жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Дұрыс және бұрыс бөлшектер. 5 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
-
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C Жай бөлшектер
(12 сағ)
Мектеп: №36 Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы жом кмм
Күні: 26.10.2021
Мұғалімнің аты-жөні: Боханова М
Сынып: 5 «А»
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.1.1.10
дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату;
Сабақ мақсаттары
Сабақтың соңында оқушылар:
-
дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажыратады;
-
дұрыс және бұрыс бөлшектерді салыстырады;
-
дұрыс және бұрыс бөлшектерді құрастырады.
Бағалау критерийлері
Оқушы
- дұрыс және бұрыс бөлшектер ұғымын біледі;
- дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырата алады;
- дұрыс және бұрыс бөлшектерді құрастырады;
- дұрыс және бұрыс бөлшектерді салыстыра алады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
- бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде және керісінше жазуды түсіндіре алады;
- жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады;
- бөлшектің негізгі қасиетін бөлшектерді қысқартуда және ортақ бөлімге келтіруде қолданады;
- координаталық сәуледе жай бөлшекті кескіндеу алгоритмін түсіндіреді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
-
үлес;
-
жай бөлшек;
-бөлшектің алымы мен бөлімі;
- жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с)
-
дұрыс және бұрыс бөлшектер;
-
бөлшектерді қысқарту;
-
аралас сандар;
-
аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері;
-
бөлшектің негізгі қасиеті;
-
қысқартылмайтын бөлшек;
-
ортақ бөлім;
-
толықтауыш көбейткіш;
бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
- бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады;
- жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді;
- бөлшектің негізгі қасиетін қолданып, ... берілген бөлшектің ... ауыстыруға болады;
-... болғандықтан, ... бөлшегі дұрыс (бұрыс) болып табылады;
- бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде көрсету үшін... керек;
- аралас санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін... керек;
- натурал санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін, ... керек;
- натурал санды аралас сан түрінде көрсету үшін ... керек;
- бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін ... керек.
Құндылықтарды дарыту
Құндылықтарды дарыту бір-біріне құрметпен қарау, бірлесе отырып жұмыс жасау дағдыларын дамыту, академиялық адалдықты қалыптастыру әрекеттер арқылы іске асады.
Пәнаралық байланыстар
География. Жер телімінің жоспарын құрастыру кезіндегі жер телімдерінің ұзындықтарын салыстарғандағы жай бөлшектерді қолдану.
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім
Натурал сан ұғымын білу және натурал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдарды орындай алу.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы 5 мин
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушылардың сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру.
- Бағалау критерийлерін тұжырымдау үшін оқушыларды талпындыру.
Қайталау.
1. Бөлшектерді оқып, олардың алымы мен бөлімін атаңыз:

2. Бөлшектерді өсу ретімен орналастырыңыз:

Оқушылардың бір-бірін тыңдау құндылығы дариды.
Презентация
(слайдтар 1-6)
Сабақтың ортасы
15 мин
15 мин
8 мин
Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс.
Сабақтың берілген кезеңінде құндылықтарды дарыту бір-бірін тыңдау және есту, бір-біріне құрметпен қарау сияқты әрекеттер арқылы іске асады.
Оқушыларға бөлшектер жазылған қиықшалары ұсынылады.
Тапсырма 1. Берілген бөлшектерді екі топқа бөліп, жіктеу себебін түсіндіремін:

Оқушылар берілген сандарды екі топқа бөледі: алымы бөлімінен кем жай бөлшектер және алымы бөлімінен артық жай бөлшектер. Оқушылар алымы мен бөлімі тең бөлшектерді үшінші топқа шығаруы мүмкін. Оқушылар дұрыс және бұрыс бөлшектер анықтамаларын құрастыруға бағытталады. Оқушылар жай бөлшектерді оқиды. Бөлшектерді екі топқа жіктелуінің себебін түсіндіреді, дұрыс бөлшек анықтамасын құрастырады. Қажетті тіркестерді қолданады:
- бөлшектің алымы бөлімінен кем болғандықтан, берілген жай бөлшек дұрыс болып табылады;
- бөлшектің алымы бөлімінен артық немесе тең болғандықтан, берілген жай бөлшек бұрыс болып табылады.
Тапсырма 2.
Берілген 21; 17; 145; 10; 1254; 36978 натурал сандарынан жай бөлшекті құрыңыз. Алынған бөлшек дұрыс әлде бұрыс болып табылады?
Оқушылар есептің шешуін түсіндіреді. Қажетті тіркестерді қолданады:
- берілген натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазу үшін, ... керек
Тапсырма 3.
Суреттің көмегімен құрастырыңыз:
а) дұрыс бөлшектерді:

б) бұрыс бөлшектерді:

Оқушылар дұрыс және бұрыс жай бөлшектердің анықтамаларын бекітеді.
Жаңа сабақты бекіту.
Топтық жұмыс.
Сабақтың берілген кезеңінде құндылықтарды дарыту пікірталас, өз ойын қорыту, пікірін көпшілік алдында дәлелдей білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы іске асады.
Мұғалім оқушыларды жаңа сабақты меңгеру деңгейлеріне байланысты топтарға бөледі (базалық, орта, жоғары).
Әрбір топ өз тапсырмасын алады. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында жаңа ұғымдарды бекітеді: жай бөлшек ұғымы, дұрыс және бұрыс бөлшектер ұғымы, жай бөлшектерді салыстыру, дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату, оларды құрастыру және жай бөлшектерді қолдануға есептер шығару. Әрбір оқушы өзінің «жақыннан даму аймағында» жұмыс істейді, сонымен қатар сыныптастар мен мұғалім оған қолдау көрсетеді.
Тапсырмалар (базалық деңгей)
1. Дұрыс тұжырымдамаларды таңдаңыз.
1) Бұрыс бөлшек әрқашан бірден артық.
2) Дұрыс бөлшек әрқашан бірден кем.
3) Дұрыс бөлшек әрқашан бірден артық.2. Бөлшектер дұрыс болатындай етіп көпнүктенің орнына сандарды жазыңыз:
.3. Төменде берілген бөлшектерден бұрыс бөлшектерді таңдаңыз
.
4. Берілген бөлшектерден қайсысы артық:
және
;
және
;
және
;
және
?Тапсырмалар (орта деңгей)
1.
бөлшегі дұрыс болу үшін
бөлшек алымы қандай болу керек?2. CD мен AB кесінділері берілген:

CD кесіндісінің ұзындығы
a) AB кесіндісінің
не тең;
b) AB кесіндісінің
не тең; c) AB кесіндісінің
на
тең.3. Берілген бөлшектерден қайсысы кем:
және
және
және
және

4. Жеңіл машинаның жылдамдығы жүк машинаның жылдамдығының
бөлігін құрайды.
Егер жүк машинаның
жылдамдығы 60 км/сағ-на тең болса, онда
жеңіл машинаның жылдамдығы қандай?Жауабы: жеңіл машинаның жылдамдығы …..км/ сағ-на тең.
Тапсырмалар (жоғары деңгей)
1.
бөлшегі бұрыс болу үшін
бөлшек бөлімі қандай болу керек?2. CD, AB мен FE кесінділері берілген:

1) CD кесіндісінің ұзындығы AB
Материалды Word форматында жүктеп аласызТарифке кіреді0 ұстаз жүктеп алған13 желтоқсан603Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадаларАттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеуСіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласызМинистірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі -

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген