Ашық сабақ. Д.Исабеков Әпке драмасы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Д.Исабеков Әпке драмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған ашық сабақ жоспары. Кәдеңізге жарасын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


Бөлім:

3-бөлім: Махаббат және абырой

Педагог аты-жөні :

Күні:


Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Д. Исабеков « Әпке» драмасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

Сабақтың мақсаты

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдай алады.

Құндылықтарға баулу

Ар-ұят құндылығы: Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік, таныту. Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезіну. Адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы























Сабақтың ортасы










































































Сабақтың соңы





Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал

1-тапсырма.

Өткен сабақты қайталау

«Попкорн» әдісі бойынша сұрақтарға жауап бер.

1. Шығарма неге «Әпке» деп аталған?

2. Қамажай өзінің інілері мен сіңлісінің болашағы үшін басын бейнетке тігіп, бар қиындыққа төзеді. Мұның сыры неде?

3. Тимур мен Нәзила арасындағы даулы мәселе қайдан басталды?

4. Омар мен Гауһардың арасындағы қарым-қатынас қалай өрбіді?

5. Қамажайдың бауырларына деген қамқорлығы қандай әрекеттерінен білінеді?

6. Қамажайдың бауырлары не себепті тойға келмей қалды?

7.Қамажай бейнесі сендерге қандай ой салды?

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.

2-тапсырма

Жұптық жұмыс

Шығарманың басты кейіпкерлеріне үш сөйлеммен өз сөздеріңмен мінездеме беріңдер.

Қамажай…………………………………

Омар……………………………………..

Темірбек…………………………………

Нәзила……………………………………

Өзіңді тексер!

1. Қамажай – пьесаның темірқазығы. Ол – жаны нәзік, үлкен сезімнің адамы. Автор бейнелеген Қамажай – жеке басының қамы емес, бауырларын көбіре ойлайтын, жар сүю мен махаббат сезімін аналық сезімге құрбан еткен, соларды жеткізу жолына мүлде берілген, адамгершілік парасаты биік, қоғам алдындағы азаматтық борышын ақтаған замандасымыздың бейнесі.

2. Үй ішіндегі дау-шарға араласпай, үнемі өзінің ғылыми жұмысынан бас көтермейтін Омар - пьесада оқшау шыққан бейне. Ол өзінің ғылыми идеясына біржола берілген, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын, уақытын зая жібермейтін, кісіге жаманшылығы жоқ, ойланбай қимылға бармайтын, артық сөйлемейтін, өзімен-өзі жүрген тұйықтау жан.

3. Әпкесін көбірек «әбігерге» түсіріп, кейде уайымға салып жүретін – Темір. Әке-шешесіз кешкен тірліктің қыспағын арқалап, жұмыс істеп, үйге кіретін азды-көпті тиын-тебенді табатын да осы. Темір қанша бұлқан-талқан болып жатса да кек тұтпайтын, барынша адал, сөзіне берік, досын сүйіндіретін, дұшпанын күйіндіретін кесек қимылдың адамы.

4. Пьесадағы екінші қыз – Нәзиланың бейнесі де сәтті өрнектелген. Ол – еркелеу, тілі удай, бір адамға жетер мінезі бар, өмірге өзіндік түйсік-түсінігі қалыптасып қалған студент жас. Оның әпкесіне болысуы, кейде «мамуля» деп еркелеуі, Темірді ызаландыруы, Омардың қызға икемсіздігіне ренжуі, т.б. көріністердегі әрекеті сәтті шыққан.

Жеке жұмыс

3-тапсырма

1)Үзінді арқылы кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тілдік көріністі талда.

Қабен. Сен жасыңа жетпей егделікке бой ұрмасаңшы. Кәрілік қайда қашады дейсің? Қамажай. Мен сені түсінемін. Бірақ, амалым не? Үйдегі төртеуі төрт азамат болмай, өз басымның қамын ойлауға хақым жоқ. Өз жөнін тауып, әке кетті, талқаны таусылып, шеше байғұс арманда ол кетті. Тағдырдың соққысынан есеңгіреген естерін енді жинап, көкіректерінен қайғы ұмыт бола бастағанда, «Не болсаң, о бол» деп өз жөніме мен кетсем, олардың күні не болмақ? Жо-жоқ, Қабен, кешір мені. Бақытыңа кедергі болғым келмейді. Сенің жолың басқа. Інілерімнің біреуі шығып қалса, ұят болар. Сау бол. Таңертең ерте жұмысқа баруым керек. Өмірімде бірінші

рет (күледі). Балалардың тамағы бар, жуатын киімі бар. О-о, тірлік деген бастан асып жатыр.

2) Берілген үзіндіде автор бейнесі қалай көрінді? Шығармада көтерілген мәселе, тілдік қолданыс, кейіпкерлердің ішкі сезімі, оқиға көріністері арқылы анықтап, талдау жаса.

Кейіпкер мен олардың сөздерін сәйкестендір.

Кейіпкер

КІМНІҢ СӨЗІ?


Қамажай

Ничего, ничего, мамуля. Қуаныш атаулының ойда жоқта

болғаны жақсы. Күнбұрын білген қуаныш - қуаныш емес.



Нәзила

Сонымен, тоқ етерін айтсам, бақыт дегеннің өзін бірнеше салаға бөлуге болады. Отбасындағы, қызметтегі, махаббат, тағы-тағылар саласында...

Қорытып айтқанда, бақыт деген – жеңіс немесе жеңіске

апарар күрес.


Темірбек


Бұрын мына жерде Ом, мына жерде Тим отыратын. Енді бәрі жоқ. Олар бізді енді сағынбайды.


Омар

Теміржан, қой, қарағым. Сені ... сені бөтен деп ...

Тойды жасаймыз, дүрілдетіп тұрып жасаймыз.

Ақша деген табылады...


Ермек

Мінезім солай. Не тапсам да, тілімнен табатын шығармын. Бірақ сені келемеждеп не табам? Мен... бәрін түсінем. Түсінем деп жүріп ештеңе

байқамағына таңғалам... Адам жанының бұл да бір

жұмбақ сыры ғой. Айтқаның дұрыс болды.

Шын жүрегімнен тілектеспін.

4-тапсырма.

 Кейіпкерлер галереясы

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талда.

кейіпкер

сөздері

Қамажай

Нәзила

Омар

Не боп кетті, құдай-ау?! Өң мен түстей

Теміржан, қарындасыңның балалығын кешір.

Япырым-ай, әуре боп жасаған тамақты да іше алмадыңдар ғой.

Әрі жас, әрі көрікті қызды үйіне жалғыс қайтарғанда

өзін қалай сезінеді?

Сонымен, тоқ етерін айтсам, бақыт дегеннің өзін

бірнеше салаға бөлуге болады.

Семьяндағы, қызметтегі махаббат,. Тағы-тағылар саласында.

10-тапсырма (оқулықтан)

Авторлық ескертпелер (ремаркалар) тауып, олардың шығарма мазмұнын ашудағы қызметін анықта.

Рефлексия

Авторға хат жазу үй тапсырмасы

Психологиялық ахуал





Сабақты қайталау мақсатында, «попкорн» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.



Оқушылар шығарманың басты кейіпкерлеріне үш сөйлеммен өз сөзімен мінездеме береді.






























Шығармада көтерілген мәселе, тілдік қолданыс, кейіпкерлердің ішкі сезімі, оқиға көріністері арқылы анықтап, талдау жасайды.
























Кейіпкер мен олардың сөздерін сәйкестендіреді













Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.

Авторлық ескертпелер (ремаркалар) тауып, олардың шығарма мазмұнын ашудағы қызметін анықтайды.



Оқушылар «Білім гүлі» әдісі арқылы не түсінгенін, не қызықты болғанын, нені жетілдіру қажет екендігін жазады.




Оқушылар өз сыныптастары

ның айтқан ойларына «шапалақ» әдісі арқылы қолдау білдіреді.







Дескриптор

Білім алушы

-шығарма кейіпкерлеріне мінездеме береді

-кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тілдік көріністі ажыратады;

-автор бейнесін талдайды;

-өзіндік көзқарасын жеткізеді.












Жеке жұмыс

Дескриптор

Білім алушы

-оқиғаны баяндайды,

-оқиға бойынша не түсінгендерін суреттейді,

-талдау жасайды,

-себептерін көрсетеді,

-өмірмен байланыстыра

ды.


Барлық тапсырмаларды Каспий голд картасы арқылы бағалау





Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл





Қалыптас

тырушы бағалауға арналған


тапсырма

лар жинағы

8-сынып



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2025
259
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі