жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Дос болайық бәріміз! 1-сынып
|
Пәні: Дүниетану |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің есімі: |
||||
|
СЫНЫП: 1 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Тақырыбы: |
Дос болайық бәріміз |
||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
1.1.2.3 мектептегі тəртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру 1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы жəне сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: мектептегі тəртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсінеді. Оқушылардың басым бөлігі: мектептегі тəртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіреді. Кейбір оқушылар: өзін мектеп оқушысы жəне сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттайды. |
||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Дос, достық, қарым –қатынас сөздерінің мағынасын түсінеді. |
||||
|
Ойлау дағдысының деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау |
||||
|
Алдыңғы оқу |
Мектеп ережелері |
||||
|
Бағалау критериі |
1.мектептегі тəртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсінеді. 2. Өзін мектеп оқушысы жəне сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттайды. 3. Адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынасты біледі. |
||||
|
Дескрипторы А: Қарым-қатынас ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсінеді В:Адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас туралы біледі С: Өмірде қарым-қатынас ережесін қолдануға үйренеді. |
|||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Мұғалімнің іс –әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
||||
|
Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут Сабақтың басы |
Психологиялық дайындық Сурет қиындыларымен топқа бөлу -Сендердің суреттеріңе қандай ат қоюға болады? -Олай болса, сурет бойынша қандай ой айтасыңдар? |
Әр қатар игі тілек тілеумен сабақты бастайды. 1-қатар «достар». 2-қатар «отбасы, туыстар» 3-қатар «ұлт өкілдері» туралы ой-пікірлерін айта бастайды? |
Сурет қиындылары
|
|
Сабақтың ортасы
10 минут |
-Достар қандай болу керек? Достық – бұл адамдар арасындағы өзара сыйластыққа, рухани жақындыққа, ортақ қызығушылыққа негізделген қарым-қатынас. Адамның нағыз достары болса, өзін сенімді сезінуіне әсер етеді. Өзіңді басқамен дос болуға немесе өзгені досың болуға мәжбүрлеуге болмайды. Достық өзара сыйластық пен сенімге құрылады. Адам өміріндегі ең қымбатты жандар – бұл отбасы мүшелері. Отбасы – бұл ата мен әже, әке мен ана, аға мен әпке, іні мен сіңлі. Отбасында барлығы бірін- бірі жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, көмектеседі. Сабақтан кейін өзіміздің жылы, жайлы үйімізге қайтамыз. Үйде бізді әрқашан қуана қарсы алады. Адам үшін нағыз достың болғаны да маңызды. Нағыз дос әрқашан жаныңнан табылады. -«Достық» сөзінің мағынасын сұраймын. -«Достық» сөзі нені білдіреді? -«Достық – екі достың бос уақытты бірге өткізуі». «Достық – бұл сыйластық, түсіністік және т.б.» Оқулықпен жұмыс. |
Ойларын ортаға салады.
Достық туралы мақал-мәтелдер айтады.Мақал- мәтелдердің мазмұнын ашады.
«Достық – екі достың бос уақытты бірге өткізуі». «Достық – бұл сыйластық, түсіністік және т.б.»
Оқулықтағы суреттермен жұмыс жасайды |
Суреттер, мақал-мәтелдер
|
|
Сергіту сәті 2 минут |
Музыка ырғарымен қимыл жасауды ұсынады. |
Кезекпен қимылдар жасайды |
музыка |
|
Қызықты тапсырма 6 минут
|
Математика. «Сөзді тап» ойыны. Тақтаға мысалдар жазылған парақшалар ілінеді. 70 – 20 = Қ 35 + 2 = О 20 – 1 = Д 55 + 4 = Т 80 – 80 = С 17 + 3 = Ы |
Басқалардан жылдам орындаған және үш тілде барлық тірек сөздерді дұрыс құрастырған топ жеңімпаз болады. |
Мысал және әріп жазылған парақша |
|
Аяқталуы 5 минут
|
Салыстыру Оқушылардың ұйымшыл болуы үшін «Кім жылдам?» ойынын жүргіземін. Жаттығуды орындағаннан кейін оқушылардан тапсырманы орындауда қандай қиындық болғанын және тапсырманы орындауда не көмектескенін сұраймын. Фигуралар мен әріптерді салыстырту |
Әр топ ешнәрсе айтпай бірінің артына бірі жылдам тұра қалуы және команданың барлық оқушылары бірігіп, шаршы, үшбұрыш, ромб, әріп пішіндерін құруы тиіс. |
Суреттер, плакат, маркер |
|
Сабақтың соңы 2 минут |
1.Достарыңа қандай сөздер айтпау қажет? (дөрекі, ренжітетін) 2.Достар не үшін қажет? (жалғыз қалмау, кеңесу, қиын жағдайларда бір-біріне қолдау көрсету үшін және т.б.) 3.Егер достары болмаса адам не істеуі қажет? (мінезін өзгерту қажет) Рефлексия Бағдаршам |
сұрақтар |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген