жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Дос болайық бәріміз"
Тәрбие сағаты : «Дос – болайық бәріміз» ( Ойын сабағы)
Мақсаты:
а) Оқушылардың дос туралы түсініктерін кеңейту,олардың бір-бірімен достық қатыныасын нығайту
ә) Оқушыларды адалдыққа,шыншылдыққа тәрбиелеу,менмендік тағы басқа жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
б) Оқушыларды әдепті, тәртіпті, ибалы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік:плакаттар, суреттер, мақал-мәтелдер.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар,бүгін сабағымызға қонақтар келді.Барлығымыз тұрып амандасамыз.
-Балалар, көңіл күйлерің қалай? Қазір, ортаға шығып,шаттық шеңберіне тұрыңдар.Тағы да көңіл күйімізді көтеріп алайық.
Амансың ба, алтын күн
Амансың ба, жер- ана.
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
- Енді,балалар жайлап орындарыңа отырыңдар.
-Балалар, мен сіздерге тапсырма берген болатынмын, 2 топқа бөлініп топ басшысын сайландар деп.Бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше өтеді.
- Себебі, қазір «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.
- Мен сендердің дайын екендеріңді көріп тұрмын.
- Балалар,дайынсыңдар ма?
- Жарайсыңдар.
-Ендеше сіздерді ойынның ережесімен таныстырамын.
-Мұқият тыңдаңдар.Сұрақтарға дұрыс,анық жауап беріңдер.
Ойынның мақсаты:
-Алтын сандыққа жетіп,ішіндегі сыйлықты алу.Алтын сандыққа не арқылы жетуге болады деп ойлайсыңдар?
-Дұрыс айтасыңдар,бапалдақ арқылы жетуге болады.Бұл да жай баспалдақ емес,сиқырлы баспалдақ.Баспалдақтың әрбір сатысының тапсырмалары, сұрақтары бар.Қай топ сұрақтарға дұрыс,анық жауап береді, сол топ алтын сандыққа жетіп, сиқырлы сыйлықтарға ие болады.
-Балалар, бүгінгі сабақ барысында кезекші ы,і дыбыстарына көп сөздер кездеседі.
Дұрыс,анық айтыңдар.
-Ойынның шарты түсінікті болса,ойынды бастайық.
- Дайынсыңдар ма?
- Балалар, сұрақтарды,тапсырмаларды мұқият тыңдаңдар.
- Дұрыс, анық жауап беріңдер.

1.-Бірінші тапсырма:
Таныстыр- деп берілген.Яғни әр топ өзін таныстырады.
-Сіздің топ бастасын.
- Топбасшы кім?
-Сөз кезегі өзіңде.
-Рахмет, келесі кезекті 2-ші топқа беремін.
-Жарайсыңдар, балалар. 1-ші сатының сендерге жақсы тілегі бар.
-Барлығымыз, бірге оқимыз: «Достарың көп болсын».
-Келесі 2-ші сатының тапсырмасын көрейік.
2.-Дос деген кім?
- Дос- ең жақын адам.
-Дос – сыр бөлісетін адам.
-Дос-әрдайым көмектесеін адам.
-Дос- күнде қасыңда жүретін адам.
-Дос-бірге қуанатын адам.
- Дос- сені түсінетін адам.
-Жарайсыңдар, балалар. Сіздер 2-ші сатының да сұрағына жақсы жауап бердің: «Досыңа әрдайым көмектес».
3.Балалар, 3-ші тапсырма: Мінездерін тап деп аталады.( Суретпен жұмыс )

-Барлығың тақтаға қараңдар.
- Мына суреттегі қандай оқушылар?
- Әдепті оқушылыр.
- Ал 2-ші суреттегі ше?
-Әдепсіз оқушылар.
-Қазір мен сіздерге топшамаларды үлестіремін.
-Топшамадағы жазылған әдепті және әдепсіз оқушылардың мінездерін дұрыс анықтап ілулерің керек. Ақылды, адал, салмақты, мейірімді, кешірімді, ұқыпты, әдепті, тәртіпті.
-Ақылсыз, тентек, мейірімсіз, ұқыпсыз, ашушаң, тәртіпсіз.
-Жарайсыңдар,балалар. 3-ші сатыдан да сүрінбей өттіңдер.3-ші сатының
кеңесін, қане, бәріміз бірге оқиық: «Достарыңды ренжітпе».
-Балалар, 4-ші сатының тапсырмасы Жалғастыр деп аталады.

Яғни, 1-ші топ мақал-мәтелдің алғашқы жолын айтады. Келесі топ мақалды жалғастырады.
-Жарайсыңдар, балалар бұл кезеңнен де жақсы өттіңдер.
-4-ші кезеңнің сіздерге ақылы: «Достарыңды кешіре біл».
- Қане, бірге айтайықшы.
- Балалар,5-ші сатыға да келіп жеттік.
-Бесінші сатының тапсырмасы: Досыңа тілек айт-деп аталады.
-Балалар, мынау сіздердің еңбек сабағында жасаған жұмыстарың.
- Мен қазір сіздерге үлестіремін. 1.Достарыңның атын жазасыздар. 2.Досыңа тілек жазасындар.Мысалы: Дана, ешқашан ауырма.
-Балалар, жарайсыңдар. Алтын сандыққа жетуге 1-тапсырма қалды.
Ол Достық шеңбері деп аталады екен. Барлығың ортаға шығып, шеңберге тұра қалыңдар.
- Балалар, менің қолымдағы не?
-Лента.
-Бір-бірден ұнаған түсті лентаны алыңдар.
-Енді, бір ұшын өзің ұстап көршіңе жылы сөз айтып, лентаның 2-ші ұшын көршіңе ұсынасың. Көршісі, рахмет айтып, ары қарай жалғастырады.
Ақылдысың, әдемісің, ұқыптысың, тәртіптісің, жақсысың, сыпайысың, тәртіптісің, мейірімдісің.
-Жарайсыңдар, балалар.
-Балалар, әрдайым бір-біріңмен дос,тату болыңдар.
-Барлығыңда өте жақсы қатыстыңдар, жақсы, анық сөйледіңдер .Сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Екі топ та алтын сандыққа жеттіңдер.
-Елжан, «Жас қыран» тобы сайысқа қалай қатысты?
-Әділет, «Болашақ» тобы сұрақтарға қалай жауап берді?
-Мынау алтын сандықтың сыйлығы.
Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған
мектеп-интернат-кешені
«Дос болайық бәріміз !»
(ойын сабақ)
2012-2013 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген