Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Дұрыс және бұрыс жай бөлшек.Аралас сан"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1C |
Мектеп: №119 орта мектеп |
|||||||||||||
Күні:2.06.2017 |
Мұғалімнің аты-жөні: Көштаева Гүлнара Артелбайқызы |
|
||||||||||||
СЫНЫП:5 |
Қатысқандар : |
Қатыспағандар: |
|
|||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Дұрыс және бұрыс жай бөлшек. Аралас сан |
|
||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.1.1.10 Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату 5.1.1.11 Аралас сан анықтамасын білу |
|
||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
|||||||||||||
Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарды оқи алады; Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарды ажыратады; Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарды жазады. |
||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||||||||||||
Аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдыра алады. |
||||||||||||||
Кейбір оқушылар: Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде және натурал санды аралас сан түрінде жаза алады. |
||||||||||||||
Бағалау критерийі |
|
|||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: -Бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде және аралас натурал сандарды бұрыс бөлшекпен жазуды түсіндіре алады. |
|||||||||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
||||||||||||||
|
||||||||||||||
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер Аралас сан бүтін және бөлшек бөліктен тұрады. |
||||||||||||||
Дұрыс бөлшек алымы бөлімінен кіші болады. |
||||||||||||||
|
||||||||||||||
Алымы бөлімінен үлкен немесе тең болатын бөлшек бұрыс бөлшекке жатады. |
||||||||||||||
Кез келген дұрыс бөлшек 1- ден кіші болады |
||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы,оқушылардың бір бірінің пікірін тыңдауға, өз ойларын ашық, еркін жеткізе білуге тәрбиелеу |
|||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану |
|||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Жай бөлшектер, бөлшектің алымы, бөлшектің бөлімі, жай бөлшектердің негізгі қасиеті, жай бөлшекті қысқарту, қысқартылмайтын бөлшектер туралы түсініктері бар. |
|||||||||||||
Сабақ барысы |
|
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин |
3 мин 2 мин 3 мин 2 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, күндеріне сәттілік тілеу Топқа бөлу «Өз жартыңды тап». Оқушыларға әртүрлі формада қиылған суреттер бейнеленген бөліктер таратылады. Олар басқаларға таратылған осы суреттердің бөліктерін табу арқылы 5 адамнан тұратын «Жай бөлшек», «Дұрыс бөлшек», «Аралас сан» топтарға жинақталады Ой қозғау сұрақтары: -Не себепті тобымызды былай атадық? - Бұл бөлшек сандардың натурал сандардан айырмашылығы неде? «Сұрақ менен, жауап сізден.....» әдісі Өткен тақырыпты еске түсіру оқушыларды 1,2 екі топқа топтастырамыз. 1-ші топ ішкі шеңбер түзеді,2-ші шеңбер сыртқы шеңбер түзіп, ішкі шеңберге қарама қарсы тұрады.Сыртқы шеңбер дегі оқушылар ішкі шеңбердегі оқушыларға бір сұрақ қояды, жауап алған соң, оңға бір қадам жылжып келесі оқушыға басқа сұрақ қояды. Жұптық жұмыс Үй тапсырмасын тексеру «Сен маған-мен саған» әдісі бойынша (дәптермен жұмыс, дәптерлерін алмастырып үй жұмысын тексереді) Жұптық бағалау Парталас көршіңе бір пікір таңдаңыз Жарайсың! Мен сенің жұмысыңа ризамын Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің Тақырыпты ашу Ұжымдық жұмыс Ребус шешу
Оқушыларды жауабы тыңдалады. Оқушыларды бағалау "Смайлик" әдісі 1. Мен үшін тапсырма оңай болды 2. Тапсырманы орындау барысында қиындықтар кездесті |
Түрлі түсті қағаздар, суреттер Ребустар Смайликтер |
|||||||||||
Сабақтың ортасы 27 мин |
5 мин
8 мин
14 мин
2 мин
6 мин |
№1 тапсырма Жұптық жұмыс «Борт күнделігі » әдісі бойынша мәтінді меңгеру. Оқушылар мәтінді жылдам қарап, кесте толтырады. Оқушылар ақ параққа екі бағана сызады.
Кері байланыс -Қай жұптың жауабы ұнады? -Cіздер жауапты қалай толықтырар едіңіздер? Геометриялық пішіндермен бағалау
№ 2 тапсырма Топтық жұмыс «Түртіп ал, түзе, оқы, бақыла» әдісі Электронды оқулық арқылы жай бөлшектердің түрлері туралы көрсетіледі. Түрткі сұрақтар:
Жай бөлшектер- Дұрыс бөлшектер- Бұрыс бөлшектер- Аралас сандар- Кері байланыс «Өзін-өзі бағамдау сауалнамасы»
Оқушыларды «Серпілген сауал» арқылы бағалау № 3 тапсырма Топтық жұмыс (есептер шығару) Джигсо әдісі І топқа № 326 есеп жай бөлшектердің қайсысы 1) дұрыс; 2) бұрыс жай бөлшектер болатынын анықтаңдар. ІІ топқа № 327 есеп , , , , , аралас сандардын оқыңдар.Осы сандардың бүтін және бөлшек бөліктерін атаңдар ІІІ топқа № 328 есеп 1) Екі бүтін бестен үш,2) алты бүтін тоғыздан төрт, 3)он төрт бүтін жүзден үш, 4)жүз бүтін оннан бір,5) жиырма бес бүтін жиырма бестен жиырма үш, 6) алты жүз бүтін жүзден алты сандарын жазыңдар Кері байланыс орнату. 1) Топта жұмыс істеу ұнады ма? 2) Өзге топтың бақылау нәтижелерімен келісесіздер ме? Неліктен?
«2 жұлдыз – 1тілек» арқылы бағалау.
Сергіту сәті «Алақан соғу» ойыны.Оқушылар бұрыс бөлшек аталса, алақан соғады.
Жеке жұмыс №335 есеп 1; 3; 17 натурал сандарын бөлімі 1)1; 2) 2; 3) 3; 4) 100 болатын бөлшектер түрінде жазыңдар.Жазылған бөлшектердің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс болатынын анықтаңдар.
№344 есеп Қалдықпен бөлуді орындаңдар
Берілген есепті, «ПОПС» әдісі бойынша өз пікірімен дәлелдеу, ақпаратпен ұштастыру. 1 – «Менің ойымша...» 2 – «Себебі, мен оны ... деп түсіндіремін » 3 – «Оны мен...» фактілермен,дәлелдермен, мысалдармен дәлелдей аламын
Бағалау: Бас бармақпен бағалау
|
Таратпа кестелер, оқулық
Электронды оқулық,стикер, маркер, плакаттар
Оқулық, дәптер
|
|||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин
|
3+2мин
|
Рефлексия: «Бақыт ағашы» 1.Тамырына-дұрыс, бұрыс және аралас сан туралы ұғым. 2.Бұтақтарына-сабақ туралы пікірлері. 3.Жемістеріне-сіздің тілектеріңіз.
Үйге тапсырма. № 340 есеп Бөлімі ең кіші екі таңбалы жай сан, ал алымдары жай сандар болатын бөлшектерді жазыңдар № 345 есеп Кестені толтыр
|
|
|||||||||||
Қосымша ақпарат Интернет, кітапхана
|
||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
||||||||||||
1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады. 2.Барлық оқушыларға дұрыс,бұрыс бөлшектер және аралас сан ұғымын білуге тапсырмалар беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне дұрыс, бұрыс бөлшек және аралас сандарды ажыратып жазуда олардың білімдерін кеңейту. |
1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара 2 жұлдыз 1ұсыныс беру бойынша жетістіктерін айқындау. 3. Кері байланыс (ауызша) 4. Дайын үлгі жауап 5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану
|
Сергіту жаттығулары Электронды оқулық
|
||||||||||||
Рефлексия Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|||||||||||||
|
||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
Тақырып |
Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер.Аралас сан |
|
Оқу мақсаты |
5.1.1.10 Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату 5.1.1.11 Аралас сан анықтамасын білу |
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Түсіну, қолдану |
|
Тапсырма |
||
№335 есеп 1; 3; 17 натурал сандарын бөлімі 10 болатын бөлшектер түрінде жазыңдар.Жазылған бөлшектердің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс болатынын анықтаңдар. №344 есеп Қалдықпен бөлуді орындаңдар 1000:99 |
||
Бағалау критерийлері |
Дискрипторлар |
|
1.Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажыратады; 2.Аралас сандарды біледі. |
1. Дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандарды ажыратып жазады |
.