Материалдар / АШЫҚ САБАҚ ДИНА КҮЙ ШЕРТЕДІ 3 СЫНЫП

АШЫҚ САБАҚ ДИНА КҮЙ ШЕРТЕДІ 3 СЫНЫП

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақстаы жақсы құрылған. әдіс түрлері: жылдам оқу әдісі, пазл әдісі, сұрақ-жауап әдісі, иллюстрация әдісін қолдандым. Функционалдық әдіске құрылған тапсырмалар бар. Кері байланыс әдісі арқылы сабақты қорытындыладым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2024
48
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Автор : Серік Әйгерім Серікқызы
Пән : Қазақ тілі (Т1)
Сынып : з-сынып
Бөлім : Атақты тұлғалар
Тақырып : Дина күй шертеді
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
3.1.2.1.-күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын
мәтіндерді түсіну; 3.1.3.1. – тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сюжет
желісі бойынша иллюстрацияларды орналастыру, кесте толтыру.  
Сабақтың мақсаты: Барлығы:мұғалім көмегімен оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді. Көпшілігі:мәтін мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап береді, тірек сөздерді қолданып, ауызша сөйлемдер құрайды. Кейбірі:оқыған
мәтінді мазмұндайды, өзі білетін ақпаратымен бөліседі.  
Тілдік мақсаттар: атақты, ұлы, дарынды, күйші, күй шерту, ұстаз.
Күтілетін нәтиже: Ауызша тіл және тыңдау көру материалын тыңдау арқылы қарапайым сөйлемдердің мағынасын
түсінеді,шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндайды..
Бағалау критерийлері: Мәтінді мәнерлеп оқиды. Оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Тірек сөздерді
қолданып, мәтінді мазмұндайды.  
Құндылықтарды
дарыту:
өнерді бағалау, атақты адамдардың істерін үлгі тұту
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
Интерактивті тақта, презентация, аудиожазба, плакат, суреттер
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка, тарих
Бастапқы білім: Өнер бөлімі бойынша қорытындылау
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
(8 мин)
Психологиялық ахуал Сәлеметсіз бе балалар! Тақтаға шығамыз, шеңбер
құраймыз. Енді балалар өлеңін жолын бірге айтамыз! Кел, балалар,
ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Қандай сұрақ болса да, Таппай оны
қоймайық. - Балалар, қолымыздағы кішкентай жүректі бір-бірімізге
сыйлаймыз. Жылы сөздер айтып, бір-бірімізге береміз. Мысалы: Мен саған
жүрегімнің жылуын сыйлаймын. Балалар бүгінгі сабаққа көңіл-күйлерін
қандай? Сурет арқылы екі топқа бөліну. 1 топ - домбыра, 2 топ – қобыз.
Балалар, бүгін сабақта топпен жұмыс жасаймыз. Үй жұмысын оқушылар
қасындағы көршісі екеуі бір-бірінің дәптерлерін тексереді.
Қызығушылықтарын ояту Күй ойнайды. Оқушылар кім орындағаның
айтады. Балалар бұл не ? - Бұл - күй. Күйді қай музыкалық аспапта
шертеді? - Күйді домбырамен, қобызбен шертеді. Бұл күйді кім
орындайды? - Балалар, бұл сұрақтың жауабын анықтау үшін қазір ребусты
шешеміз. Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбымыз қандай? Сабақтың
тақырыбы: Дина күй шертеді. Тыңдалым. Айтылым. Дина Нұрпейісова
туралы қосымша мәлімет беру. Балалар, бұл Құрманғазы атамыз Динаның
ұстазы болған. Ол Құрманғазы атаның шәкірті.  


Page 2

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың ортасы
(25 мин)
Бүгін біз сабағымызда 20 - ғасырға көпір арқылы шолу жасайық.
Тапсырмаларды орындау арқылы тарихта ұлы тұлғаларды ұмытпауымыз
керек. Балалар көпірде 4 тапсырма бар. Әр тапсырманы орындау арқылы
мақсатымызға жетеміз. Тапсырмаларды орындау үшін біз ең алдымен
сөздікпен жұмыс жасаймыз. Сөздікпен жұмыс. Атақты – знаменитый ұлы –
великий дарынды – одарённый күйші – музыкант күй шерту –исполнять кюй
ұстаз - наставник Сөздерді хормен айтады. Жеке айтады. Балалар, осы
сөздер арқылы сөз тіркестерін, сөйлем құрастырамыз. Ал енді балалар
бірінші топтан жетекші шығып көпірден тапсырманы алып, дауыстап
оқысың. Тапсырманы орындаған, сұраққа жауап берген оқушыларды
домбыраның суретімен бағалап отырамын, сабақ соңында ең көп домбыра
жинаған оқушылар бағаланады. 1 – тапсырма. Оқылым. Айтылым. Алдымен
оқушылар мәтінді оқып, мазмұнымен танысады: Дина Нұрпейісова –
қазақтың атақты күйшісі. Ол кішкенекезінен күй шертеді. Динаның ұстазы –
ұлы күйші Құрманғазы. Ол дарынды қызға бата береді. Дина ұстазының
жолын жалғастырады. Кейін өзі де күй шығарады. Динаның халық
арасында танымал ірі күйлері – «Бұлбұл», «Науаи», «Өттің дәурен» және
т.б. Оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтың жауабын
өзі қалаған сыныптасынан сұрайды. Осылай оқушылар кезекпен-кезек
сұрақ қойып, жауап береді. Дескрипторлар: - сұрақтарға дұрыс толық
жауап береді; - сөздерді орфоэпиялық нормаға сай қатесіз айтады. Бір-
бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады. Ал, балалар, енді
екінші топтың жетекшісі тақтаға шығып, тапсырманы алып, дауыстап
оқысың. 2-тапсырма. Сөйлем құраңдар. (ЖЖ) Жазылым. атақты ... домбыра
күй ... Дина Құрманғазыдан күй ... ұстазының жолын ... Тірек сөздер:
жалғастырды, үйренеді, тартады, шертеді, күйші болды. Дескриптор :
*тапсырманы түсіне алады; *сөздерден сөйлем құрастыра алады. Сергіту
сәті: би билеу Балалар көңіл-күйлерін қандай? Балалар бірінші топтың
жетекшісі шығып, тапсырманы алып, дауыстап оқысың. 3 -тапсырма.
«Қарлы кесек» ойыны. Балалар әр топтан бір оқушы кәрзеңкеден қағазды
алып екінші топқа лақтырады, екінші топтан оқушы алып, қағазды ашып
сөйлемді оқиды, бірінші топ сөйлемнің дұрыс немесе бұрыс екенің айтады.
Ал екінші топтан бір оқушы шығып, тапсырманы алып, оқысың. Бір-бірін
«Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады. № Сөйлемдер Дұрыс
Бұрыс 1 Дина – қазақтың атақты күйшісі. 2 Дина домбыраны тоғыз жасында
үйренді. 3 Дина Құрманғазыны іздеп келді. 4 Дина Құрманғазыдан күй
шертуді үйренеді. 5 Құрманғазы – Динаның ұстазы. 4- тапсырма.
«Хронологиялық реттігі» әдісі. Балалар әр топ шатыстырған сөйлемдерді
дұрыс рет-ретімен тез жинап береді. Қандай топ тез жинап берсе, сол топ
жеңімпаз болады. Кейін өзі де күй шығарады. Ол дарынды қызға бата
береді. Дина ұстазының жолын жалғастырады. Ол кішкене кезінен күй
шертеді. Динаның ұстазы – ұлы күйші Құрманғазы. Дина Нұрпейісова –
қазақтың атақты күйшісі. Сөйлемдердің дұрыс қойған реттігін тақтаға
шығарып көрсету. Дина Нұрпейісова – қазақтың атақты күйшісі. Ол кішкене
кезінен күй шертеді. Динаның ұстазы – ұлы күйші Құрманғазы. Ол дарынды
қызға бата береді. Дина ұстазының жолын жалғастырады. Кейін өзі де күй
шығарады.   
Сабақтың соңы
(3 мин)
Сабақты қорытындылау. Learning.Apps сайты арқылы бекіту сұрақтарын
орындайды.
Рефлексия
(4 мин)
Кері байланыс «Көңілді вагон». Бүгінгі сабақтан не үйренгендерін жазып,
қалаған вагонына жабыстырады. Балалар, енді жинаған домбыраны
санаймыз. Оқушыларды бүгінгі сабақта жинаған домбыра суреттері
бойынша «өте жақсы», «жақсы», «талпын» деп бағалаймын Үйге
тапсырма: 4-тапсырма және мәтінді мазмұндау.  


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ