Ашық сабақ Дүниетану 1-сынып Менің отбасым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Дүниетану 1-сынып Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып мұғалімдеріне дүниетану пəнінен "Менің отбасым" тақырыбындағы ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пәні :

Дүние тану

Сабақ тақырыбы :

Менің отбасым

Күні :

Мұғалімнің аты-жөні: Қонықаева Қаламқас

Сынып: 1 кл


Ортақ тақырып

Өзім туралы

Бөлімше

Мен және менің отбасым

Сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары :

1.1.1.1.Түрлі дереккөздерді зерттейді, зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсінеді және мәнін түсіндіреді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: «Отбасы» ұғымын түсінеді. Суреттерден коллаж жасайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

«Отбасы» ұғымының мәнін түсінеді.Жасаған каллаж бойынша әңгімелейді

Кейбір оқушылар орындай алады:

«Шежіре» ағашын жасайды .

Бағалау критерийі

  • «Отбасы» ұғымының мәнін түсінді

  • Түрлі дереккөздерді пайдаланады

  • Дереккөздерді зерттей отырып, ағашқа өз «шежіресін» жазады..

  • Өз отбасының коллажын құрастырады;

  • Туыстарына арнап ашықхат жасайды.

Тілдік мақсаттар

Отбасы,шежіре

Құндылықтарды дарыту

Отбасы мүшелерін сыйлауға, бір-біріне деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу,еңбекке баулу

АКТ қолдану дағдылары

Бейне ролик,суреттер

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі:

Сабақтың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар:

Басы

3 минут




Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Қол ұстасын , қане біз

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Қандай жақсы бір болу .

Топқа бөлу Әке,ана,бала сөздері арқылы топқа бөлу.




Ортасы

7 минут







Т.Ж.«Кел, талқылайық» әдісі. Отбасы суретін мұқият қарап, жұпта талқылайды. Өз ойын айтады. Суреттегі адамдарды не байланыстырып тұрғанын және отбасындағы қарым – қатынас туралы айтады.

М.Т. Отбасы шағын мемлекет .Шағын мемлекетті құраушы отбасы мүшелері. Әр отбасында ата, әже, әке, апа, аға, іні, сіңлі сияқты отбасы мүшелері болады. Отбасы – ең жақын туыс адамдар.Отбасындағы қарым – қатынас жақсы болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық мерекелер біріктіреді.

Әр әулеттің өз тарихы бар. Сенің әулетіңнің тарихы – ата – бабаңның өмірі. Отбасының мұндай тарихын – шежіре дейді.

Дескриптор:

-Отбасы мүшелерін атайды.

-Отбасы мүшелерінің орнын анықтайды .

Тапсырмаларды орындаған оқушыларды «Күнім» деген сөздермен марапаттап отырамын .

Picture 2







8 минут




















7 минут

Ж. Ж «Ізден –ойлан» әдісі арқылы «Отбасылық коллаж» жасау Тасырманы бермес бұрын оқушылардан отбасы мүшелерінің суретін әкелуді талап етемін.

Дескриптор:

-фотосуреттерге мұқият қарайды.

-суреттерді ретімен орналастырады.

-коллаж жасайды әңгімелейді .

Оқушыларға жасаған жұмыстарын өзара топтырында «Кімнің жұмысы әдемі көрінеде ? деген сұрақтар қою арқылы жақсы жұмыстарды таңдап алып көрме ұйымдастырамын .Оқушылар жұмысын ескеріп «Құлыным» сөзімен мадақтап отырамын .





«Зерттеу»әдісі ағашы арқылы

ӨЖ. «Шежіре ағашы»

Мәуелі ағаштың тамыры, діңі, бұтақтары мен жапырақтарына өз отбасыңның «шежіресін» орналастыру.Оқушылар ойлана отырып ,зерттеу жүргізе отырып ағаштың тамырына , бұтақтарына ,жапырақтарына өз шежірелерін орналастырады .

Дескриптор:

-Мәуелі ағашқа өз отбасының шежіресін жазады.

-жеті атасын ретімен орналастырады.

Оқушылар жұмысын тексере отырып белсенді оқушыларды «Алтыным»сөзімен мадақтаймын .















Соңы

5 минут













5 минут

ҚБ. «Саусақтарды қозғайық»әдісі арқылы ,қажетті ресурстарды пайдалана отырып туыстарына арнап ашықхат дайындау. Ашықхатқа жылы сөздер жазу


Дескриптор:

-Ашық хатты жасайды.

- Қажетті ресурстарды тиімді пайдаланады.

-Жасаған жұмысын өмірмен байланыстырып әңгімелейді.

Оқушылар жұмысын тексере отырып белсенді оқушыларды «Ботам»сөзімен мадақтаймын.

Рефлексия. Кері байланыс. Ағаш суретін беремін Оның жапырағын боя. Егер қиындық туындаса ,сары түске боя.

Тапсырмаларды сәтті орындаған болсаң , жасыл түске боя.

Егер тапсырмалар орындау кезінде қиындық кездессе.қызыл түске боя ,

Shape2 Shape1

ботам

құлыным



Shape4 Shape3

еркем

алтыным







Саралау

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

«Кел талқылайық» әдісі.
Төмен деңгей.

Отбасы мүшелерін таниды.
Орта деңгей.

Отбасындағы қарым-қатынас жөнінде көбірек айтады.

Жоғары деңгей.

Өз отбасы мүшелерінің орнын анықтайды.

Бағалау

«Кел талқылайық» әдісі арқылы жаңа сабақты ашуда белсенділік көрсетті.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Ізден - ойлан» әдісі

Төмен деңгей.

Суреттерді қарайды, ретімен орналастырады.

Орта деңгей.

Суреттерді ретімен орналастырады, коллаж құрайды.

Жоғары деңгей.

Коллаж құрастырады, әңгімелейді.

«Ізден - ойлан» әдісінде оқушылар жұптасып қызығушылықпен коллаж құрастырды.



«Зерттеу» әдісі

-жоғары деңгейдегі оқушы жеті атасын жазады

-орта деңгейдегі бала жеті ата атауымен жазады

-төмен деңгейдегі бала жеті ата атауларының орнын ауыстырады

Зерттей отырып отбасы шежіресін жазды.


«Саусақтарды қозғайық» әдісі

Төмен деңгей.

Оқушылар ресурстардан ашық хат дайындайды.

Орта деңгей.

Ашық хат жасайды, жылы сөздер жазады.

Жоғары деңгей.

Ресурстардан ашық хат жасайды, өмірмен байланыстырып әңгімелейді.

«Саусақтарды қозғайық» әдісі арқылы

Ресурстардан тиімді жұмыс жасау қабілеті артады.


Сабақта саралау жұмысында кейбір оқушылар мәуелі ағашқа өз шежіресін орналастырды.


Сабақ барысында отбасында айтылатын жылы сөздер арқылы бағаланады. Белсенді оқушыларға тапсырмалар кезінде «құлыным», «күнім», т.с.с. сөздер таратылып, ынталандырылып отырылады.

Критерий:

-жоғары деңгейдегі оқушы жеті атасын жазады

-орта деңгейдегі бала жеті ата атауымен жазады

-төмен деңгейдегі бала жеті ата атауларының орнын ауыстырады


.

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақтың мақсаты мен міндеттері толық орындалды деп есептеймін.

Бүгін оқушылар не үйренді?

Оқушылар отбасы ұғымын түсінеді, дерек көздерді зерттей отырып өз шежіресін жазады.

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?


Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Тапсырмаларды қызыға орындады. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес

болды ма? )

Тапсырмалар сабақ мақсатына сәйкес таңдап алынды. Саралау тапсырмалары толықтай іске асты.

Уақытты қалай пайдаландым?

Уақытты тиімді пайдаланды. Жоспарланған жұмыс түрлерінің барлығы өтті.

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Қабілетті балалардың қабілетін арттыра түсу мақсатында, күрделірек сұрақтар ұсындым.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1729
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі