жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: Д дыбысы және әрпі
Білім беру саласы:Қатынас
Білімкөздері:Сауат ашу
Тақырыбы: Д дыбысыжәне әрпі.
Мақсаты:
Білімділігі:Балаларға "Д д" дыбысы мен әрпін таныстыру. Д ддыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету.
Дамытушылығы: Д дыбысы бар сөз,сөйлем ойлату
арқылы балалардың тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі:Балаларды ұқыптылыққа,
еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа , қайырымдылыққа тәрбиелеу. Әдемі, таза
жазуға баулу .
Сабақтыңтүрі: саяхат сабақ
Әдіс –тәсілдер:түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ жауап.
Көрнекілік: суреттер, слайд
|
Іс- әрекет бөлімдері |
Педагогтың іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Ынталандыру. Сезімді ояту. 3мин |
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте!
I. Шаттық шеңбері Қол ұстасып кәне біз, Достасайық бәріміз. Қайырлы күн! Жан досым, Жылуыма жылу қос Міне, менің қолым! Бір – бірімізді қолдаймыз, Қиын шақта қорғаймыз, Біздің топта ұл – қыздар, Тату – тәтті ойнаймыз. Good morning baby! Hello, hello Hello, hello, How are you? How are you? -I am fine, Thank you! |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады |
|
Ұйымдастыру Ізденістер 2мин 18 мин 5 мин |
- Балалар бәрімізде «Қызыл телпек» ертегісін жақсы білеміз ғой. Сол ертегідегі басты кейіпкеріміз, қызыл телпек бүгін көмек сұрай келіпті . Қызыл телпекке көмектесейік пе? -Қызыл телпек ауырып жатқан әжесінің қалін сұрауға жолға шығыпты. Орманда оның алдынан қасқыр шыға келіп, оны жемекші болады. Егер біз қасқырдың тапсырмаларын орындасақ, ол қызыл телпекті босатады.
- Ендеше қасқырдың
тапсырмаларын орындап, қызыл телпекке
көмектесейік -Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? — Қане дыбыстайық — Кім айтады с дыбысы қандай дыбыс? — с дыбысына қатысты сөздер айтайықшы — өте жақсы С дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі екен. - Жақсы, балалар, қасқырдың тапсырмасын жақсы орындадыңдар, бірақ қасқырдың әлі көптеген тапсырмалары бар екен.соларды орындасақ қана қасқыр қызыл телпекті босатамын дейді. - Ендеше қасқырдың тапсырмаларын орындау арқылы қызыл телпекке көмектесейік. 2.Қасқырдың тапсырмасы: Жаңа сабақ.(Электронды оқулық арқылы түсіндіру) Электронды оқулықтан күй тыңдату Домбыра әуені орындалады.
Д дыбысына байланысты сөздер айтылады, д дыбысының орнын анықтау керек. Жарайсыңдар, балалар, қасқыр бізге риза болды.
3.Қасқырдың тапсырмасы: Дәптермен жұмыс - тақтада көрсету - ауада бірлесе жазу Д –әрпін жазу, топты аралау, көмек қажет еткен балаларға көмектесу. -Сызба бойынша сөйлем құрау - Балалар, қасқыр бізге риза болды. Топтық жұмыс Ағылшын New words: Friend-дос Ball -доп dombra-домбыра copybook-дәптер dolphin-дельфин 1. Friend (Аудару) 2. do_bra (түскен әріпті тап) 3. Friend-дос Ball –доп dombra-домбыра (cәйкестендір) 4. Friend (дос сөзін тап) Сергіту сәті: «Clap Your Hands» Топтық жұмыс Сауат ашу 1-тапсырма Балалар,біз сендермен бүгін сабақта Д әріпі және достық жайлы өтіп жатырмыз.Ендеше сендер Д әріпі және достық жайлы қаншалықты білесіңдер тексеріп көрейік. Мен әр топқа тақырыпқа байланысты тапсырмалар дайындап әкелдім. 1-топқа: Дауысты ,дауыссыз дыбыстарды ажырат. 2-топқа: «Дана, доп,достар» сөзіне дыбыстық талдау 3-топқа: Д әріпінен басталатын суреттерді тап (артық суретті тап) 4-топқа: аппликация мозаика (қиындылардан сурет құрап шық) Көрініс: Екі дос -Екі дос қандай оқиғаға тап болды? -Досының істеген ісі дұрыс па? -Сендердің достарың бар ма? -Достарыңа көмектесесіңдер ме? -Досты жарты жолда тастауға бола ма? |
көмектесейік с дыбысы с, с,с дауыссыз сағат, сақина - Ендеше қасқырдың тапсырмаларын орындау арқылы қызыл телпекке көмектесейік. Балалар жаңа сабақты тыңдап,сұрақтарға жауап береді домбыра д дыбысынан д д д д д дауыссыз . топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды және өз жасаған жұмыстарын түсіндіріп береді. Сергіту жаттығуын жасайды. |
|
Қорытындылау Рефлексия Өзін- өзі бағалау Мадақтау 2мин |
Ойын: « Кім шапшаң» Ойыншықтарға сөйлем құрау Бүгін қандай дыбыспен таныстық? -Д дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па? -Д әрпіне байланысты сөздер айтайықшы Балалар сендердің көмектеріннің арқасында қасқыр қызыл телпекті босатып жіберді.Себебі сендер тапсырманы дұрыс орындадындар.Қызыл телпек анасының пісірген бәліштерін әжесіне апарып берді. Қызылтелпектің бәліштерін тарату. Балаларды сабаққа қатысулары бойынша топ жұмысын бағалау,мадақтау. (бағдаршаммен) Біздің достығымызды білдіретін «Достық» әнін айтайық. Іренжітпе досыңды. Мен қостаймын осыңды. Тату ойнап әрқашан . Көтер көңіл қошыңды. Ойнайық та күлейік. Көңілденіп жүрейік. Бақыт кілті достықтың. Татулық деп білейік. |
д дыбысы дауыссыз домбыра, доп,дала Бағдаршам арқылы бағалату |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген