| Бекітемін: |
|
| Күні: | қазақ әдебиеті | Сыныбы: 9 |
|
| Сабақ тақырыбы | Дулат Бабатайұлы «Өсиетнама» жинағы
|
| Жалпы мақсаты | Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; |
| 7 модульдің қолданылуы | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау. |
| Күтілетін нәтижелер | Дулат Бабатайұлы «Өсиетнама» жинағы,көркемдік ерекшеліктері және сол дәуір замана сипаты туралы білімдерін толықтырады |
| Әдіс - тәсілдер | Түсіндіру, ыстық орындық, ойшақыру |
| Ресурстар | оқулық |
| Сабақкезеңдері | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
| Психологиялық дайындық | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
| Бір- біріне тілек айту
|
Үй тапсырмасын тексеруОй шақыру
| «Ыстық орындық». Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады
| Жауап береді |
Мағынанытану
| Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріңде туып, 1871 жылы дүние салған. Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады. Бұл—ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт — ақынның өзі. Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", — деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар табылады. Дулаттың өлең-толғауларының мазмұны мен тақырыптың ауқымы өте кең және алуан түрлі. Бір өлең немесе толғауда айтылатын ойлар мен идеялар көп жағдайда баска өлең-толғаулардағы ой-сезімдермен үндесіп жатады.
| Өмірі мен шығармашылығын оқиды.Сұрақтарға жауап береді
|
| Ой толғаныс | ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР!1.Шумақтағы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазыңыздар.Әлемді түгел................ де,2.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазыңыздар.3. «Әлемді түгел көрсе де» жырының мазмұны кім туралы? | Оқушылар ауызша жауап береді |
| Үйге тапсырма | Дулат шығармаларын оқу,мазмұндау. | Күнделіктеріне жазып алады |
| Бағалау |
|
| Рефлексия | Сабақтан алған әсерін айтқызу | Ауызша айтады |