жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Допты ойынға қосу" 7 сынып
Мерзімі:
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Допты ойынға қосу (Волейбол)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға волейбол ойнына қызықтыру, қимылын, қозғалысын,
қабілетін, шапшаңдығын арттыру, топ болып ойнау арқылы оларды
бауырмалдыққа, бірлікке, татулыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: волейбол доптары, сетка, ысқырық.
|
Р/с |
Сабақтың мазмұны |
Мөлшері |
Әдістемелік нұсқаулар |
|
|
І.Дайындық бөлімі -12 минут |
||||
|
1. |
а) Сапқа тұрғызу, рапорт беру. Кезекшілік міндет, сәлемдесу. |
1 минут |
Сапқа түзу тұру. Бұйрық беру. Хормен сәлемдесу. |
|
|
|
б) Сабақтың мақсатын түсіндіру. |
|
Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау. |
|
|
|
в) Саптағы жаттығулар «оңға», «солға», «артқа» бұрылу. |
|
Денені түзу ұстап, басты көтере, белді түзу ұстап бұрылу. |
|
|
2. |
Көңіл –күйге арналған жаттығулар: 1. Аяқ ұшымен жүру; 2. Өкшемен жүру; 3.Табанның сыртқы және ішкі қырымен жүру; 4. Қол желкеде толық отырып жүру. |
3-4 рет |
Денені түзу ұстап, қолды иық деңгейінде ұстау. |
|
|
3. |
Жүгіру жаттығулары: 1.Сызықтың бойымен баяу айналып жүгіру 2.Оң қапталымен екі қолды айналдырып жүгіру 3.Сол қапталымен екі қлоды айналдырып жүгіру 4.Бұрыштан бұрышқа бар жылдамдықпен жүгіру 5.Белгі бойынша кері бұрылып артқы жағымен жүгіру 6.Оқушылардың демін шығарып ентіктерін бастыру |
2 рет |
Еркін демалып, бірқалыпты жүгіру. Әрбір жаттығуды әдемілеп талапқа сай орындау. |
|
|
4 |
Ж.Д.Ж 1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз. 2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз. 3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, йығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз 4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз. 5. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа сермейміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз. 6. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз. 7. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ. 8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа отырамыз. 2 – Б.қ. 3 –сол аяққа отырамыз. 4 –Б.қ. 9. Б.қ. н.т. қол тізеде, аяқ иық деңгейінде, тіземізді ішке қарай 4 рет, сыртқа қарай 4 рет айналдырамыз. 10. Б.қ. н.т. қол тізеде аяқ қосылған тіземізді оңға 4 рет, солға 4 рет айналдырамыз. 11. Б.қ. н.т. қол белде оң аяққа 4 рет, сол аяққа 4 рет, қос аяққа 4 рет секіреміз. |
|
Денені дұрыс бұруын қадағалау. Жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау.
Қолды түзу ұстауын қадағалау. Жаттығуларды дұрыс істеуін қадағалау. Денені түзу ұстауын қадағалау. Сапты бұзбауын қадағалау. Дененің дұрыс иілуін қадағалау.
Жалпы сапта тұру жаттығуды орындау кезіндегі қателіктерді айтып ескертіп тұру. Тізенің арасын алшақ ұстап тұру.
Тізені бүкпеуін қадағалау. |
|
|
ІІ. Негізгі бөлім -30 минут |
||||
|
1. |
Допты ойынға қосу Ойыншылар допты ойынға қосудың бірнеше түрін игереді. Бірінші – жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу. Допты шабуылдап ойынға қосқанда қарсы жақтың ойынын қиындатады. Әдетте, допты мұндай тәсілмен беруді меңгеру үшін иық-шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Қарсыластарға допты қатты ұшырып беру үшін қолын сермегенде иық-шынтақ буындары бос қалады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секірумен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу т.б. қасиеттерінің дағдылануына байланысты. Бұл құбылыс дененің үнемі қозғалыста болу қабілеттілігін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау нәтижесінде іске асырылады. Екінші – бүйірден жоғарыдан шабуылдап беру. Бұл әдісте әрине қарсыластың ойындарын қиындата түседі. Бұған да допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосқан сияқты дағдылану керек. Үшінші – допты астынан тура беру. Бұл әдіс допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу сияқты емес, қарсыласына онша қауіп төндірмейді. Берілген бұл допты қарсыластар оңай қайтарады. Төртінші – допты астынан жанамалап беру. Бұл допты да қайтарып беру үшін қарсыластарына қиыншылық тудырмайды. Міне, омындай әдістермен доп ойынға қосылады. Допты ойынға қосуды меңгерту: Волейбол торына қарап тұрып, салмақ орталығын артқы жақта тұрады аяққа ауыстырылады, допты ұратын қол тура күйінде артқа жіберіледі. Допты астынан ұру арқылы ойынға қосып, көрсетілген нүктеге түсіру. |
|
Ойыншы шынтағының буынынан бүгілген келесі қолында допты белінің деңгейінде немесе одан төменірек ұстап тұрады. Допты дәл беру үшін қолды дұрыс ұстауға мән беру керек. |
|
|
2. |
Допты ойынға қосудың тәсілдері: а) допты төменнен тура беру арқылы ойынға қосу; ә) допты төменгі бір жақ жанынан ойынға қосу; б) допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу; в) допты жоғарыдан бір жанынан ойынға қосу; г) допты айналып ұшатын және айналмай ұшатын етіп ойынға қосу. |
|
Оқу-жаттығудың дұрыс және тұтас орындалуына мән беру. |
|
|
3. |
Допты 20-30см. Биіктікке жоғарыға лақтыра сермейтін қолының қозғалысымен допқа соққы беруді орындайды. Ойыншы соққыны орындаған соң доптың артынан созылғандай күйде болады. |
|
Ойыншы соққымен бір мезгілде артқа жағында тұрған аяғын түзу ұстап, салмақ орталығын алдыңғы жағына шығып тұрған аяғына ауыстырады. |
|
|
4. |
Ережемен волейбол ойнау |
|
|
|
|
ІІІ. Қорытынды бөлім -3 минут |
||||
|
1. |
Спорт залды жай жүгіру, сапқа тұру. Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: Үйден доппен жаттығулар жасау. Оқушыларды сапқа тұрғызып хормен қоштасып, спорт залдан шығу. |
|
Саптан шықпай бағыттаушыға жиналамыз. Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларға баға қою, үйге тапсырма беру. |
|


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген