Үлкен Шыған орта мектебі
Тақырыбы: CorelDRAW ішкі ортасымен
танысу.
Информатика пәнінің
мұғалімі М.Н.Халишева
Сабақтың тақырыбы: CorelDRAW ішкі ортасымен
танысу.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік Оқушыларды CorelDRAW ішкі ортасымен таныстыра отырып,
бағдарламада құжат құру, сақтау, өңдеу жолдары туралы білімдерін
қалыптастыру;
Тәрбиелік Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып,
жан-жақты болуға, ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылық Оқушылардың векторлық графикамен жұмыс
істеу
принциптерін меңгерту арқылы
теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін
дамыту;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы (лекция
–
әңгіме және ойын
элементтері)
І Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа
қатысуларын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру,
ынта назарларын ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын және
жоспарын хабарлау.
ІІ Үй тапсырмасын
сұрау
Өткен сабақты бірнеше
тапсырмалар арқылы қайталау:
Интерактивті тақта, слайд,
флипчартта, тесттік тапсырмалар.
1. «Адасқан сөздер» -
анықтамаларды қайталау
2. «Тапқырлар сайысы» -
тесттік тапсырмалармен жұмыс
3. «Кім мықты?»-диаграмманы
толтыру
ІІІ Жаңа
сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы мен
мақсатын хабарлау;
Жаңа сабақтың мазмұнын
интерактивті тақтадан көрсете отырып
түсіндіру.
Тақырыбы:
“CorelDRAW ішкі ортасымен
танысу.”
CorelDraw графикалық редакторы – геометриялық (сызық, доға,
төртбұрыш, шеңбер т.б) фигуралардан тұратын объектілермен жұмыс
жасауға арналған бағдарлама.
Мұнда әрбір объект өзіне тән
түстер мен абристерге ие. Сонымен қатар бағдарламада мәтін және
растрлық бейнелермен де жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Ондай
мүмкіндікті Corel PHOTO-PAINT сияқты қосымшаларында
қарастырылады.
Бағдарламаны іске қосу
командасы:
Пуск – Все программы –
CorelDraw Suite X3 - CorelDraw X3
немесе жұмыс үстеліндегі
арнайы жарлығынан қосуға да болады.
Сонымен
CorelDraw бағдарламасы –
негізі сызық немесе кез келген геометриялық фигура болып табылатын
векторлық объектілерді өңдеуге арналған
бағдарлама.
C orelDraw
бағдарламасының жұмыс терезесі басқа графикалық редакторлардың
терезесінен қатты ерекшеленбейді. Бағдарламаны алғаш іске қосқанда
көрінетін терезе:
Запустить программу командасын
таңдағанда құжат ашуға немесе құруға, сақталып қойылған шаблондарды
пайдалануға мүмкіндік беретін тағы бір сұхбат терезе
ашылады.
Векторлық графика CorelDraw
редакторының жұмыс терезесінің негізгі элементтерімен
танысалық.
Бағдарламаның құжат форматы
автоматты түрде Рисунок1.CDR деп
сақталады.
Жұмыс терезесінің
құрылымы:
-
Тақырып
жолы: CorelDraw X3 –
[Рисунок1] деген автоматты түрде ашылатын құжат атынан және терезе
құрылымын өзгертетін жинау, үлкейту, жабу батырмалары
орналасады.
-
Мәзір
қатары:
Файл-құжат ашу, сақтау, құру, импорт, экспорттау секілді
әрекеттерді орындау мүмкіндігін береді.
Правка – әрекеттерді қайтару немесе кері қайту, объектіні
редактрлеу жұмыстарын: көшіру, қою, көбейту, көшірмесін алу т.б
орындауға болады.
Вид- Терезе қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік
береді.
Макет-
Парақ параметрлерін өзгертуге
арналған.
Упорядочить-объектінің параметрлерін: орналасу ретін, топтау,
біріктіру, құлыптау т.б өзгертуге болады.
Эффекты-объектіге түрлі
эффектілер беру.
Растровые
изображения –
Растрлық бейнелермен жұмыс
жасауға арналған.
Текст-мәтінмен жұмыс жасауға арналған.
Инструменты –
бағдарламаны баптауға
мүмкіндік береді.
Окно-қосымша терезелерді терезе аумағына шығаруға мүмкіндік
береді.
Ішкі терезені басқару
батырмалары –
жинау, жаю,
жабу.
-
Стандарттар
қатары: Құру, Ашу, Сақтау,
Баспаға шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою, Кері қайту, Алға өту,
Импорт, Экспорт, Бағдарламаның қосымшаларын ашу, Веб –түйін, парақ
масштабы.
-
Қасиеттер
панелі: Парақ немесе белгілі
бір объектіге қатысты қасиеттерін көрсетіп тұрады. Объектінің х, у
осі бойынша орналасуы, объект өлшемі, объект масштабы пайызбен,
айналу бұрышы, объектінің бұрыштарын өзгерту,
т.б.
-
Жұмыс
аймағы: Алғаш бір
парақ Страница
1 деген атпен ашылады.
Парақтың санын (тышқанның оң жағын парақ атауында
шертіп, Вставить страницу
перед немесе после текущей) және парақтың атын (тышқанның оң жағын парақ атауының
үстінде тұрып шерту, Переименовать
страницу) өзгертуге болады.
Жұмыс аймағының үстіңгі және сол жағында сызғыш
орналасады.
-
Анықтама: Бағдарламамен жұмыс жасауға, әрбір объектімен жұмыс жасау
тәсілдері туралы кеңестер алуға болады.
-
Түстер: Түстерді таңдау мүмкіндігін
береді.
-
Қалып күй
қатары: объектінің парақтың
қай жерінде орналасқаны туралы және сол объектімен қалай жұмыс
жасауға болатыны және объектінің түсі мен шекара сызығы туралы
анықтама көрсетіп тұрады.
IV Алған білімдерін
пысықтау
Үстінде оннан сексенге
дейінгі балдармен белгіленген сұрақтарға жауап беру арқылы
сәйкесінше балл жинаулары тиіс.
10. CorelDraw бағдарламасын
іске қосу командасы?
20 CorelDraw графикалық
редакторының құжатының форматы?
30 Парақ саны көбейту
командасы?
40 Қалып күй қатары қай
жерде орналасқан және қандай қызметі
бар?
50 Макет мәзірінің
қызметі?
60 Упорядочить мәзірінің
қызметі?
70 Окно мәзірінің
қызметі?
80 Қасиеттер терезесінің
қызметі?
Екі топқа сөзжұмбақ беріледі. Сөздерді тақтаға шығып,
жазу керек.
V Алған білімдерін
бекіту
Екі топқа екі түрлі сұрақ жасырылады, сұрақтарға әріппеп
жауап берсе сол әріп ғажайып алаңнан ашылуы тиіс. Егер барлығына
бірден жауап беретін болса, онда барлық әріп бірден ашылады. Әрбір
толық жауапқа бес бал беріледі.
VІ Үйге тапсырмасын
беру
Реферат дайындау «Графикалық
редакторлардың жаңа мүмкіндіктері», сабақты
қайталау
VІІ Сабақты
қорытындылау
VІІІ Білімдерін
бағалау