Сабақтың
тақырыбы: «Дәріханада», септік
жалғаулары 5-сынып
Сабақтың
мақсаты: 1. Септік жалғауларының
қолданысын меңгерту.
Мәтінмен, жаңа сөздермен жұмыс
жүргізу.
2. Тапсырмаларды орындата
отырып,
ізденіске,білімділікке,
шығармашылыққа жетелеу.
Ойын,сөзін еркін айта
баулу. жол ашу. Сөздік
қорларын молайту.
3.Салауатты өмір салтын
ұстануға шақыру.
Сабақтың
әдісі: түсіндірме, сұрақ-жауап,
аударма,диалог
Сабақтың
қөрнекілігі: қиықшалар,интерактивті
тақта, суреттер.
Сабақтың
түрі: ашық сабақ
Сабақтың
барысы: 1. Амандасу,
түгендеу.
А) Психологиялық ахуал
тудыру.3
минут
2.
Үй
тапсырмасын тексеру (жұп бойынша), бағалау.
А) Септік жалғауларын
қайталау,еске түсіру.
(Ойын түрінде)
3
минут
А) Топқа бөлу (Жереби
бойынша)
1-топ- А дәрумені
2-топ- Д-
дәрумені
3. Жаңа
сабақ
Сабақтың мақсатын айтып өту.
А) Жаңа сөздермен слайд
арқылы жұмыс жүргізу. 3 минут
Дәріхана-аптека
Сатып аламын-куплю
Дәрі –лекарство
Дәрумендер-витамины
Дәріханашы-аптекарь
Жақын-близко
Ә) Жаңа сөздермен сөз
тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.
Б)
Мәтінмен
жұмыс жүргізу. Оқу, аудару. 7
минут
1-топқа
Біздің үйдің жанында үлкен
дәріхана бар. Онда менің анам жұмыс істейді.
Дәріханада дәрумендердің түрлері,дәрілер көп.
Анам дәріханадан әр түрлі дәрумендер әкеліп береді.
Дәрумендер адам ағзасына өте пайдалы.
2-топқа
Денсаулық-зор байлық.
Денсаулық болса, бәрі де болады. Олай болса, дені саудың- жаны да
сау. Денің сау болу үшін дұрыс тамақтану керек. Әр түрлі жеміс
жидектерді жеп,дәрумендерді дер кезінде қолдану денсаулыққа пайдалы.
В) Сергіту сәті.(
Музыкамен) 2
минут
Г)
Мәтіннен
септік жалғауларын тауып, анықтау. 3
минут
Д) Адасқан сөздерді дұрыс орналастыру. 3
минут
1.
Балықта,сүт өнімдері,жаңғақ,бұршақ,қызылша,
бар,кальций
2.Бауырда,кездеседі,А
дәрумені,сәбізде.
3.Кездеседі,тауық
етінде,жұмыртқада,бұршақта, В дәрумені, мал
етінде
4. бар,өсімдік майында, көкөніс
жапырағында,жұмыртқада, Е дәрумені.
- Сонымен, балалар, кальций қандай тағамдарда
кездеседі?
-А дәрумені қандай тағамдарда
кездеседі?
-В дәрумені қайда кездеседі?
-Е дәрумені қайда кездеседі?
Д)
«Дәріханада» тақырыбына диалог құрастыру.
5
минут
1-оқушы:- Сәлеметсіз
бе!
- Сәлеметсіз бе!
- Маған «а» дәрумені керек еді.
- Мен сізге Аевит дәруменін
берейін. Онда « а» дәрумені бар. Оны алу үшін тапсырманы орындаңыз.
«Дәріхана» сөзін септеңіз.
2-оқушы. –Сәлеметсіз
бе!
-Сәлеметсіз бе!
-Маған бастың дәрісі керек
еді. Басым қатты ауырып тұр.
-Мен сізге парацетомол
берейін. Ол үшін сіз мына сұраққа жауап беріңіз.
Тапсырма. «Дәрумен» сөзін
тәуелдеп жаз.
Сабақты қорытындылау 3 минут
-Балалар, денсаулығымыз жақсы
болу үшін не істеуіміз керек?
-Адам ағзасына қандай дәрумендер
пайдалы?
-Олар қандай тағамда кездеседі?
- Қанша септік жалғауы
бар?
Рефлексия 4
минут
-Енді,балалар, мына себетке адам ағзасына пайдалы
дәрумендері бар жеміс-жидектерді толтырайық
Қызыл алма-
ұнады
Жасыл жүзім-онша
емес
Сәбіз -ұнаған
жоқ
Үйге тапсырма:
«Денсаулық» деген тақырыпқа 4 мақал жаттап
келу.
Бағалау. Сау болыңдар!
Барлық балаларға дәрумендер тарату.
«№20 мектеп -лицей»
КММ
Ашық сабақ
жоспары
Тақырыбы: Дәріханада.
Септік жалғаулары
Дайындаған: қазақ тілі мен
әдебиеті
мұғалімі Жақсылықова
М
Ашық сабақтың талдауы.
27.12 21015 ж 5 «А» сынып
оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен лексикалық тақырып бойынша
«Дәріханада», грамматикалық тақырып «Септік жалғаулары» тақырыбында
ашық сабақ болып өтті.
Топта 14 оқушы жұмыс жасады. Сабақ әр кезең
бойынша өрбіді.
Алдымен сабақтың мақсатын алдыға қойып, сол
бағытта жұмыс жасалды. Мақсаты төмендегідей:
Жаңа сөздерді меңгере
отырып, сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастыра білу.Мәтінді мәнерлеп
оқи отырып, аударма жасау,септік жалғауларын анықтау,диалог
құрастыра білу. Сабақтың мақсатын анықтап алып,сабаққа
психологиялық ахуал жасалды. Үй тапсырмасы ойын түрінде
сұралып,бағаланды. Оқушыларды 2 топқа бөліп:
1-топ- «А» дәрумендері
2-топ- «Д» дәрумендері
деп аталып,оқушылардан А,Д
дәрумендері қандай тағамдарда кездесетіні жайлы мәлімет алынды.
Бағалау парақшалары таратылып, жаңа сөздермен жұмыс жүргізілді. Сөз
тіркестері мен сөйлемдер құрастырылды. Әр топқа мәтіндер таратылып,
оқушылар мәтінді аударып, септік жалғауларын анықтады. Мәтінмен
жұмыстан соң, музыкамен сергіту сәті жүргізілді.Одан соң, келесі
тапсырма адасқан сөздерді дұрыс орналастыру тапсырмасы орындалды.
Үшінші тапсырма оқушылардың тілін,ойын,сөздік қорын молайту
мақсатында екі топ «Дәріханада» тақырыбына диалог құрастыды. Ол
үшін сыныпта «Дәріхана» бұрышы ұйымдастырылды. Оқушылар тапсырманы
қызығушылықпен өте жоғары деңгейде орындай
білді.
Сабақтың соңында сабақ қорытындыланып,
оқушылар сұрақ-жауапқа белсенді жауап берді. Рефлексия ретінде
оқушылар берілген себетке дәрумендерді толтырды.
Үйге тапсырма беріліп,бағалау парақшалары
жиналып, бағаланды.
Сабақта интерактивті тақта, қиықшалар,
суреттер,дәрі-дәрмектердің қораптары, денсаулық бұрышы,дәрігер
халаттары пайдаланылды.
Қорыта келе, оқушылар өте жоғары деңгейде
сабаққа қатысып,барлық тапсырмаларды орындай білді. Сыныптың
қабілеті өте жоғары болғандықтан сабақ 95 пайыз қазақ тілінде
өтті.Берілген тапсырмалардың орындалысын қорыта отырып, алдыма
қойған мақсатқа жеттім деп ойлаймын.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Жақсылықова
М.А.