Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бұқаралық ақпарат құралдары 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
кез келген тұлғаға көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ашық сабақ









Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тулеулиева А.Б

Күні: 24.02.2021ж





Бөлім:

«Бұқаралық ақпарат құралдары»

Педагогтің аты-жөні

Тулеулиева А

Күні:

24.02.2021ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бұқаралық ақпарат құралдары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;

9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;

9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтайды, өз көзқарастарын білдіреді.

Оқушылардың басым бөлігі: мәтіннің негізгі ойын анықтай отырып сыни баға береді.

Кейбір оқушылар: сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Cыныпта ынтымақтасу атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Ақ тілек, ақ жүрек» тренингін жасау.

1. Топқа бөлу.

2. «Қайталау – білім айнасы». Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында «Ұяшықтарды таңда, ойлан» әдісі арқылы алдыңғы тақырып бойынша жалпы шолу жасау.

3. Тақырып атауын берілген суреттер арқылы болжау. «Қабырғадағы сурет» әдісі арқылы.

Объект 3



4. Cабақтың оқу мақсатын таныстыру.

Оқушылар оқытушымен амандасады.

Сыныпта ынтамақтастық атмосферасын құрады.


Өткен тақырыпқа шолу жасай отырып, сұрақтарға жауап береді.

«Жұлдыздар» тарату арқылы бағалау.




Слайд , көрнекіліктер, суреттер.

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)  арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.

«Тілдік бағдарға» жалпылама тоқтала отырып, түсіндіру.

«Кім шапшаң» әдісі. Топтардың шапшаңдығын байқау үшін жұмбақтар жасырылады.

1. Келеді сапар тартып алуан жолдан,
Тамаша қызығы көп түспес қолдан.
Қызығын оқысаңыз тамашалап,
Қаласаң хабарласып барлық жайдан

(газет)

2. Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді

(хат)

3. Ән салады чемодан ,
Ішінде тұр көп адам.
Естімейді сөзіңді ,
Сөйлесең де сен оған.

(теледидар)

4. Бір нәрсе қуыс-қуыс болған өзі,
Адамша естіледі айтқан сөзі.
Дауысы анық болып шыққанменен,
Көрінбес бас-аяғы екі көзі.

(радио)

5. Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.

(телефон)


Дескриптор:

-жұмбақтарды шешеді;

-ойланып жауап береді.


Айтылым тапсырмасы.
6-тапсырма. Мәтінді оқып, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді тап.


Жеке жұмыс. Тапсырма

1. Мал өрістен қайтатынын біліп тұрса да, .....................................................................

2. Әкесінің рұқсаты бола тұра, .........................................................................

3. Бұл жерде күн ыстық болғанмен, ........................................................................

4. Ол сөзді естігенше, .........................................................................

5. Терімшілер күннің салқындығын елеместен, .....................................................................

Дескриптор:

-сөйлемді толықтырады;

-жасалу жолдарын түсіндіреді.


Сабақты бекіту. «Ойлан, талда» әдісі арқылы топтық жұмыс жасау.

1– «Баспасөз» тобына: «Газет-журналдардың қоғамдағы рөлі» тақырыбында газетте мақала жариялау;

2 – «Теледидар» тобына: «Теледидар – тәрбие құралы ма?» тақырыбында диалогтік сұхбат;

3 – «Радио» тобына: «Радио – кеше, бүгін» тақырыбында постер қорғау;

Дескриптор:

-топтық жұмыс орындайды;

-мақала жазады;

-диалогтік сұхбат жасайды.

-тақырыпты аша отырып, постер қорғайды.

Жаңа сабақты түсіне отырып, берілген сұрақтарға жауап береді.





Жұмбақтарды тез-тез шешеді.




























Оқушылар мәтінге түсінігін айтады, қарсылықты бағыныңқылы сөйлемді табады.

Сөйлемдерді толықтырады, жасалу жолдарын айтады.













Топқа бөлініп, топ бойынша жұмыс жасайды. Тақырыпты аша отырып, қорғайды.









«Жұлдыздар» тарату арқылы бағалау.




























Тапсырманы орындаған оқушыны мақтау, мадақтау.




















Топтар бір-бірін бағалайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.



Слайд





































Оқулық







Сабақтың соңы

Кері байланыс:

Стикерге өз ойларын жазып, тиісті суретке жабыстырады.


Стикермен жауап береді

Тиімді кері байланыс орнату.

depositphotos_4367892-stock-photo-sticker-notes-isolated-on-the.jpg





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2021
3151
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12