Ашық сабақ «Дәрумендер»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Дәрумендер»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін: 12.11.2018ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Дәрумендер»

Мақсаты: Дұрыс тамақтану, дәрумендер туралы түсініктерін кеңейту, жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыруға (жемістер мен азық түліктер) сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету. Балаларға жемістердің, көкөністердің дәруменге бай екенін, денсаулыққа пайдасын түсіндіру.

Көрнекілік: суреттер, акварель, гуаш, түтікше, гупка, қол сүрткіш, ақ парақ, жұмыртқа.

Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, «Тәй-тәй» технологиясы, «Ойын» технологиясы, сұрақ-жауап.

Билингвалды компонент: дәрумен-витамин, көкөністер-овощи, жемістер-фрукты.

Балалар, қараңдаршы бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге көп қонақтар келді. Қане, барлығымыз шаттық шеңбер бойына жиналып, айналаны қоршаған ортамен қонақтармен амандасып алайық.

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Еш уайымды білмейміз

Қуанамын менде

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Армысыздар апайлар,

Армысыңдар достарым!


Балалар шаттық шеңбер бойына жиналып, қимыл-қозғалыспен орындайды.

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз «Коммуникация» білім беру саласы, сөйлеуді дамытудан тақырыбы «Дәрумендер».

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз айларын атап беріңдерші



Күзде ауа райында қандай өзгерістер болады?



- Суықта тоңып ауырып қалмас үшін не істеу керек?

- Балалар сендер күз мезгілі жайында жақсы біледі екенсіңдер. Ал дәрумендерді қайдан аламыз?

  Жемістер қайда өседі?

Көкөністер қайда өседі?

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

- Балалар мына суреттердегі  жемістерді атаңдаршы? /көрсету/

—   жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер көп.

Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді. Денсаулық сақтап, салауатты өмір сүру үшін дәруменнің пайдасынан басқа спортпен шұғылданған жөн. Денсаулығың мықты, әрі сымбатың әдемі болып өсуіміз үшін тазалықты қатар алып жүрген дұрыс. Біз тамақты күніне неше мезгіл ішуіміз керек екен? Төрт мезгіл. Таңертең, түс, түстен соң және де жатар алды кезінде. Дұрыс. 
Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар. Сол дәрумендердің бірнешеуін қонаққа шақырып қойдым. (Осы кезде есік қағылып дәрумендер қонаққа келеді). 
Сәлеметсіздер ме, балалар! 
Сәлеметсіз бе, дәрумендер! 
Мен «А» дәруменімін. Мен асқабақта, өрікте, қызанақта, салатта, сендер күнде ішіп жүрген айранда боламын. Мені күнде өз тағамдарында қолданған балалардың көздері жақсы көретін болады. Бойларына күш қуат беремін.
(Ақнәзік) 
Ал мен, «В» дәруменімін. Мен балықта, картопта, асбұршақта, сиыр етінде, жаңғақта, нан өнімдерінде боламын. «В» дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан айналымдары күшейіп, жақсы жүгіретін болады.
(Жанбике

Мен «Д» дәруменімін. Мен жұмыртқада, балықтың майында, сүт тағамдарында, яғни ірімшікте, қаймақта боламын. Мені қолданған баланың сүйегі мықты болады. Қалай иілсеңдер де, сүйектерін мықты болып өседі. (Жансұлу

-Өте керемет дәрумендер! Сендерге рахмет! Сендер біздің балалар үшін өте пайдалы екенсіңдер. Балалар айтыңдаршы сендер дәрумендердің жеміс-жидектерде тағы басқа тағамдарда болатындығын білдіңдер ме?

Олай болса біздің балалардың дәрумендер туралы тақпақ біледі, тыңдайық. 
Балалардың тақпақтары: 
Дәрумендер тірегің, 
АВСДЕ деп аласың. 
Жетіспесе бірі оның, 
Ауырып сен қаласың. (Иманғали) 


А - сы қажет көзіңе, 
В - сы қажет жүйкеге (Аяна) 


А - болады асқабақ, 
Өрік, айран, салатта, 
В - балық, картоп, асқабақ, 
Сиыр еті жаңғақта, (Сабина) 


С - апельсин, алмұртта, 
Д - балық майында, 
Е - қарақаттан табылар. (Диас) 

  • Өте керемет балалар, жарайсыңдар! Балалар, енді біз орталықтарға бөлініп, жұмыс жасаймыз.

1.Әдебиет орталығы.

Әдебиет орталығында әр түрлі пазылдардан суретін құрастыру. Құрастырылған бейнеден әңгіме құрастыру.

2.Өнер орталығы. Өнер орталығында ақ парақ бетіне акварель бояуын тамызып, түтікшенің көмегімен үрлеп жеміс ағашының бейесін саламыз. Жеміс ағашына мынадай гупканы бояуға батырып, бастыру әдісі арқылы алманы саламыз.



3.Зерттеу орталығы.

Зерттеу орталығында дәрумендердің бірі жұмыртқаны піскен бе әлде шикі ме осыны зерттейтін боламыз.

Әр балалардың алдына екі жұмыртқадан беріледі. Балаларға піскен жұмыртқаның және ортасындағы сары бөлігі піскен уақытта салмағы азаятындығын түсіндіремін. Ал, шикі жұмыртқаның ортасындағы сұйық бөлігі кедергі болады. Сондықтан шикі жұмыртқа дөңгелене айнала алмайды. Бұдан шығатын қортынды, піскен жұмыртқа тез айналады, ал шикі жұмыртқаның айналуы қиындау болады екен.

Балалардың жұмысын ілгішке ілу. Өз ойларын сұрау.

Сергіту сәті:

Топ топ басайық

Қолға себет алайық

Көкөністі жинайық

Жемістерді алайық

Оңға солға иіліп

Орнымызды табайық.

-Жарайсыңдар балалар, керемет! Бір серегеп қалдық. Олай болса барлығымыз «Жақсы-жаман» ойынын ойнайық. Ойынның шарты: балалар суретте көрсетілген жақсы мен жаманды ажыратып, әңгімелеп беру керек. Көгөністер туралы әңгімелеу.

Балалар өз ойларын айтады.

Балалардан бүгінгі оқу қызметінен не түсінгендерін сұрақ-жауап арқылы сұрау, қортындылау. Балаларды марапаттау.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
10410
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі