жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Даярлық топ Жақсы жүрек жылы тілек
Мектеп №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейі
Мерзімі:02.03.2018ж
Тақырыбы: Жақсы жүрек жылы тілек
Құндылық: Сүйіспеншілік, мейірімділік, қайырымдылық
Қасиеттері: Мейірімділік, ізгілік
Мұғалім: Ережеп Қ. Сынып: МАД «Ә» Оқушылар саны______
|
Сабақ мақсаты: Балаларды «жақсы тілек» айтуға үйрету, баулу. Сабақ міндеті: Жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру қайырымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту ізгілікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу |
Ресурстар: |
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Енді нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарымыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Нұр бірте-бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға бағыттаңыз. Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз,. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын…Нұр менің ішімде….Мен Нұрмын!” Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзді ашуға болады. |
Қане, бәріміз біздің
аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап
отырайық. Топ ережесі
|
|
3.Дәйексөз: Балалардың жауаптары мұғалім тарапынан дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді. Мұғалім тақтаға «Жақсы сөз – жан семіртер» деген халық мақалын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді: Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады. |
|
|
4. Әңгімелеу Мұғалім оқушылармен төмендегідей сауалдар төңірегінде әңгімелеседі. . Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар? . Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөлендіңдер? көмектесесіңдер?. |
|
|
5.Сергіту сәті Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік. Тілек. Шөліркемей гүл тұрсын,(Сол
қолын жайып көрсетеді) |
Балаларды барлық уақытта жақсы ой ойлап, жақсы тілек білдіріп жүруге дағдыландыру мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырамын.
|
|
6.Шығармашылық жұмыс
Балаларды 3 топқа
бөлініп тілек айтады. 2 - топ «Аналарға» тілек
айтады. |
|
|
7.Мәтінмен жұмыс Жылы жүрек, жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.
Жақсы ата Ерасыл биыл төртке толды. Оның туған күніне атасы Қуандық пен әжесі Күміс әдемі шана сыйлады. Бірақ ол өздігінен жүре бермейді. Міндетті түрде бір адам сүйреу қажет. Ал ондай адам көбіне-көп табыла бермесі Ерасылдың бір өзіне ғана аян. Міне, бүгін де шанасын сүйретіп, өзін ойнататын адам таппай әлекке түсті. Мамасына айтып көріп еді. Ол: - Қолым тимей жатыр, - дегеннен аса алмады. Әкесі: - Өзің ойнасаңшы, - деп сылап-сипап шығарып салды. Ендігі үміті әжесі Күмісте болатын. « Қырсыққанда қымырын іриді» дегендей, әншейінде айналып-толғанып отыратын әжесі есеп-қисап шығарып, өз бөлмесінен бой көрсете қоймады. Ерасыл ызасы келіп, жыларман болды. Мұның бәрін сырттай бақылап, көріп отырған атасы Қуандық: - Ерасыл, жүре ғой, жүр, құлыным. Мен сені шанаға сүйретіп, мұзға сырғанатып, Аққала жасап ойнатып келейін,- деді. Ерасыл мұндай қуанбас. Сол күні атасы екеуі әбден құмара қанғанша ойнады. Сырғанақ тепті, аққала соқты, шанаға мініп, қырдан оқша зулады. Үйге қайтып бара жатып атасына: Ата, бұл дүниеде Сізден өткен жақсы ата жоқ, - деді көңіліндегі қуанышын жасыра алмай. Құлыным, мен де әлемді жеті айналсам да сендей балдан тәтті немере таба алмаспын, - деді мейірленіп. . Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты? . Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады? . Өздерің жылы жүрекпен жақсы тілек айтқан кездерінді еске түсіріп көріңдер. |
|
|
8. Бекіту Балалар сабақтан алған әсерін тақтада тұрған жүректерге қолдарын қою арқылы білдіреді |
|
|
9. Топпен ән айту «Жаздатамның аулына» Жаздатамның аулына
Б Бір қошақан алдымнан Шыға келді жүгіріп Қ-сы Ақ маңдайлы ай мекен Шекер мекен, бал мекен Жүрмін оны сағынып Қошақаным қайда екен |
|
|
10.Тыныштық сәті (аудиозаписпен тыңдалады) Балалар көздерін жұмады.
-Сендердің
жүректерің - сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн
сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді.
Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Қәне, балалар
жақсылық сезімдерімізді өздеріміздіңата-аналарымызға,
аға-әпкелерімізге, достарымызға, барлық адамзатқа, келген
қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер
шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік. |
|
Тексерілді__________________ДБСЖО. Қ.Саулебекова
шағым қалдыра аласыз






арып едім қыдырып


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген