жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Дене жаттығуларының ағзаға әсері, адамның қозғалыс қимылдарын басқару..
Сабақтың тақырыбы: Дене жаттығуларының ағзаға әсері, адамның қозғалыс қимылдарын басқару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Студенттерді ептілікке баулып, белсенділіктерін арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау, дене жаттығуларын үйрету.
Дамытушылық:Жаттығуларды орындау барысында ептілік, жылдамдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Дененің дұрыс қалыптасуына жаттығудың маңызы зор екенін түсіндіру,студенттерді өз денсаулығын ағзасын сақтауға тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: АӘД, тарих
Көрнекілік: Керме, гимнастикалық төсеніш
Өтетін жері: Спорт алаңы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірме практикалық
№ |
Сабақ мазмұны |
Уақыт мөлшері |
Әдістемелік нұсқаулар |
І
|
Дайындық бөлімі: Студенттерді сапқа тұрғызу, тақырыппен таныстыру, спорттық формаларын тексеру, қауіпсіздік ережесін ескерту.
|
2мин
|
Сапта тыныш тұру, сұраққа жауап беру. Дұрыс саналу |
|
Белгілі бір қашықтыққа баяу қарқынмен жүгіру және жүру
|
2 мин |
Жаттығуды дұрыс орындау, денені тік ұстау. |
|
Жеңіл жүгіріс:
|
2 мин |
Жаттығуды дұрыс орындау, денені тік ұстау |
|
Жалпы дамыту жаттығулары: Шеңбер жасап тұрып тыныс алу жолдарын жақсартуға арналған жаттығуларды жүргізу.
Басты оңға және солға 4 рет айналдыру. Екі иықты алға қарай және солға қарай 4 рет айналдыру. Б.қ екі қолды кеуде тұсына қойып алға және жанға 4 рет сермеу. Қол белде, белді оңға қарай 4 рет, солға қарай 4 рет айналдырамыз Оң қолды белге, сол қолды жоғары көтеріп, 1-2 дегенде оңға қарай иілу, осы жаттығуды керісінше жасау. Қол тізеде, ішке қарай 4 рет, сыртқа қарай, 4 рет айналдырамыз. Аяқты алшақ ашамыз, 4 рет сол аяққа отырып тұрамыз, 4 рет оң аяққа отырып тұрамыз. Отырып тұру жаттығулары. Оң аяқта 10рет секіру, сол аяқта 10 рет секіру, қос аяқтап 10 рет секіру.
Сапқа тұрғызу. «Мен кіммін?» ойыны. Студенттерден арасынан 4 студентті бір бірлеп шығарып, оларға спорттық ойынның аттары жазылған қағазды таратып беремин. Сол спорттық ойынды студент дене қимылымен көрсету керек. Қалған студенттер қандай ойын екенин табу керек. (үстел теннис, кокпар, т.б ).Ойынды ойнау арқылы сабағымыздың тақырыбын ашайық. Қалай ойлайсыздар? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Кімде қандай ойлар бар? (студенттердің айтқан жауаптарын тыңдап, жаңа сабақтың тақырыбын айту) |
4мин
7-8 рет 7-8 рет 7-8 рет 7-8рет 7-8 рет 7-8 рет 7-8 рет 7-8 рет
|
Барлық жаттығуларды түсіндіріп көрсету.
Жаттғуларды дұрыс орындауын қадағалау.
Биік секіруін қадағалау. |
II. Негізгі бөлім |
|||
|
I дене жаттығу «1» дегенде екі қолды иыққа қою «2» дегенде қолды жоғары көтеріп, сол аяқтың ұшына тұру, «3» дегенде екі қолды екі жаққа созу, «4» екі тізені құшақтап отыру. «5» дегенде қалыпты жағдай
II жаттығу «1» дегенде екі қолды екі жаққа созып кеудені жазып, «2» дегенде екі қолды алдыға созып жартылай отырып «3» дегенде жұдырықты түйіп шынтақты бүгіп кезек кезек шынтақты көтеру.
III жаттығудың орындалу барысы «1» дегенде екі қолды жоғары көтеру «2» дегенде аяқтың үшына қолды тигізу, «3, 4» дегенде саусақтарды айқастырып төменнен-жоғары қарай жартылай шеңбер жасау.
IV жаттығудың орындалу барысы «1, 2» дегенде сол қолмен, сол аяқты қарама-қарсы бағытта сермеу,«3, 4» дегенде оң қолмен,оң аяқты қарама қарсы бағытта сермеу, «5» дегенде қалыпты жағдай.
Ескерту : кермеден алақанды өзіне қаратып ұстау керек екенін есіңнен шығармау. Гимнастикалық төсеніште орындалатын жаттығулар.
|
25 мин
|
Қауіпсіздік техникасын қадағалау.
Жаттығуды көрсету.
Студенттере жаттығуды жасату. Жаттығудан кейін студенттере сұрақтар қою. Бұл жаттығудан кейін денелерініңзде қандай өзеріс байқадыңдар. Бұл жаттығудың пайдасы қандай? Қорытынды сөз айту.
|
III Қорытынды бөлім |
|||
|
1. Организмді бастапқы қалыпқа түсіруге арналған және тыныс жолдарына әсер ететін жаттығуларды жасау. 2.Сабақты қорытындылау. Кері байланыс «3 құндылық». Бүгінгі сабақта қандай нәрсе қызық болды, қиын болды және құнды болды? (студенттер сабақ барысында алған әсерлері бойынша сабақтың қызық тұстарын, қиындық тудырған тұстарын және бүгінгі сабақтан алған құнды мәліметтерін айтып шығады). 3.Студенттердің білімін бағалау.Студенттерге мадақтаулар айтып, бағаларын қою. 4.Үйге тапсырма беру. |
10мин |
Студенттердің тыныс алуын қадағалау.
Студенттерден сабақ туралы кері байланысын алу. Студенттер жауаптарын қорытындылау. Мадақтау. Дұрыс бағалау. |
Пән оқытушысы: Оспанова Э.А

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген