400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Дулат Исабеков 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дулат Исабеков «Әпке» драмасының идеясы тақырыбында ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті


Бөлім:

Махаббат және абырой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Құттыбай Ақнұр Қонысбекқызы

Күні:

04.03.2026 ж.

Сынып: 8 “Б”

Қатысушылар саны: 19

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Дулат Исабеков «Әпке» драмасының идеясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақтың мақсаты

Көркем  шығарма мазмұнын түсінеді;

Шығарма идеясын табады;

Әдеби шығарма пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

4 минут
















Сәлемдесу.

Қайырлы таң,оқушылар!!

Бүгін біздің аудиториямыз жай ғана сынып емес, үлкен драмалық театрдың сахнасы іспеттес. Сәлемдесудің ең әдемі түрі — күлкі. Кәне, бәріміз бір-бірімізге күлімсіреп қарайықшы!

Енді осы жылы жүзбен сабағымыздың ұранын бірге айтайық:

«Оқимыз — тоқимыз, талдаймыз — таңданамыз!» > Бүгінгі «Әпке» драмасы бізге өмірлік сабақ болмақ.

Дайынбыз ба? Жақсы, онда сабағымызды бастайық!

Бүгінгі сабақтың тақырыбы – Д.Исабеков “Әпке” драмасы

«Қамажай», «Тимур», «Омар» топқа бөлінеді.(кейіпкер есімдері жазылған парақшалар арқылы)    

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Алақан жылуы» әдісі. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын бақылау.
Бүгін біз жұмыс барысын үш топта жалғастырамыз. Ол үшін менің қолымдағы
парақшалар арқылы топтарға бөлінеміз. Әрқайсың таңдау жасайсыңдар, таңдаған параққа қарай топқа қосыласыңдар.

1-топ:«Қамажай»

2-топ:«Тимур»

3-топ:«Омар»

Сабақ бастамас бұрын «Алақан жылуы» әдісін қолданамыз.Балалар, кәне, бәріміз орнымыздан тұрып, шеңбер құрайықшы. Енді алақандарымызды бір-біріне тигізбей, жақындатып ұстайық. Ортада лаулап тұрған үлкен от бар деп елестетіңіздер. Ол — Қамажайдың мейірімі, ол — бауырдың махаббаты.Енді сол жылуды алақанымызбен алып, жүрегімізге басайық. Сосын қасымыздағы досымызға қарап: «Мен саған бауырдың жылуын тілеймін», «Сенің жүрегің мейірімге толсын» деп ең ыстық лебізімізді білдірейік. Осы жылу бүгін бізге сабақ бойы серік болсын».

😊

Бір-бірімізге ыстық лебіздерімізден топтар өзара сәлемдесіңдер!

Сабақтың тақырыбын болжату.

«Ой қозғау» әдісі. 

 Тақтаға драмадан үзінді шығарылады: 

 «...Сендер үшін мен өз бақытымды құрбан еттім. Сендер ержетсін, адам болсын дедім. Өз қызығымды сендердің қызықтарыңа айырбастадым...» 

 «Балалар, мына сөздерге назар аударыңыздаршы. Бұл сөздер кімнің аузынан шығуы мүмкін? Бұл адам кімге және не үшін ренжулі деп ойлайсыздар? Оның бойындағы басты қасиет қандай?»


1.Сабақ тақырыбы :Д.Исабеков «Әпке»драмасы

2.Оқу мақсатымен таныстырамын.

3.Сабақ мақсатымен таныстырамын.
















Топ ережесін сақтайды.


























Сабақтың тақырыбын болжайды

Оқу мақсатымен танысады.

Сабақ мақсатымен танысады.


Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!













Слайд №1





Оқулық

8-сынып



Сабақ ортасы

5 минут































Жаңа сабақ

17 минут












Пысықтау

14 минут





















«Әпке» драмасы туралы бейнефильм (ЖИ видео)тыңдатылады

Бейнефильм мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі:

1.«Әпке» кім/кімдер туралы шығарма?

-2. «Қанатымен су сепкен қарлығаштай» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

3.«Әпке» өзінің қоғамдағы актуалдылығын жоғалтпаған екен. Оның себебі неде?

-4. Жазушының «Әпкені» жазуына не түрткі болды? 

 

Жауабы;

1. Ата-анасынан ерте айырылған бес бауырдың тағдыры және оларға ана орнына ана болған Қамажай туралы.

2. Бұл — Қамажайдың бауырлары үшін жасаған шексіз жанқиярлығы мен қамқорлығының белгісі.

3. Себебі отбасы бірлігі, бауырмалдық пен сыйластық мәселелері — кез келген заманда маңызды мәңгілік құндылықтар.

4. Қоғамдағы бауырмалдықтың азаюы және қазақ әйелінің отбасы алдындағы ауыр жауапкершілігін көрсету мақсаты.




Топтық жұмыс

1-тапсырма. Оқушыларға “Сендвич”әдісі арқылы тапсырмалар беріледі.

1-топ: «Уақыт машинасы: Болашақтан хат»

Елестетіңіздер, арада 20 жыл өтті. Кішкентай інісі Ермек ержетті. Ол бүгін өзінің балаларына Әпкесі (Қамажай) туралы айтып беріп отыр.

Ермектің атынан Қамажайға «Алғыс хат» немесе «Естелік күнделігін» жазыңыздар.

 2-топ.«Дилемма аралы» (Интервью)

Бір оқушы — Журналист, екінші оқушы — Қамажай, үшінші оқушы — Омар.

Журналист оларға өткір сұрақтар қояды: «Омар, неге сіз үшін пәтер әпкеңіздің мейірімінен қымбат болды?», «Қамажай, өз бақытыңызды құрбан еткеніңізге өкінбейсіз бе?».

Оқушылар кейіпкердің позициясын қорғап жауап беруі тиіс.

3-топ«SWOT-талдау» (Қамажай бейнесі)

Тапсырма: Қамажайдың бауырлары үшін жасаған құрбандығын 4 жағынан талдаңыздар:

S (Күшті жағы): Оның төзімі, мейірімі, аманатқа адалдығы.

W (Әлсіз жағы): Бауырларын тым еркелетіп жіберуі, өз бақытын ұмытуы.

O (Мүмкіндіктер): Егер бауырлары түсінсе, отбасы қалай өзгерер еді?

T (Қауіптер): Қазіргі қоғамда Қамажай сияқты жандардың жалғыз қалу қаупі.


Жеке жұмыс.

2-тапсырма. «Құндылықтар пирамидасы» .

Төмендегі ұғымдарды маңыздылығына қарай пирамидаға орналастырып, неге бұлай таңдағаныңызды 1 сөйлеммен негіздеңіз:

1.Жеке бастың бақыты.

2. Қара шаңырақ (отбасы бірлігі).

3. Мансап пен ақша.

4. Ата-ана аманаты.



Жұптық жұмыс

3-тапсырма. «Венн диаграммасы: Екі Әпке» (Салыстыру жұбы)

Драмадағы Қамажай бейнесі мен бүгінгі күндегі «Заманауи әпке» бейнесін салыстырыңыздар.

1-ші шеңбер: Қамажайға ғана тән қасиеттер (төзім, құрбандық).

2-ші шеңбер: Бүгінгі әпкелерге тән қасиеттер (мансап, еркіндік).

Ортасы: Ортақ қасиеттер (мейірім, қамқорлық, бауырға деген жанашырлық).


Сабақты бекіту. «Wordwall» платформасымен жұмыс.

"Әпке" драмасы бойынша сұрақтарhttps://wordwall.net/resource/81660704





















Сұрақтарға жауап береді















«Сендвич» әдісі







Оқушылар топтық жұмыс орындайлы

1топ— уақыт машинасы

2топ – интервью,

3топ— swot талдау.

Ұсыныс, тілектерін айтады.












Оқушылар жеке жұмыс орындайды.





























Дескриптор :

1-топ:

-Кейіпкердің сезімін (пафосын) жеткізе алады.

-Ұлттық құндылықтарды өмірлік сабақ ретінде сипаттайды.

2-топ:

-Кейіпкерлердің іс-әрекетіне логикалық тұрғыдан баға береді.

-Шығармадағы адамгершілік мәселелерін ашады.

3-топ:

-Кейіпкер бейнесіне жан-жақты баға береді.

-Ұлттық тәрбие мен қазіргі қоғам мәселелерін байланыстырады.







Дескриптор:

-Құндылықтарды маңызына қарай жүйелейді.-1б.

-Ұлттық мүдде мен адамгершілік тұрғысынан дәлел келтіреді.-1.б

2балл




Дескриптор:

-Кейіпкерлердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады.-1б.

-Ұлттық тәрбиенің сабақтастығын көрсетеді.-1б

2балл



https://vt.tiktok.com/ZSHFMySQg/
























Дәптер,постер

Слайд





































Сабақтың соңы

3 минут
















2 минут

.


Үйге тапсырма: “Әпке”драмасын оқып келу

Бағалау


Рефлексия жасайды.

Үйге тапсырма алады.


10 балдық жүйемен ҚБ қойылады.




Білім алушы практиканттың қолы/Подпись студента практиканта______________________________________________

Педагогикалық практика жетекшісінің қолы/подпись руководителя практики___________________________________

 

 







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.08.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі