «Тілек» өлеңі

Оқу мақсаттары:

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Уақыты

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әректеі

Ресурстар

7 минут


Сабақтың басы

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! 9-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабақты «Тілек шамы» тренингінен бастайық.

Стикерлер таңдау арқылы екі топқа бөлініңдер.

«Тілек» тобы, «Бұқар жырау» тобы

«Сұрақтары бар қорап» әдісі арқылы алдыңғы білімді пысықтау.

  1. Бұқар жырау қай жылдары өмір сүрген? (1668-1781 ж.)

  2. Жұрт оны не себепті «Көмекей әулие» атаған? (Сөйлегенде қарасөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек сөйлейтін болғандықтан)

  3. Бұқар жырау қай ханның тұсында өмір сүрген? (Абылай хан)

  4. Абылай кім, ол туралы не білесіңдер? (Абылай – қазақтың ханы, 1711-1781 жылдар аралығында өмір сүрген, қолбасшы, саяси дипломат, реформатор, халық мәдениетінің жанашыры)

  5. Оның қандай толғауларын білесіңдер? («Ай, Абылай, Абылай!», «А, тілімді алмасаң», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Ал, айтамын, айтамын», «Абылай ханның қасында», т.б.)

  6. Бұқар жырау толғауларының негізгі тақырыбы не туралы? (ел болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа Жиделібайсынға көшу мәселесі)

  7. Бұқар мұрасын зерттеушілер жөнінде не білесіңдер? (М.Көпеев, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Мағауин)

-Жарайсыңдар, оқушылар! Ауызша мадақтау

Қызығушылықты ояту. «Болжау» стратегиясы. Суреттерге қарап, тақырыпты болжаңдар.

Оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.

Сабақтың тақырыбы не туралы болмақ?

-Дұрыс, оқушылар! Сабағымыздың тақырыбы: Бұқар жырау "Тілек" өлеңі. Бүгінгі сабақта:

Сендердің білетіндерің:

Әдеби шығармадағы психологизмді анықтап, өзара талдайсыңдар.

-Мұғаліммен амандасады.

-Бір-біріне тілектерін айтады.

- Топқа бөлінеді.

- Сұрақтарға жауап береді.

-Суреттің не туралы екендігін айтып түсіндіреді.

- Сабақтың тақырыбы қайырымдылық туралы екенін болжайды.

- Сұрақтарға жауап береді.





- Суреттерге қарап, тақырыпты болжайды.

-Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.



Май шам







Қорап, сұрақтар жазылған кеспелер, стикерлер, сызба













Слайд, суреттер


5 минут


















10 минут

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ. Анықтама бұрышы.

Қазақ әдебиеттануында психологизм ұғымына алғаш назар аударғандардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы болды.

1) Ес ұғымы, яғни еске керек ұғым. Ес ұғымының арқасында дүниедегі нәрселердің бәрін, задын, сырын, сипатын, мүдетін, мұратын танимыз.


2) Іс ұғымы, яғни іске керек ұғым. Іс ұғымы арқасында табиғат ісін, күшін нәрселерін қалай пайдаланатын жолын білеміз.

Көркем шығармадағы психологизм – адамның ішкі сезімін, жан дүниесін, толғанысын, эмоциясын терең ашып көрсетуге мән беру.

Аналитикалық психологизм - адамның ішкі толғаныстарын көрсететін көркем шығармаға тән бейнелеу құралы.


ОЙ МЕН СЕЗІМ

ТОЛҒАНЫСЫ

ІШКІ МОНОЛОГ

ІШКІ ДИАЛОГ


1-тапсырма. ТЖ. «Ойлан.Бірік.Бөліс.» әдісі

Өлеңді мәнерлеп оқы. Мазмұнын топта талқыла. Сұрақтар құрастыр. Өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойын анықта.

ҚБ. Топтық бағалау.«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Кері байланыс. Ауызша комментарий

-Көркем шығармадағы психологизм ұғымдарымен, А.Байтұрсынов пікірімен танысады.










Дескриптор:

-Мазмұнын талқылайды.

-Сұрақтар құрастырады.

- Тақырып пен негізгі ойды анықтайды.



Слайдтар

















Интерактивті тақта,

оқулық

10 минут









8 минут



2-тапсырма. ЖЖ. «Үш жақты күнделік» әдісі

Өлеңнің аудионұсқасын тыңда. Өлеңнен үзінділер келтіріп, психологизмді анықта. Өзара талдау жаса.


Өлеңнен үзінді

Жыраудың ішкі толғанысы

Менің пікірім





ҚБ. Өзара бағалау. «Жұлдызымды саған беремін»

Кері байланыс. «Бір сөйлеммен түйіндеу»


3-тапсырма. Ж. «Еркін жазу» әдісі.

Өлеңді оқыған кездегі өз сезіміңді жазып, тілек ұғымына сай пікіріңмен бөліс. Өз болжамыңды ұсын. Өмірмен байланыстырып жаз.

Егерде Бұқар жырау бүгінгі ХХІ ғасырда өмір сүрсе, қандай тілек айтар еді деп ойлайсыңдар?

ҚБ Өзін-өзі бағалау тесті.

Кері байланыс. «Сыни пікір»

Дескриптор:

-өлеңнен үзінділер келтіреді;

- психологизмді анықтайды;

-өзара талдайды.




Дескриптор:

- өлеңдегі тілек ұғымын сипаттайды;

- өз пікірін 7-8 сөйлеммен жеткізеді;

- өмірмен байланыстырады;

- өз ойын қорытындылайды;

Кестемен жұмыс

аудиодиск

Үлестірме материалдар









Жұмыс дәптері

5 минут



Сабақтың соңы



Рефлексия. «Зерде».

Білім – тақырып бойынша алған ақпараттарым.

Эмоция – сабақтағы көңіл-күйім.

Баға – жетістігіме беретін бағам.

Сын – өз бойымда нені дамытуым керек?

Идея – маған келген жаңа ой.


Бүгінгі сабақта:

- «Тілек» өлеңін ақын кімге арнағанын білдіңдер;

-көркем шығармадағы психологизм ұғымына қатысты теориялық ұғымды толықтырдыңдар;

- өлеңдегі жырау сезімін шумақтары арқылы талдадыңдар;

- өз пікірлеріңді қорытып жаздыңдар.


Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Оқушылар сұраққа жауапты стикерге жазады, оқиды, тақтаға іледі.





Бүгінгі сабақта алған ақпараттарды тұжырымдап, кері байланыс береді.



Стикерлер














Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
48 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
4540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі