Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Домбыра аспабында ойнаудың түрлі тәсілдерін меңгере отырып, көркемдеп, мәнерлеп ойнау әдістері" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка пəндеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

С а б а қ т ы ң ж о с п а р ы :



Оқытушы: Алдашев Асылхан

Оқушы: Қазтаева Альбина



Класс : 3

Домбыра сабағы



Сабақтың тақырыбы:



«Домбыра аспабында ойнаудың түрлі тәсілдерін меңгере отырып, көркемдеп, мәнерлеп ойнау әдістері»



Сабақтың мақсаты:



Оқушыға домбыра ойнаудың түрлі тәсілдерін меңгерте отырып, аспапта музыкалық шығармаларды көркемдеп, мәнерлеп ойнау әдістеріне үйрету.



Сабақтың көрнекілігі:



  1. Ашық сабақ тақырыбы

  2. Пайдаланатын кітаптар

  3. Сабаққа қатысты нота жазбалары







Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

Оқушы Жеңісова Аружанды орындыққа дұрыс отырғызып, қолына домбыра беріп, нота жазбаларын алдындағы пультқа қойғызамын.

Ү й тапсырмасын сұрау:

Оқушыға аспапта саусақтарын жатықтыру үшін соль-мажор гаммасын арпеджиосымен саусақтарын дұрыс алып ойнауына бақылау жасаймын.

Мұнан кейін өткен сабақтарда үйретілген Дәулеткерейдің «Құдаша», Сейтектің «Той бастар» күйлерін нотаға қаратып дыбыстарын таза алуын ескертіп, аспапты ойнатамын. Күйлерді ойнату барысында оқушыға қиындық келтіретін ырғақтарына тоқталып өзім ойнап, көрсетемін.

Күйші – композиторлар: Дәулеткерей Шағайұлы мен Сейтектің шығармашылығы туралы айтып, күйлерінен үзінді ойнап беремін.

Д әулеткерей Шығайұлы  1820  жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уакытта ол сол елдегі жеке-жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен-сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX гасырдың орта тұсындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның "Жігер" атты күйінен байқауға болады.

А тақты музыка зерттеушісі, академик  Ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, Дәулеткерейдің туған жиені, Кеңес өкіметінің тұсында өмір сүрген Науша Бөкейханов күйшінің елу шақты күйін тартады екен. Даңқты сазгер туралы, құнды деректер берген де сол кісі көрінеді. Дәулеткерей бала кезінде молдадан оқып, мұсылманша хат таныған. Ресейде білім алып, кейін генерал дәрежесіне дейін жеткен хан Жәңгір Ордада балалардың орысша білім алуына да жағдай туғызыпты. Дәулеткерей орысша үйреніп, оқи да, жаза да алатын болған. Кішкентайынан-ақ оқымысты бала атанған. Домбыраны тамаша орындаушы Мүсірәлі деген күйшіден шеберлікті үйренген. Оның үстіне сұлтандардың қысқы мекеніне айналған Ордаға қырқыншы жылдардың бас кезінде Саратовтан драма және эстрада артистері шақырылады екен. Дәулеткерей орыс және Еуропа музыкасымен жастайынан танысқан деген жорамал бар. Ол орыстың балалайкасында шебер ойнапты. Сондай-ақ гитара мен мандолинаны да тарта білген.

Дәулеткерейдің халық тағдырын, елдің еркіндікке ұмтылу сезімін бейнелеген "Топан", "Жігер" атты күйлері тегеурінділігімен қоса тақсірет көрген ержүрек адамның салмақты, салиқалы тебіреніс-толғанысын бейнелейді.

 Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта үйретілетін Қазанғаптың күйі: «Шыны аяқ тастар».

Ең әуелі Қазанғап Тілепбергенұлының шығармашылық өмірі туралы оқушыға қысқаша түсіндіремін.

Қазанғап екі дәуір аралығанда өмір сүрген (1854 – 1921 ж). Күйші Арал теңізінің жағалауындағы құланды түбегінің Ақбауыр деген жерінде қойшының семьясында туған.

Жалғыз өзі ертеңнен қара кешке дейін қой соңында күн өткізген жас баланың жұбанышы домбырасы болды.

Есейе келе домбырашы болып, өнер қууға бекем бел буады.

Қазанғап Төреш, Орыбай, Құлманяз, Үсен күйшілермен кездесіп, домбыра ойнаудағы шеберлік сырларын көкейіне тоқи береді.

Қазанғаптың күйлері: «Қиту, қиту қайт-қайт», «Учитель», «Бұраң бел Ақжелең», «18 жасар Балжан қыз», «Бозжорғаның бөгелек қағуы» т.б

Қазанғаптың өзгеге ұқсамайтын оң қолының қағыстары, өз мектебі бар.

Оқушыға Қазанғаптың бірнеше күйлерінен үзінді ойнап беремін. Қағыстарының ерекшеліктерін түсіндіремін.

Сөйтіп, жай ырғақпен оқушыға «Шыны аяқ тастар» күйін үйретуді бастаймын.

Үйге тапсырма:

Оқушыға өткенде берілген үй тапсырмасына қоса, бүгінгі өткен Қазанғаптың «Шыны аяқ тастар» күйін бірінші санға дейін жай темпен ырғағын, қағыстарын дұрыс алып уйден аспапта мәнерлеп орындап келу тапсырылады.

Сабақты қортындылау:

Оқушыға бүгінгі өткен сабақта айтылған, үйретілген шығармалар туралы қортынды жасап, үй тапсырмасын орындауына қарай бағалаймын.



П а й д а л а н ғ а н ә д е б и е т т е р :

  1. «Күй қайнары» А. Райымбергенов

С. Аманова

2. «Домбыра үйрену мектебі» А. Жайымов

3. «Ақ желең» А. Райымбергенов

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
4526
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12