Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Дулат Бабатайұлы "О,Ақтан жас, Ақтан жас" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды 5-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Сабақта топтық, жұптық және жеке жұмыстар қамтылған. 5-сынып оқушыларына ой салатындай видеоролик пен тапсырмалар, сұрақтар қарастырылған. Оқушы өзіндік ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Тәрбиенің қайнар бұлағы

Сабақ тақырыбы:

Д.Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі.

Сынып: 5

Қатысқандар

Қатыспағандар

О.д.д.

Білу. Түсіну.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады : Әдеби шығарманың мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады. Әдеби шығарманың тақырыбын ашады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тірек сөздер: Білтелі – мылтықты от алдыратын ширатылған жіп. Сапы – қарудың түрі. Жібектен ызып – жібек матамен көмкерілген.

Диалог құруға, мәтін құруға арналған пайдалы тіркестер: Сүйіспеншілік, әсер, тарихи кезең, ішкі сезім

Талқылауға арналған сұрақтар: Дулат қай ғасырда өмір сүрген?

Дулат қазақ поэзиясына сіңірген еңбегі?

Риторикалық сұрау деген не?

Ақтан жас деген кім?
Ақын Ақтан жасқа қандай үміт артады?
Қалай ойлайсыңдар, ақын үміті ақтала ма?

Алдыңғы оқу

«Асанқайғының жерге айтқан сыны»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы


2 минут




8 минут



Ұйымдастыру: -оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

Сыныпты смайликтер арқылы «Үміт», «Сенім», «Мақсат» топқа бөлу.

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ

Сөзжұмбақ шешу «ДУЛАТ» (Өткен сабақпен байланыстыру)

Жаңа сабақ. Д.Бабатайұлы (1802-1874) «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

Сабақ мақсатымен жетістік критерийімен таныстыру;

Бейнематериал (Шет елдегі жетім балалар туралы көрсету)

Үнтаспадан «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін тыңдату.

Әдебиет теориясынан түсінік.

Риторикалық сұрау (лепті сұрау) деп аталады. Риторикалық сұрау – ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқушы іштей

біліп отырады.


Слайд

Үнтаспа



https://www.youtube.com/user/kazbalalar.




Ортасы




10 минут


1-тапсырма

1-топ

Мәтінмен танысып шығып, ақын тарихтың қай кезеңдерінде өмір сүрді? деген сауалға дәйек келтіре отырып, жауап беріңіздер. Ойларыңызды «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңіндегі негізгі идеямен ұштастырыңыздар. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

Дулат өзінің “елге қорған ер туса” деген идеясын халыққа жеткізу үшін, қазақ-қалмақ соғысы тұсындағы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын жазған. “Еспембет” жанрлық ерекшелігі жағынан батырлық эпосқа жақын. Елдік, елдің батыр ұлдары туралы идея “Еспембеттей ер қайда? Ер күтетін ел қайда”, — деп басталатын ірі туындыда айқын көрініс тапқан. М.Әуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, “Абай” романында жоғары бағалайды. 1947 жылғы ҚКП ОК-нің әдебиет, өнер жөніндегі қаулысындағы Дулатты діншіл, хандық дәуірді, ескілікті аңсаушы кертартпа ақын деген теріс бағадан кейін, 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми конференцияның ұсыныстарында Дулат жөнінде “… творчествосын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын”, — деген саяси қорытынды берілді. Сол себепті “Абай” романында өз атымен берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді. Әйтсе де, Дулат шығармалары хрестоматиялық оқулықтарда, кейбір жинақтарда жарияланып келді. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланды.

Дулаттың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты.

1.«Еспембет» поэмасы қай жанрға жатады?

2.Дулаттың шығармаларын не себепті оқуға қажетсіз санады?

3.Ол өмір сүрген кезең;

4.Дулат қай шығармада Барлас атанды?

2 топ:

Мәтінмен танысып шығып, ақын тарихтың қай кезеңдерінде өмір сүрді? деген сауалға дәйек келтіре отырып, жауап беріңіздер. Ойларыңызды«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңіндегі негізгі идеямен ұштастырыңыздар. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822- 24 жылдары шығарған  Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды,  Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді. Дулаттың образ жасау, өлең өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде жанрлық, стильдік, сонылық таныту ерекшелігі кейін Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан.


1.Дулат шығармаларында көрініс тапқан өмір шыңдығы?

2.Дулат уытты, шыншыл сөздерін кімдерге арнаған?

3.Ол Қазақ Еліне деген сүйіспеншілігін қалай көрсетті?

3-топ:

Мәтінмен танысып шығып, ақын тарихтың қай кезеңдерінде өмір сүрді? деген сауалға дәйек келтіре отырып, жауап беріңіздер. Ойларыңызды«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңіндегі негізгі идеямен ұштастырыңыздар. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген. Орта жүз  құрамындағы  найман  тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және  қолжазба  түрінде таралған. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны -19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін ашына жырлайды.


1.Дулат кім, ол туралы не білеміз?

2.Қай жылдары өмір сүрген?

3.Дулаттың қандай жинағы жарық көрді?

4.Ақын арнау өлеңдерін кімдерге арнаған?

ҚБ

Дескриптор Білім алушы

  • Шығарма мазмұнын біледі;

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады;



Дәптермен жұмыс


















ҚБ «Басбармақ»

























































ҚБ «Басбармақ»


2минут



13 мин



Сергіту сәті «Көңілді күн»

2-тапсырма

1-топ

1.Ақтан жас деген кім?
2.Ақын Ақтан жасқа қандай үміт артады?
3.Қалай ойлайсыңдар, ақын үміті ақтала ма?

2-топ

1.Ақын өлеңді тек Ақтанға арнаған ба?

2.Ақын жастарға бата бере отырып, олардан қандай қандай үміт күтеді?

3.Ал біз қандай болуымыз керек?

4.Ақынның арманы – жастардың болашағы жақсы болу керектігін айту. Жақсы болу үшін не істеуіміз керек?

5.Біздің еліміздің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел болу. Мәңгілік ел болу үшін не істеуіміз керек?

3-топ

3.Ақынның оқулықта берілген өлеңі қандай тәсілмен жазылған?

4.Риторикалық сұраулы сөйлем дегеніміз не?

5.Өлеңде кім туралы айтылған?

ҚБ.

Рефлексия «Ақын үмітін ақтау үшін Ақтан жасқа қандай талап қояр едіңіз?» деген тақырыпта 5 минуттық эссе жазыңыз. Әр топ өз рефлексиясын оқиды.

Дескриптор Білім алушы

  • Шығарма бойынша сұрақтарға жауап бере алады;

  • Тұжырым жасай біледі.


Соңы

5 минут



Мұғалім оқушыларға өз кері байланысын береді, әр топтың жұмысын бағалайды.

Кері байланыс: «Тазалық»

Үйге тапсырма: Д.Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін жаттау.


Қосымша ақпараттар


Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс –

Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).

Биопоэма


Джиксо, миға шабуыл, 5минуттық эссе, кері байланыс «тазалық», биопоэма

Өзін-өзі тану

Тарих



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы

Іске астыма?(тапсырмалар

сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
10782
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12