жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Дәрумендер және олардың маңызы" 8сынып
Мектеп |
Маралдыорта мектебі» КММ |
||||||||||||||||||||
Күні |
|
||||||||||||||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: |
Қаирбаева Динара |
||||||||||||||||||||
Сынып 8 |
Барлығы - Қатысқандар – Қатыспағандар - |
||||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
Қоректену |
||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Дәрумендер және олардың маңызы. Суда еритін және майда еритін дәрумендер. Дәрумендердің тәуліктік мөлшері. Авитаминоз, гиповитаминоз және гипервитаминоз. |
||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
8.1.2.5 - адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау
|
||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Дәруменнің анықтамасын, түрлерін біледі. |
||||||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Дәрумендердің суда және майда еритін түрлерін талдайды, дәрумендердің жетіспеушілігі мен артықшылығы кезінде туындайтын өзгерістерді түсіндіріп, болжап бере алады. |
|||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: Тамақ өнімдерінде дәрумендердің сақталу жолдарын қарастырады, тың ойлар айтады. |
|||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
-Дәрумендерге сипаттама береді, терминнің мәнін ашады; -Дәрумендердің белгіленуі мен түрлерін анықтайды; -Дәрумендердің жіктелуін анықтайды, соған байланысты түрлерін жүйелейді; -Дәрумендердің керекті тәуліктік мөлшерін талдайды,жетіспеушілігі мен артықшылығындағы туындайтын өзгерістерге түсіндірме бере алады. |
||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар ... істей алады Дәрумендердің түрлерін ажыратып, адам ағзасындағы маңызын анықтайды. Дәрумендердің жетіспеушілігі немесе артықшылығы кезінде туындайтын өзгерістер туралы ұғымы қалыптасады. |
||||||||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері дәрумендер, суда еритіндер, майда еритіндер, авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаиноз |
|||||||||||||||||||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер |
|||||||||||||||||||||
Талқылауға арналған тармақтар: Дәрумендер суда және майда еритін болып бөлінеді, себебі ... . Дәрумендердің жетіспеушілігі мен артықшылығы кезінде туындайтын өзгерістерді түсіндіре аласыз ба? |
|||||||||||||||||||||
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Сіз неліктен адам ағзасы ауруға шалдығатынын айта аласыз ба? |
|||||||||||||||||||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: Адамның тағам рационында міндетті түрде көкөністер мен жеміс-жидектер болу керек, себебі ... . |
|||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Зайырлы қоғам және жоғары руханият |
||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Химия, |
||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Дүниетану, 4 сынып |
||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7-10 минут |
Жағымды психологиялық ахуал туғызу. «Шаттық шеңбері» Оқушылар қолдарын ұстап, шеңбермен тұрады және бір-біріне жылы лебіз білдіріп, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Топты шағын топтарға топтастыру. 4 түрлі жеміс /алма, банан, апельсин, құлпынай/ суреттерін тарату арқылы топтастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Тапсырма 1. Тамақтану гигенасы тақырыбы бойынша 1 сұрақтан жазыңыз. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Қарлы бұрқасын» Ұйымдастыру формасы: жеке ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды |
Ресурс 1 Жеміс суреттері
Ресурс 2. Ақ парақ, қалам |
|||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 22-25 минут |
Тапсырма 2. Мәтінді оқып, кестені толтыр, жұппен және топпен талдаңыз. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Борт күнделігі» Ұйымдастыру: жеке,жұппен,топпен.
Дескриптор: -Мәтінді толық меңгереді, -дәрумендердің маңызын түсінеді; -Жаңа терминдермен танысады; -Дәрумендердің түрлері мен негізгі топтарын ажыратады; ҚБ: «Қасыңдағы көршіңе бір пікір таңдаңыз» Тапсырма 3. Берілген ресурстарды пайдаланып, кесте бойынша семантикалық карта құрастырыңыз. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Семантикалық карта» Ұйымдастыру формасы: топпен.
Дескриптор: - Дәрумендердің маңызын түсіндіреді, - Дәрумендерді негізгі топтары бойынша ажыратады; - Тағам өнімдеріндегі дәрумендердің сақталу жолдарын жіктейді; ҚБ: «Жетістік баспалдағы» |
Ресурс 3. Оқулық, дәптер,қалам
Ресурс 4. Әртүрлі дәрумендер суреттері, тірек сөздер, ақ парақтар, маркер, бағыттаушы белгілер, стикерлер, «Жетістік баспалдағы» макеті |
|||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 8-10 минут |
Тапсырма 4 Тақырып мазмұны бойынша тақтадағы сұрақтарға жауап беріңіз. Қолданылған әдіс-тәсіл: «Атаулар туралы үш сұрақ» Ұйымдастыру формасы: жеке. Не? /дәрумендердің маңызы/ Қандай? /дәрумендердің түрлері, тәуліктік мөлшері/ Қайда? /тағамдағы сақталу жолдары/ Дескриптор: -Оқушылар меңгерген мәліметтерге анализ жасайды; -тақырып бойынша түсінгендерін жеткізеді; ҚБ: «Социометрия» Кері байланыс: «Бес саусақ» Бас бармақ-Бүгінгі сабаұта ең құнды мәселе қандай болды? Балан үйрек-Мен топта қалай жұмыс жасадым? /кімге көмектестім? кімге риза болдым?/ Ортан терек-Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек-Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек-Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
Үйге тапсырма: Дәрумен сөзіне «Синквэйн» құрау. Ғаламтор желісінен Н.И. Луниннің тәжірибесін зерделеу. |
Ресурс 5. Интер- белсенді тақта |
|||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
-Қияр -В,С тобындағы дәрумендерге бай, жүрек-қантамырлары мен қатерлі ісікке төтеп береді. -Үрмебұршақ -ағзамызға қажетті нәруыз, әртүрлі қышқылдар, каротин,В1,В2,В6,РР дәрумендерге бай. -Шие- бауыр, бүйрек қызметін ынталандырады, қан айналымды жақсартады. |
|
|||||||||||||||||||
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? -Сабақты мақсаты бойынша саралау; -Оқушыларды құрылымдалған топқа топтастыруда мазмұн бойынша саралау, -Жаңа тақырыпты меңгертуде, яғни мәтінмен жұмыс істеп, негізгі ойды ашуда оқу ортасы бойынша саралау; -Шағын топқа тапсырма беру кезінде барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтижелері әртүрлі болады. Сондықтан бұл жерде оқушының білім деңгейі мазмұнға байланысты саралау жүреді; -Тақырыпты бекіту кезінде сұрақтар қою арқылы нәтиже арқылы саралау жүреді. |
Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз? -«Бас бармақ» -«Қасыңдағы көршіңе бір пікір таңдаңыз» -«Жетістік баспалдағы» -«Социометрия» |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау -АКТ мен жұмыс -Топпен жұмыс барысында топ ережесін сақтау,
|
|||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау |
|||||||||||||||||||||
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты) 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты) 1. 2. Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||||||||||||||||
Қосымша 1
Тамақтану гигенасы тақырыбы бойынша 1 сұрақтан жазыңыз
Әр оқушы ақ параққа үйге берілген Тамақтану гигиенасы тақырыбы бойынша 1 сұрақтан жазады да қағазды қар кесегіне айналдырып, бір-біріне лақтырады және өздеріне түскен сұрақтарға жауап береді.
Қосымша 2
Мәтінді оқып, кестені толтыр, жұппен және топпен талдаңыз.
Оқушылар оқулықтағы мәтінді жеке оқып, жұппен және топпен талдайды да берілген кестені дәптерлеріне толтырады. Әр оқушы мәтін бойынша білетін,білмейтін ақпараттарын және болжамдары мен тың ойларын жазады.Болған соң әр топтан бір оқушы шығып күнделіктеріне жазылғандарына қысқаша талдау жасайды. Жұппен бағалайды.
-
Мен білетін ақпарат
Мен білмейтін ақпарат
Болжамдар
Тың ақпарат
Қосымша 3
Берілген ресурстарды пайдаланып, кесте бойынша семантикалық карта құрастырыңызСуда еритіндер
Майда еритіндер
Тағамдағы дәрумен түрі
Дәрумендердің сақталу жолдары
Оқушыларға әртүрлі дәрумен түрлері бар суреттер мен тірек сөздер және кесте құрылған парақ таратылады. Кестедегі тапсырмаға сәйкес дәрумендерді жіктей отырып семантикалық карта құрады.
Қосымша 4
Тақырып мазмұны бойынша тақтадағы сұрақтарға жауап беріңіз.
Оқушылар берілген сұраққа сәйкес тақырып мазмұнына анализ жасайды, өз білімін жинақтап, тиянақтайды
Не? /дәрумендердің маңызы/
Қандай? /дәрумендердің түрлері, тәуліктік мөлшері/
Қайда? /тағамдағы сақталу жолдары/
Қолданылған әдебиеттер:
Адам физиологиясы (1985 жыл) Ф.А.Исмагулова, И.И.Төленбеков, Биология (2012 жыл) Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбеков, А.Соловьева

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген