Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ашық сабақ "Дауыссыз дыбыстар.Қатаң дауыссыздар" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек болады. Өздеріне керекті әдіс-тәсіл ала алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 5

Ашық сабақтың тақырыбы

Дауыссыз дыбыстар. Қатаң дауыссыздар.

Сілтеме

«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2006ж.,мұғалімдерге арналған нұсқаулық, Қазақ тілі оқулығы.

Жалпы мақсаты

Оқушыларға дауыссыз дыбыстар және қатаң дауыссыздар туралы мәлімет беріп, өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің бірінің кедергісіне ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар екенін түсіндіру.

Сыни турғыдан ойлай білуге баулу, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына және сауатты жазуға баулу.

Туған тіл әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, келтірілген мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Оқушылар топқа бөлінуге , білімді меңгеру барысында өз ойларын емін-еркін жеткізе білуге,өзін-өзі басқаруға, көшбасшы болуға үйренеді.

Басқаның пікірін сыйлауды және тыңдауды үйренеді.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білімді тұлға қалыптастыру.

Модульдер

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Әдіс – тәсілдер

Түсіндіру, ортадағы қаламсап, миға шабуыл, сұрақ-жауап, жұппен жұмыс, семантикалық карта.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, логика, музыка, тарих.

Ресурстар

Интерактивті тақта, слайд, видео тыңдалым, үлестірмелі тапсырмалар, кітап.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа зейіндерін аудару;

Құрал - жабдықтарын даярлату;

Оқушыларды түгелдеу;

Психологиялық ахуал ;

Оқушыларға бес саусақтың суреті бейнеленген үш түрлі түсті қағаздар таратылады. Оған оқушылар өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Топқа бөлінеді.



Оқушылар сабаққа көңіл аударады.

Әр оқушы таратылған қағаздың бас бармағына өз атын жазып, жанында отырған оқушыға таратады. Ол оқушы есімі жазылған оқушының бойындағы төрт түрлі қасиетін жазады. Сол түстер бойынша топқа бөлінеді.

І топ «Әліпби»
ІІ топ
«Әріп»

ІІІ топ «Дыбыс»

Үй тапсырмасын сұрау

«Ортадағы қаламсап»  әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

Фонетика дегеніміз не?

Қай тілден енген?

Дауысты дыбыс дегеніміз не?

Қанша дауысты дабыс бар?

Ашық дауысты дыбыс дегеніміз не?

Оларды ата?

Езулік дегеніміз не?

257-жаттығу. Үй жұмысына тексеріледі. Оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сабақ

«Миға шабуыл»

Әліпбидегі әріптердің ретін жатқа білуі арқылы оқушылар

жаңа сабақтың тақырыбын табады

7 – 1 – 26 -37-24-24-37-11-7-37-3-37-24-25-1-23


Жаңа тақырыпты оқушылар топтық жұмыс арқылы түсіндіреді:

І топ Дауыссыз дыбыстар
ІІ топ
Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері

ІІІ топ Қатаң дауыссыздар

Оқушылар «Миға шабуыл» әдісінде әріптердің әліпбидегі реті бойынша сөздерді сөйлетіп, жаңа тақырыпты ашады.

Өздері алдын ала берілген тақырып бойынша әр топ топтық жұмыс орындайды.






















Дағдыландыру жұмыстары

262-жаттығу. Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар. Интерактивті тақтада жазбаша орындалады.

П - б: ...айдасыз, ...аласыз, ...алың, са...тау, қа...ылда, ла...ылда, са...ақ;

Т - д: ба...пақ, қа...ақ, са...ақ, ...ақ, ...абыс,...әрі, ...аналық;

К - г: ә...е, е...ін, кө...тем, кө...ер, ...үл, ...еремет, тө..., тер...еу;

Қ - ғ: қа...аз, қа...ты, ба...дарлама, ...асыр, ...арыш, ...асық, қа...;

С - з: а...амат, ба...тыр, сү...бе, сү...істі, ...ағыз, қа...;

Ш - ж: ша...пау, қа...ымас, қа...қын, ...апырақ, ...иен, ... аттық, ...алтылда.

263-жаттығу.Мәтінді оқып, осындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар. (Бұл тапсырма ауызша орындалады).

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды -дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады.

(Абай)

І топ «Әліпби»

Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз құраңдар және сол сөзге дыбыстық талдау жасаңдар

Р, о, б Қ, ы, а, з, қ

А, ш, а, ғ А, л, а, д

Т, к, е,п е, м І, м, б, л, і

ІІ топ «Әріп»

264-жаттығу. Мына жұмбақтардың шешуін тауып, дыбыстық талдау жасаңдар.

К-ден бастап оқысаң-

Құс атауы қарашы!

Е-ден бастап оқысаң-

Жалқау бала бағасы.

ІІІ топ «Дыбыс»

Жаттығу жұмыстарын орындайды.




Интерактивті тақтада оқушылар кезекпен жазады.












Бұл тапсырмада оқушылар Абайдың он тоғызыншы қарасөзін талдап мазмұнын ашады.


Абай кім? деген сұрақтарға жауап бере отырып, қосымша мәлімет алада.

Сергіту сәті

Абай Құнанбаевтың әні «Көзімнің қарасы»



Бұл сергіту сәтінде оқушылар сергиді, көңіл-күйлері көтеріледі. Бәрі бірге әнді орындайды.

Сабақты бекіту

«Кім жылдам?» ойыны. Екі топ жарысады.

Қима қағаздағы сұрақтарға жауап береді.



Оқушылар сұраққа жауап береді.



Ойында оқушылар екі топ болып жарысады. Көп балапан жинаған топтарға да ынталандыру кәделер таратылады.

Үйге тапсырма

267-жаттығу. Өздерің қалаған дауыссыз дыбыстарды пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңдар.

Үлгі: Таудың табиғаты тамаша.

Талғат, Таңат, Тұрарбек, Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап, таңқурай терді.


Уйде өз беттерінше жұмыс орындайды.

Бағалау




Әр топ басшысы оқушыларды бағалау парақшалары арқылы бағалайды.


Кері байланыс

Рефлексия


«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.02.2019
3698
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12