Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, "Дара және күрделі сын есім" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне сабақ жоспарын жасауда көмегі болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні

50 жалпы орта білім беретін мектеп, Бекмұратова Дина Кеңесбайқызы

Күні:


Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Негізгі және туынды сын есім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.

Қолданылатын ресурстар

Жеміс, көкөніс, кеңсе заттары, т.б. заттар. «Білімлэнд» сайтынан: https://youtu.be/-mh3cDf6JR0

Мақалдар, бейнежазбалар, Венн диаграммасы, «Консенсус» әдісі

Сабақтың барысы


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

1.Топқа бөлу

«Сиқырлы дорба»

Шарты: берілген жеміс, көкөніс, кеңсе заттары, т.б. заттарды оқушылар сиқырлы дорба ішінен алып, түстеріне қарай топтасады. Әр алған затқа оқушы сипаттама беру арқылы, сын есім ұғымын қайталап, еске түсіреді.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Сын есім туралы білімдерін еске түсіреді.

2. Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты, дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады.

Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Өткенді еске түсіру

«Білімлэнд» сайтынан: https://youtu.be/-mh3cDf6JR0

Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттығуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.



Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.











ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.



Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары.





«Білімлэнд» сайтынан: https://youtu.be/-mh3cDf6JR0


Сабақтың ортасы

Ой қозғау!

(Ө, Т, Ұ) «Су – тіршілік көзі» дегенді қалай түсінесің? сұрағына жауап табу үшін әр топқа қағаз таратылады. Тапсырма «Консенсус» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр оқушы қағаздың шетіне өз ойын жазады. Жазып болған соң, топ мүшелері ақылдаса отырып, қағаздың ортасын «Су – тіршілік көзі» ортақ пікірін жазады. Топ ішінен бір оқушы шығып, өз ойларын ортаға салады. Қалған топ мүшелері пікірді толық түсіну үшін сұрақтар қойып немесе пікірлер айта алады.

Ықтимал жауаптар: суды ішеміз, шомыламыз, су еріткіш, судан электр қуатын алады, су ауруларды емдейді, су жолымен адам қатынайды, су арқылы үйді жылытады.

9-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтады. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

(МК; Ө; Қ) Жоспар құру. Мұғалімнің көмегімен «Су – тіршілік көзі» мәтіні бойынша жоспар құрылады:

1. Судың маңызы.

2. Табиғаттағы су айналымы.

3. Судың адам өміріне қажеттілігі.

Мазмұндама жазуға үйрету реттері:

1 . Мұғалімнің мәтінді түсінікті, мәнерлі етіп оқып беруі.

2. Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға оқушылардың жауап беруі.

3. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздермен жұмыс.

Жазылуы қиын сөздерді тақтаға жазып қою.

4. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің жоспарын құру.

5. Оқушылардың мәтін мазмұнын айтуы, мазмұндама жазады.

Дескриптор:

  • Жаңа білімді меңгереді.

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

  • Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады. Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.


3.4.2.4.(Ұ, Т, Ш) «Шығармашылық жұмыс» тақырып көлемінде жұмыстанады:

1-топ:Негізгі және туынды сын есімдерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу.

Бұл тапсырманы ВЕНН диаграммасы арқылы салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылығын табады. Оқушылар топта талдап, топтан бір оқушы шығып, сынып алдында жұмыстарын қорғайды.

Ық тимал жауаптар:

Ұқсастығы: Барлығы да сын есім, қандай? сұрағына жауап береді.

Айырмашылығы: Жаңа, көк, жүйрік- негізгі сын есімдер, түбір сөзден жасалған. Әдепті, сүтті, атақты, көктемгі- туынды сын есімдер,жұрнақ жалғану арқылы жасалған.

Бағалау дескрипторы:

- сын есімдерді салыстырады;

- ұқсастығы мен айырмашылығын табады;

2-топ: Берілген сөздерден туынды сын есімдер құрастырады.

Көктем, тау, бұлбұл, гүл, біл, дала,

3-топ: «Ойлан, тап» ойыны.

Берілген сөздерді заттың сипаттауына қарай топтастырады. Бұл не? деген сұраққа жауап жазады.
Мысалы: Мөлдір, түссіз, аққыш, дәмсіз, сұйық (су)
Ақ, ұлпа,ерігіш, мұздай,қалың, қиыршықты (қар)
Сұйық,өткінші, қарлы,ақ, сылбыр (жаңбыр)

Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.

Белсенді оқу тапсырмалары

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Форматив

ті бағалау.



ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.































ҚБ:.

«Алма, лимон, қияр сияқты қолда бар жеміс, көкөністердің жақсы









Оқылым, жазылым тапсырмалары.























Топтық тапсырмалар



Сабақтың соңы

10-жаттығу. Жасырынған мақалды (Судың да сұрауы бар) тауып оқып, мағынасына талдау жасау.

«Судың да сұрауы бар» мақалды мағынасына қарай талдап шығады.

3.4.2.4 (Ө; Ж; Ұ) Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жазу. Сын есімдерді тауып, олардың түрлерін ажыратып, түсіндіру.

11-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жазады. Сын есімдерді тауып, олардың қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін ажыратып, түсіндіреді.

Көлді, үкілі, өткір – сын есімдерді сөз құрамына талдап, түсіндіреді.

Жұмбақтың шешуін табуға қай сөз көмектескені туралы өз ойын білдіріп, дәлелдейді. Жұмбақтың шешуі: қамыс.

3.4.2.4 (Ө; Ж; Қ) Туынды сын есім жасау. Сөйлем құрастырып жазу.

Семантикалық картамен жұмыс

Негізгі сын есімдер

Жұрнақтар

Туынды сын есімдер

ақ

-дау, -деу,

-лау, -леу,

-тау, -теу,

-шыл,

-ғылт,

-ғыш


боз


жасыл


сары


үлкен


көк


ұсақ



Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.


ҚБ: оқушы жұмыстары балдық жүйемен бағаланады

7-5 балл

.













Семантика-

лық карталармен жұмыс

Кері байланыс

3.4.2.4 (Ұ, Ө. Т) Тест. Саралау тапсырмасы
1.Түбір сөзден болған сын есім
а) туынды ә) негізгі б) сын есім
2. Туынды сын есімдер қатарын тап
а) сүтті, ұсақтау, көкшіл ә) таза, қалың, әдемі б) әдепті,ақ, жүзгіш
3. Түбірі зат есімнен жасалған сын есімдер қатарын тап
а) сүтті, ақылды, бұлтты ә) білгіш, тапқыш,жүзгіш б) мөлдір,биік, кішкентай
4.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім
а) сын есім ә) негізгі б) туынды
Бағалау дескрипторы
- туынды және негізгі сын есімді табады;
- негізгі, туынды сын есімді ажырата алады;.....

«Судың үш күйі» кері байланыс.

«Су» - өте жақсы түсіндім, қызықты болды!


«Бұлт» - сабақты жақсы түсіндім.

«Мұз» - тақырып бойынша әлі ізденуім керек.

Picture 2

Сабақты тест жұмыстары арқылы бекіту.

Сабақтан алған әсерлеріне кері байланыс береді.

«Судың үш күйі» кері байланыс.


Тест парақшасы.

Кері байланыс тақтайшасы.



















50 «жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Сабақтың тақырыбы:

«Негізгі және туынды сын есім»

(қала көлемінде өткізілген ашық сабақ)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2021
907
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12