400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, дене шынықтыру, 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пәні, 6 сынып, ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: «Жүгіру, секіру реттілігі.»

Бөлім:

1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жүгіру, секіру реттілігі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақтың мақсаты:

Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ-тың басы


Ұйымдастыру кезеңі: Сапқа тұрғызу. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Спорт секторынан мәлімдеме алу, оқушыларды түгелдеу. Психологиялық ахуал орнату. Сабақтың дайындық бөлімінің мақсаты мен техникалық ерекшелігін ескерту. Оқушыларға техника қауіпсіздік ережесін түсіндіру. Оқушыларға дене қыздыру жаттығуларын жасатту.

Жаттығуларды дұрыс орындауларын қадағалау.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.


Сәлемдесті .

Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру:

Сабаққа белгіленген спорттық формада қатысу;

Кедергі жасайтын бөтен заттарды (қолсағаттарды, сырғаларды, сақиналар-ды,т.б.) алып тастау;

Дене шынықтыру жаттығуларын орындау кезінде сағыз немесе басқа да тағамдарды шайнамау;

Оқу-жаттығу өткізетін жерлерде тазалық пен тәртіп сақтау;

Негізгі жаттығулардың барлығын бой жазу жаттығуларын өткізгеннен кейін жасау;

Оқушыларды топтарға бөлу.

«Смайлик» арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға 2 түрлі «смайлик» таратылады.

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.





Жаңа сабаққа кіріспе


«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.

Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы


(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. Осы кезде биіктікке секіру жаттығуларын орындау барысындағы қауіпсіздік ережелері мен дене қыздыру, қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсері түсіндіріліп, олардың орындалуы көрсетіледі.


(Т, Ж, ҚБ) Сабақтың келесі бөлігінде секірудің орындалу техникасы көрсетіліп, түсіндіріледі. Осыдан кейін білім алушылар топтарға бөлініп, «Аттап басу» әдісі арқылы кіші топтарда биіктікке секіруді үйренеді. «Аттап басу» әдісі арқылы 5-7 адым жасап, 50-70 см биіктікте орналасқан белгітаяқшасынан (планка) секіреді. Екпін алудан итерілуге өткенде және белгітаяқшасынан өткен кезде жеке элементтеріне көңіл бөлінеді. Үйренген әдіс бойынша оқушылар тапсырманы 5-7 рет қайталайды. Тапсырманы аяқтағаннан кейін кіші топтарда өткізілген жұмыс бойынша рефлексия жүргізіледі.

Сұраққа жауап:

Биіктікке секіруге арналған жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері қандай?


Секіру кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

Биіктікке секіруге арналған жаттығу-лардың ағзаға тигізетін әсерін біледі;

Биіктікке секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;











Осы тапсырманың дескрипторлары:

5-7 адымнан тұратын қашықтықтан екпін алады. Екпін алған кезде соңғы адым жылдамдырақ орындалады;

Секіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.


Үлкен бос кеңістік.

ойын алаңы, ысқырық, өлшеуіш, конустар.















Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық, өлшеуіш, конустар.

Аттап басу әдісімен секіру интернет ресурсына сілтеме


Сабақтың соңы


Оқушыларды сапқа тұрғызып, денеге (ағзаға) түскен жүктемені қалпына келтіру жаттығуларын жасату.

Кері байланыс

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма беру:

Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсері.

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары ауызша жауап береді.

Биіктікке секіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінеді.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.02.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі